Технология саба? То?ыма талшы?тарын жіктеу (5сынып)


Оқу ісінің меңгерушісі: _______________
Пәннің аты Уақыты: 5в 07.11.16ж
5а,ә,б,г 09.11.16ж Кабинет:
Үй шаруашылығы Мұғалім
Т. Бердіғұлова
Сабақтың атауы Тоқыма талшықтарын жіктеу
Мақсаты
Күтілетін нәтиже Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады
Психологиялық ахуал – Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі- көңіл ажары !
Күліп өмір сүрейік! Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу Шарлар арқылы топтарға бөлу.
Қызығушылықты ояту Тоқыма талшықтарын жіктеу
Талшықтардың классификациясы — талшықтар табиғи және химиялық деп бөлінеді. Табиғи материалдардан: мақта, кенеп, жүн, табиғи жібектен бірден алынатын талшықтарды табиғи талшықтарға, ал химиялық әдістер көмегімен көмегімен өндірілетін талшықтарды химиялық талшықтарға жатқызады.
Химиялық талшықтарды , ары қарай, жасанды және синтетикалық деп бөледі.
Жасанды деп, табиғи жоғары молекулалық заттарды (мысалы, клетчаткалар, белоктар) өңдеу жолымен алынатын талшықтарды атайды. Оларға вискоза, ацетат, казеин және басқа да талшықтар жатады.
Синтетикалық деп синтетикалық полимерлерден жасалатын талшықтарды атайды.
Синтетикалық талшыққа мысал ретінде капрон талшығын алуға болады. Синтетикалық талшықтарды алу үшін алдымен мономерлерге синтездейді; мономерлерден полимер, ал полимерлерден синтетикалық талшық жасап шығарады.
Сергіту сәті «Қаражорға» биі
Жаңа сабақ Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Жұмыс орнының ұйымдастрылуын тексеру
Сарамандық жұмыстың орындалуын тексеру
Техника қауіпсіздік ережесін тексеру
Рефлексия Екі жақты күнделік стратегиясы
Кітаптағы жазбалар Менің жаңалығым
Үйге тапсырма Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Бағалау парақшаларын толтыру.
Смайликтер арқылы кері байланыс орнату
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады