Информатика кеше, б?гін, ертен


Сабақтың тақырыбы: Информатика, кеше, бүгін, ертен (сыныптан тыс іс – шара)Сабақтың мақсаты: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру;Ана тілі мен орыс тілінде, шет тілінде бірдей сөйлеу шеберлігін арттыру, информатика ғылымына бойлату;Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу;Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақКөрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд, компьютерлер, таратпа материал.Қатысушылар: 3 - 4 сынып оқушылары.Әділқазылар мүшелері: Бастауыш сынып мұғалімдерінен құралған мүше.Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, әділ – қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Информатика кеше, бүгін, ертен» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Ойынға 6 оқушы қатысады.Жоспар:I. Компьютер құрылғысын білеміз беII. Адасқан әріптерIII. ФизкультминуткаIV. Жұмбақ шешуV. Қиықтар жинауVI. Сиқырлы тізбекМұғалім:Жан достарым, мұны жақсы ұғайықИнформатика, құрметтеуге лайықТартысайық сайыста, күш жігерменТартысайық қимас біз, дос көңілмен - деп 1 – кезең. «Компьютер құрылғыларын білеміз бе?» (сұрақтар қойылады)1. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата?(жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан)2. Шығару құрылғыларын атаңыз?(принтер - басып шығарғыш)3. Тышқанның түрлері қандай?(екі батырмалы, үш батырмалы)4. Компьютердің миы деп нені айтады?(жүйелік блок)5. Алғашқы есептеу құрылғысы? (саусақтар)6. Дыбыс шығару құрылғысы? (колонка)7. Paint бағдарламасын қалай іске қосамыз? (пуск - все программы - стандартные - paint)8. ДК неше бөліктен тұрады? (7 бөліктен)Мұғалім:Ең қиынын жарыстыңЖеңіп алда жарыссың - деп 2 – кезең. «Адасқан әріптер»Монитор --------- ТорнимоКомпьютер -------- ПьютеркомТышқан ------------ ҚантышКолонка ---------- КаколонИнтернет --------- ТенинтерСурет --------- ТерусБояу -------- УяобНаушник --------- НикнаушМұғалім:Мынау ұшқыр заманда,Жаңалық енді ғаламға.Компьютер тілін меңгеру,Қажеті туды адамға - деп 3 - кезең. «Физ минутка»Сендер шаршаған шығарсыңдар. Енді аздап дем алып, кім түсініктерді ойында тыңғылықты сақтай алатынын тексерейік. Бұл ойын «3, 13, 33» деп аталады. 3 дегенде қолды созамыз, 13 десе қолды екі жаққа, ал 33 десе қолды жоғары көтеруіміз керек. Мұны дұрыс орындамаған немесе ауыстырып созғандар ойыннан шығады.Мұғалім:Көңілді ойын жасайықЖұмбақ шеруін шашайықМұнда қызық табыларҚиын жұмбақ бәрі барБүгінгі кеште біз бастайық,Сайыста көңілмен қол соғайық – деп 4 - кезең. «Жұмбақ шешу»Жануарға ұқсас атым бар,Бағдар көрсетер затым бар.Кілемше үстінде тұрамын,Ең қажетті құралмын... (тышқан)Жұртты өзіне қаратқанАқпаратты сақтап, таратқан...(компьютер)Мәліметті сұраған,Экранға шығарған....(монитор)Егер білсең, айта қойшыБұл қандай құрылғыАқпаратты қағаздағыКомпьютерге енгізеді....(сканер)Бір сарайда тұрады екен,Бес атаның балалары.Қыдырмашы біреуі,Бір күн бар да, бір күн жоқ.Соны есепке алсақ.Ұзын саны жүз жеті...(пернетақта)Бұтақ орнында мың бір инесіКомпьютер жаны мекені...(кактус)Мұғалім:Әділ халқым берерсің әділ бағаӨнері мен өренін салыстырып - деп 5 - кезең: «Қиықтар жинау»Алдарындағы қиықтарды жинап құрастыру керек және оны бояу керек. Тез жылдам орындаған оқушыға 5 ұпай беріледі.Мұғалім:Тез жауап бер ойланып тұрып қалмаМәреге таяп қалды бұл жарыста - деп 6 - кезең: «Сиқырлы тізбек»Ақпараттың өлшем бірлігін өсу ретімен орналастыр.Бит, Байт, Килобайт, Мегабайт, Гигабайт, Терабайт;Қорытынды: Әділқазылар жеңімпаз болған оқушыларды I, II, III орынмен марапаттау.Мұғалім:Көңіл бөліп бұл кешке,Келгендерге көп рахмет!Шын сезінген көрермендерге,Мың рахмет, мың рахмет!