?дебиеттік о?у бекзат саттарханов


Сабақтың тақырыбы: Қыдырбек Рысбекұлы «Бекзат»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға олимпиада чемпионы – Бекзат Саттарханов жайында мәлімет беру, мәтіндегі негізгі идеяны ұғындыру;
Дамытушылығы: әр түрлі ой дамыту стратегиялары арқылы өздік жұмыс істеуге,ізденуге,творчестволық ойлануына ықпал ету;
Тәрбиелігі: Бекзаттың жеңісі арқылы балаларды жақсы қасиеттерге тәрбиелеу,Отанын,елін,жерін сүйетін ұлтжанды азамат болуға үйрету.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,топтастыру,жұппен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар,слайд,интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
Қуан, шаттан! Қуан, шаттан!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң,қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
||.Үй тапсырмасын сұрау.
«Гиннес кітабына кірген қазақ» Н.Жүсіп
Үй тапсырмасын бекіту:
«Ия,жоқ» ойыны.
*1995 жылы тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
*Гиннес кітабы – алғаш рекорд жасаған адамдардың есімі кіретін кітап.
*Тоқтар Әубәкіров Гиннес рекордтар кітабына енгізілген жоқ.
*Темір тұлпарды мінген нағыз батыр Тоқтар Әубәкіров.
*Рекорд – еңбекте,спортта қол жеткен ең жоғарғы табыс .
Ой қозғау.
«Чемпиондар» әнін тыңдату.
|||.Жаңа сабақ. Қыдырбек Рысбекұлы «Бекзат»
-Автормен таныстыру.
-Бекзат туралы түсіндіру.
Бекзат Сейілханұлы Саттарханов  ( HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/4_%D1%81%D3%99%D1%83%D1%96%D1%80" \o "4 сәуір" 4 сәуір,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/1980_%D0%B6%D1%8B%D0%BB" \o "1980 жыл" 1980 жыл,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D2%AF%D1%80%D0%BA%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD" \o "Түркістан" Түркістан,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD" \o "Қазақстан" Қазақстан -  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/31_%D0%B6%D0%B5%D0%BB%D1%82%D0%BE%D2%9B%D1%81%D0%B0%D0%BD" \o "31 желтоқсан" 31 желтоқсан,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/2000_%D0%B6%D1%8B%D0%BB" \o "2000 жыл" 2000 жыл,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D1%8B%D0%BC%D0%BA%D0%B5%D0%BD%D1%82" \o "Шымкент" Шымкент,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD" \o "Қазақстан" Қазақстан) – қазақстандық  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%BE%D0%BA%D1%81" \o "Бокс" боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/2000_%D0%B6%D1%8B%D0%BB" \o "2000 жыл" 2000 жылы өткен Сидней  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D0%BB%D0%B8%D0%BC%D0%BF%D0%B8%D0%B0%D0%B4%D0%B0" \o "Олимпиада" Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы (57 кг дейін). І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері.
-Бекзаттың жеңісін бейне таспадан көрсету.
Оқулықпен жұмыс.
-Оқушылар тізбектеп оқиды.
«Түртіп алу» стратегиясы бойынша 3 қатарға тапсырма беріледі.
1-қатар
Бекзаттың қарсыласының осал емес екендігі туралы айтылған жерді тауып оқы.
2-қатар
Бекзаттың қимылы суреттелген жерді тауып оқы
3-қатар
Мәтіннің соңғы азат жолын дауыстап оқып , мақалдың мағынасын аш.
Сөздік жұмыс:
Баһадүр-батыр
|V.Сергіту сәті орындалады.
Дәптермен жұмыс.
Бекзат Саттарханов –қазақ боксшысы. Ол 20 жасында бокстан Олимпиада чемпионы атанды.

Шығармашылық жұмыс. «Сағыныш хат»
Кейіпкерге хат жазу.
V.Сабақты бекіту.
-Мәтін бойынша сұрақтар беру.
V|.Үй тапсырмасы.225-226 бет оқу,мазмұндау
Тағы қандай спорт жеңімпаздарын білесің?
Спортшылар туралы мәліметтерді жинақтап кестені толтыру.
Спортшы Күрес Бокс Ауыр атлет Жеңіл атлет
V||.Бағалау.