«Ізденген жетер м?рат?а» поурочный план №2


Пәні Өзін-өзі тану Сабақ № 6 Сынып 6 «А, Ә, Б, В, Г,»
Тақырыбы «Ізденген жетер мұратқа»
Құндылық Дұрыс іс-әрекет Қасиеттер адамгершілік, еңбекқорлық, шыдамдылық.
Мақсаты оқушыларды өзбетінше танып-білуге, құштарлыққа, талпынысқа, ізденіске үйрету.
Міндеттері
оқушыларға мақсатқа ұмтылушылық, мұратқа жету туралы түсінік беру;
оқушылардың ерік-күшін дамытуға ықпал ету;
еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу.
Табыстылық критерийлері 1. оқушылардың ерік-күшін дамиды;
2. еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиеленеді.
Әдіс-тәсілдер тыныштық сәті, еркін әңгіме, рөлдік ойын
Ресурсы интерактивті тақта, конспект, презентация, музыка, дәптер.
№ Сабақ кезеңдері Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Бағалау Күтілетін нәтижелер
1 Ұйымдастыру іс-әрекеті.
Тыныштық сәті. 4 минут Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, тыныштық сәтін өткізіп, оқушылардың көңіл-күйін көтеру. Оқушылар амандасады, тыныштық сәтін өткізеді.
Оқушылардың дайындығын мұғалімнің бақылауы Оқушыларда жақсы көңіл-күй, тыныштық қалыптасады.
2 Үй тапсырмасын тексеру 8 минут Дәптердегі тапсырма тексеріледі.
Оқу материалын қайталау үшін ізденіс дегеніміз не?
деген сұрақтарқа жауап береді. Дәптерге тапсырманы оқып шығады. Әр оқушы ізденіс деген сұраққа жауап береді. Қол белгісі арқылы бағалау. оқу материалын қайталайды;
- өз пікірлерін айтуға дағдыланады.
3 Дәйексөз 5 минут Жүректің түріп құлағын,
Ойланып тағы қарашы.
Кімсің сен, қайда тұрағың,
Енді қайда барасың?
Омар Һайям
Оқушылардың ойын бір жерге жинақтау үшін төменгегі сұрақтар қойылады.
Сен кімсің?
Сен өмірде нені бағалайсың?
Не үшін өмір сүресің? Дәйексөзді оқып, берілген сұрақтар жауап беріп, әрқайсысы өзінің өмірлік ұстанымын айтады. Қол белгісі арқылы бағалау. - ұлағатты адамдардың сөздерін естерінде сақтайды;
- ойларын, пікірлерін ашық айтуға дағдыланады
4 Әңгімелеу 8 минут Сұрақтар қойылады.
1.Іздеген жетер мұратқа дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Мақсатқа ұмтылушылықтың мәні неде?
3.Адамның мұратына жетуіне қандай қасиеттер көмектеседі?
Мәтінмен жұмыс
А.Мырзабаев, Д.Манатауовтың «Әйгілі химиктер» кітабынан алынған үзінді оқылып, талдау тапсырылады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді және өзара пікір алмасады. Мәтінді өз бетінше оқып, талдайды. Бір-біріне сұрақтар қояды. Қол белгісі арқылы бағалау. - ойларын, пікірлерін ашық айтуға дағдыланады;
- өз көзқарастары қалыптасады.
5 Шығармашылық жұмыс 12 минут Оқулықтағы Қ.Толыбаевтың «Құштарлық» әңгімесін оқушыларды рөлдерге бөліп, сахналау ұйымдастырылады.
Өз өмірлерінде істегісі келетін істі схема түрінде жазу тапсырылады.
Өзіммен-өзім әдісі жүргізіледі. Алдын-ала дайындалып келген мәтінді оқып сахналық қойылым қояды. Өз өмірлеріне әсер ететін оқиғаны схема түрде жазады. Өзім-өзім әдісін жүргізеді. Смайликтер арқылы бағалау. - кең ойланады;
- идеяны бағалау;
- ауызбіршілік;
- ортақ шешім қабылдайды;
- шығармашылық қабілеті дамиды.
6 Топпен ән айту 3 минут Е.Өтетілеуовтің «Жас дәуірдің түлегіміз» Оқушылардың бәрі әнді айтады. Қол белгісі арқылы бағалау. - шығармашылық қабілеті оянады;
- әуенді сезіне біледі
7 Үй тапсырмасы 2 минут Абай Құнанбаевтың кітапта берілген қара сөзін оқып, түйінді ойларды іріктеп алып, олардың мағыздылығын дәлелдеп, дәптерге жазып келу тапсырылады. Дәптердегі берілген тапсырманың түсініксіз жерлерін сұрау. -ойлануға машықтанады;
-жауакершілікті сезінеді.
8 Тыныштық сәті 3 минут Баяу әуен қосыладып, мәтін оқылады. Көзді жұмып, сабырлы қалыпта әуенді тыңдаудайды. Әуен олардың жүйке жүйесін тыныштандырады Мұғалімнің бағалауы - әуенді сезіне біледі;
- сабырлық;
-жүйке-жүйесі тыныштанады.
Рефлексия