Наурыз мерекесі ??тты болсын! (Аппликация)


Сабақтың тақырыбы: Наурыз мерекесі құтты болсын! (Аппликация)
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Наурыз мерекесінің тойлануы, мерекенің ерекшелігі туралы білімдерін кеңейту.
Ә) Дамытушылық: Аппликацияның құрылымдарын анықтайды.
Б) Тәрбиелік: Бірлескен топтық жұмысқа төселу, қағаздарды ұқыпты ұстауға, дұрыс желімдеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету.
Сабақтың түрі: сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі: слайд (жапсырмалау)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сыныпты түгендеу
ә) Оқушыларды гүлдің түсі бойынша топқа бөлу (Ақ, қызыл, сары, көк)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Наурыз мерекесі бойынша не білеміз?
Дана: 22-наурыз Шығыс халықтары Жаңа жыл мерекесін тойлайды. Наурыз мерекесін халқымыз «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды. Сол күні күн мен түн теңеледі.
Күннің жылынғанын қалай білеміз?
Ақнұр: Күннің жылынғанын қой ғана біледі, одан соң қойшы біледі. Жердің астынан ыстық келгенде қой аспанға қарайды.
Наурызда қандай тағам әзірленеді?
Айман: Наурызда аналарымыз наурыз көже пісіреді.
Наурыз көже неше дәмнен тұрады?
Арсен: наурыз көже жеті дәмнен тұрады. Олар: ет, ұн, арпа, жүгері, тары, қатық, бидай
Наурыз көженің қасиеті.
Назерке: наурыз көженің қасиеті мол. Көктемнің көк өзек уақытында наурыз көже ішсең күш – қуатың артады, денсаулығың нығаяды.
Наурызда қандай ұлттық ойындар ойналады?
Елан: бәйге, көкпар, аударыспақ, асық, алтыбақан
Киіз үйді көргендерің бар ма?
Зере: Киіз үй мал бағуға қолайлы, көшіп – қонғанға ыңғайлы баспана.
ІІІ. Жаңа сабақ
Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға жаңа тақырып мәтінін оқыту.
Сарамандық жұмыс.
34097291163025Наурыз мерекесіне орай бүгінгі сабағымызда «Наурыз мерекесі құтты болсын!» тақырыбында түрлі-түсті қағаздан аппликация жасаймыз. «Қауіпсіздік ережесін» міндетті түрде есте сақтаймыз. Интерактивті тақтада слайд арқылы жұмыстың жасалу реті беріліп отырады. Р. Рымбаеваның «Наурыз тойы» әні шырқалады.
480695255905
Жұмыстың реті:
Фон үшін үшін жасыл түсті қағаз таңдап алады.
Көк түсті қағаздан аспан көрінісін қиып алып, негізгі фонның жоғарғы бөлігіне орналастырады.
Күннің, бұлттың пішінін қиып алып жоғарғы бөлікке жапсырады.
Қоңыр түсті қағаздан киіз үйдің пішінін қиып алып жапсырады. Киіз үйдің сыртын безендіреді.
3089529-252685-9842538735
Қазан мен самаурынды үлгідегіде көрсетілгендей қағаздан қиып алып, негізгі қағазға жапсырады.
Түрлі – түсті қағаздардан әртүрлі гүлдер қиып алып жапсырады.
Көріністі толықтырады.
12954092075
363171446019
ІҮ. Қорытындылау:
Аппликация дегеніміз не?
Алғаш аппликацияны неден жасады?
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Ералы: «Наурыз тойы» тақпақ.
Ү. Бағалау .
Топ басшылары бір – бірін бағалайды.
«Ә.Қастеев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ Наурыз мерекесі
құтты болсын!(Аппликация) 1а сынып
Технология пәнінің мұғалімі
Бейсембаева М.А.
2014-2015 оқу жылы