Ашы? саба? 5 сынып ?здік информатиктер-2016


Сабақтың тақырыбы: «ҮЗДІК ИНФОРМАТИКТЕР – 2016!» интеллектуалды сайысы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі: Оқушыларға XXI - ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру жолдарын жетік үйрету. Информатика пәніне деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
2.Дамытушылық:Оқушылардың білімін жетілдіре отырып, логикалық ойлау қабілеттерін, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін дамыту.
3.Тәрбиелік: Әрбір оқушыны тиянақтылыққа, өзіне-өзі талап қоя білуге баулу.Сабақта қауіпсіздік техникасын орындату.
Сабақтың түрі: Сабақтан тыс сайыс сабағы
Сабақтың түрі: сұрақ-жауап,практикум,өз бетінше жұмыс,топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайд, таратпа материал, компьютер.
Өтілу барысы:
I.Ұйымдастырушылық кезең
Сәлемдесу
Түгендеу
Оқушыларды сайысқа шақыру
II. Сайысты өткізу бағдарламасымен таныстыру
Әділқазылар алқасымен таныстыру
Сайысты өткізу
Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы
Марапаттау
Жоспары :
І кезең: «Таныстыру» сайысы (Топтың таныстыруы)
ІІ кезең: «Құпия жәшік» сайысы (топтық сұрақ – жауап)
ІІІ кезең: «Венгр» сөзжұмбағы
ІV кезең: «Қызықты лото» ойыны
V кезең: «Кім жылдам» сайысы
VІ кезең: «Үздік оператор» топбасшылар сайысы
VІІ кезең: «Сәйкесін тап!» сайысы
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар! Сіздермен бірлесе отырып 5 – сыныптар аралығында өткізгелі отырған «Үздік информатик - 2016» атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер! Осындай екпінді ду қол шапалақпен сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайысымызды бастамас бұрын осы сайысымызға әділ төрелігін береді деген үмітпен шақырылған  әділ-қазыларды таныстырайын.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Маржан Абуғалиқызы
Әдістемелік бірлестік жетекшісі : Қарлығаш Жандарбекқызы
География пәнінің мұғалімі: Бақытгүл Илеубайқызы
Тойлатып, додаласып, өлеңдесіп,
Достарым отырсың ба елеңдесіп.
Ата-салт, баба дәстүр жолыменен,
Алайық біз әуелі сәлемдесіп-дей отырып сайысымыздың 1-ші кезеңі «Таныстыру» сайысын бастаймыз.Сайыскерлер өздерін таныстырады. (2-3 минут уақыт беріледі).
1-ші топ Алғырлар тобы 2-ші топ Тапқырлар тобы
Ендеше сайысқа қатысушы топтар өздерін таныстырып өтсе:
1. Топтарды таныстыру:
1- топ : «Алғырлар» Ұрандары: Алғырлар алға. Қарсыластан қалма Батылдыққа баста.Жарыстардан қашпа!
2- топ: « Тапқырлар» Ұрандары: Біз тапқырлар тобымыз.Ойланамыз, табамыз Жеңіске біз талпынамыз.
ІІ кезең: «Құпия жәшік» сайысы. Бұл бөлімде сайыскерлерге жәшіктерде жасырылған сұрақ қойылады.Әрбір дұрыс жауапқа таңдаған ұяшық ұпай беріледі.
...- бұл ақпаратты алу,жинақтау, сақтау,түрлендіру,жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым (Информатика)
1 байт нешеге тең? (1байт=8 бит)
Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)
Көзден экранға дейінгі арақашықтық неше сантиметрден кем болмауы керек? (55-65 см)
Компьютердің неше түрі бар? Атап шық. (4 түрі бар: суперкомпьютерлер,үлкен компьютерлер,сервелер,дербес компьютерлер.)
Дербес компьютердің түрлерін атаңдар? (үстел үсті компьютері, алып жүретін компьютер, алақан компьютері)
Дербес компьютер неше бөліктен тұрады және анықтамасын беріңдер? (3 бөліктен тұрады: монитор-ақпаратты шығару құрылғысы, пернетақта-ақпаратты енгізу құрылғысы, жүйелік блок-ақпаратты өндеу және сақтау құрылғысы.)
F1-F12 пернелердің пернетақта бөлігін атаңдар. (функционалдық пернелер)
Ақпарат тасығыштарды атаңдар. (қатты диск-винчестер, жұмсақ диск-дискета, лазерлік дискілер-CD,DVD, флеш-жады)
ІІІ кезең: «Венгр» сөзжұмбағы деп аталады. Ұсынылып отырған сөзжұмбақтан информатикаға байланысты сөздерді табу керек.
Ф А Ю П Р И Н Т Е Р Н Ө
Л Ъ С К А Н Е Р Ғ А Ы К
Е Х Ц О М О Н И Т О Р Г
Ш Ы П Е Р Н Е Т А Қ Т А
К С Е Р Ы Э Т Ы Ш Қ А Н
А Я Д И С К Е У І Ұ Ң Ө
30359354705350ІV кезең: «Қызықты лото» ойыны деп аталады. Ұсынылып отырған ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап беру .

Білімнің ұшқырлығы ғылым деген ,
Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен
Уакыт деген зымырап, зулап жатыр
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
V кезең: «Кім жылдам?» сайысын бастайық. Бұл бөлімде барлық командаға жұмбақ жасырылады. Әрбір дұрыс жауап берілген жұмбаққа 5 ұпайдан.
1. Графикалық ақпаратты енгізу құрылғысын көрсет-сканер
2. Дыбыстық ақпаратты енгізу құрылғысын көрсет-микрофон
3. Ақпаратты сақтау құрылғысын көрсет-лазерлі диск
4. Дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысын көрсет-дыбыстық колонкалар
5. Сыртқы жад құрылғысын көрсет-флешка
6. Ақпаратты шығару құрылғысын көрсет-принтер
Сергіту сәті
Қол саусақтарына арналған жаттығулар
Алақанды уқалау.
Қолды қысу
Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар.
Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
Көзіңмен ақырын оң жаққа қарай 3-4 рет айналым жасаңыз. Соншалықты айналым солға қарай жасаңыз.

Үлестірме қима қағазбен жұмыс

VІ кезең: «Үздік оператор» топ басшылар сайысы. Бұл кезеңде әр топтың топ басшыларына тапсырма беріледі. Ең жоғарғы ұпай -10.
«Алғылар» тобының топ басшысына арналған тапсырма
МӘТІННІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Мәтіндік редакторлар жұмыс жасайтын деректер-мәтіндік ақпарат, оның кішкентай бірлігі символ болып табылады. Сөз – бір-бірінен тыныс белгілерімен немесе бос орындармен ажыратылып жазылған символдар тізбегі.
Тапсырма:
Мәтінді теріңдер.
Мәтіннің атын 14 өлшемімен ортаға жуан көк түсті әріппен және курсивпен ерекшелеңдер.
Мәтіннің негізгі бөлігінде әріптің мөлшері-12.
Мәтінді Мәтіннің құрылымы деп сақтаңдар.
«Тапқырлар » тобының топ басшысына арналған тапсырма
МӘТІНДІК РЕДАКТОР
Мәтіндік редактор – мәтіндік құжаттарды құруға, оларды өзгертуге, мәтінді пішімдеуге, құжаттарды басып шығаруға мүмкіндік беретін қолданбалы программа. Компьютер үшін мәтін – ол символдардың кез келген жиыны деп айтуға болады.
Тапсырма:
Мәтінді теріңдер.
Мәтіннің атын 14 өлшемімен ортаға жуан қызыл түсті әріппен және курсивпен ерекшелеңдер.
Мәтіннің негізгі бөлігінде әріптің мөлшері-12.
Мәтінді Мәтіндік редактор деп сақтаңдар.
Жұмбақтар шешу
Ұзынтұра жалқаубек, тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан, ешбір белгі қалмайды. /бос орын немесе пробел/
Пернелік деген атаның,
Немерелері алғашқы.
12 ағайынды, есімдері Ғ /эф/ әрпімен басталады.
Бұл қандай пернелер? / функционалдық пернелер/
Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені. /кактус/
Ақпарларды қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады? /принтер/
VІІ кезең: «Сәйкесін тап» сайысы.Бұл кезеңде топтар сәйкестендіру кестесін толтыру.
Бағалау.
Екі топтың топ басшылары оқушыларды бағалайды
Рефлексия.
Бүгінгі сабақ туралы оқушылар ойларын стикерге түсіреді: Не білдім? Нені үйрендім? Тағы не білгім келеді?
Үйге тапсырма: қайталау
Марапаттау :
Әділқазылар қорытынды шығарады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықты көрсеткен
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты –деп әділқазыларға алқасына береміз. Жеңімпаздарды құттықтау, марапаттау.