Саба? Шатты??а толы ж?рекпен(1-сынып)


Өзiн-өзi тану сабағы
Мектеп: Шилібастау орта мектеп мектеп МДШО КММ Мерзiм: №1
Тақырып: Шаттыққа толы жүрекпен
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: сыпайылық,мейірімділік
Мұғалiм: Сарсебаева Жанар Алтынбековна
Сынып: 1 Оқушылар саны: 12
Сабақтың мақсаты: балалардың өзін-өзі тануына, адамгершілік құндылықтарын үйренуіне ықпал ету.
Міндеттері:
- «өзін – өзі тану» пәні туралы түсінік беру;
- мейірімділік қасиетін дамыту;
- бауырмалдыққа тәрбиелеу. Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
«Орманға саяхат»
Отырыңыздар, арқаны түзу ұстаңыздар, көздеріңізді жұмып, терең тыныстаңыздар. Әр тыныс алған сайын көбірек босаңсуға және тынышталуға тырысыңыздар. Біз қазір орманға қыдыруға барамыз. Елестетіңіздер, сіздер сынып есігіне жақындап келе жатқандарыңызды, есікті ашыңыздар, дәлізбен жүріп келесіздер міне далаға шықтыңыздар. Таза ауаны жұтасыздар, шаштарыңызға желдің соққанын беттеріңізге күннің жеңіл қыздырған жылы лебін сезесіздер. Орман жаққа бет алыңыздар. Сақ болыңыздар, жүріп келе жатып жәндіктерді басып кетпеңіздер. Бір минут тоқтап жан-жақтарыңызға қараңыздар. Табиғаттың сұлулығы мен балғындығын сезесің. Қандай да болмасын бір гүлге жақындаңыз. Иіліңіз және оған мұқият қарап оның нәзіктігін қараңыз. Иіскеп оның хош иісінен тыныстаңыз. Ары қарай жүріңіз, айналаңыздағының бәрін байқаңыз. Гүлдер, гүлдің, ағаштың иістері, құстардың әні, жәндіктердің ақырын ызыңы. Орманға сүңги түсіп қараңыз, ағаштар одан бетер биік және көбірек. Жарық пен көлеңкенің ойынын тамашалаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыздар. Орман ішінде біз өзімізді бақытты және қауіпсіз сезінеміз. Біз тоғай ішіндегі алаңқайға шықтық, біз бұл жерде бірнеше минут демаламыз. Сіз астында демалғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындап келіңіз оның бұтақтарынан қолыңызбен ұстаңыз. Оның мықты екенін сезініңіз, оның бойында өмір қуатының бар екенін түйсініп, сезінуге тырысыңыз. Енді оның астына отырыңыз, оның бұтақтарына арқаңызды сүйеңіз. Көзіңізді жұмыңыз, терең демалыңыз және айналадағы тыныштыққа назар аударыңыз. (Бұл жерде мұғалімнің 1-2 минут кідіріс жасауына болады). Бізге бақыттың қандай екенін, қандай жеңіл екенін сезінеміз. Табиғат қандай тамаша және біз оны қалай сүйіп, қалай құрметтеу керек екенін, оны қорғау керектігін, бірде-бір тіршілік иесіне зиян келтірмеуді түсінеміз, есте сақтаңыздар бұл сіздердің және ағаштарыңыз, кез-келген уақытта сіздердің оған оралуларыңызға болады. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыздар. Тұрыңыздар да жан-жақтарыңызға тағы бір көз тастаңыздар. Жайлап артқа қарай бағанағы соқпақ жолға жолдағы жәндіктерді басып кетпей оралыңыздар. Міне, біз мектептің есігіне келдік. Жан-жақтарыңа тағы бір қараңыздар, терең таза ауамен тынысалыңыздар, есікті ашып, өз орындарыңызға оралыңыздар. Өздеріңізде осы сезімді, тыныштықты және қанағаттанушылықты сақтаңыздар. Көздеріңізді ашыңыздар және күлімсіреңіздер! Ескертулер
үнтаспа
Үй тапсырмасын тексеру
«Өзін-өзі тану еліне саяхат» атты сурет бойынша әңгімелесу.
1.«Өзін - өзі тану» дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Тіл табыса білу дегенді қалай түсінесіңдер? оқулық
Дәйексөз:
Өмірді тану өзіңді танудан басталады. нақыл сөз
Оқиға айту. Мұғалім сыйы
Әдепті бала дегенді қалай түсінесіңдер?
Сендер кімге қамқор бола аласыңдар? Мөлдір бұлақ журналы
Шығармашылық жұмыс
«Сәлем саған мектебім» тақырыбында әңгіме құрастыру. Топпен ән айту
Әнші балапан
Сөзін жазған: Қ.Қазыбекұлы
Әнін жазған: М.Омаров
Білім, ғылым, өнерге,
Қанат қағар кездерің.
Ата салтын ертеңге
Жеткізетін өздерің,
Жеткізетін өздерің!
Қайырмасы:
Әнші, биші, әнші балапан,
Әнші, жыршы, күйші балапан.
Әнші, биші, әнші балапан,
Әнші, жыршы, күйші балапан. интернет желісі
Үй тапсырмасы
Қамқорлық жайында әңгіме құрастырып келу. оқушы дәптері
Соңғы тыныштық сәті Баяу музыка қойылады. Балалар көздерін жұмып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ой елегінен өткізіп, жаман қасиеттерден бойын аулақ ұстап, жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтап алыңыздар.