Ерте?гілік ??тты болсын, Жа?а жыл!


Құтты болсын, Жаңа жыл!
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ата аналар, кішкентай бүлдіршіндер!
Сіздерді жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтаймын. Жаңа күн! Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт - береке, ырыс алып келсін! Жаңа жылда үйлерінің нұрға жаңа сәбилеріңіздің күлкісіне толы болсын.
Біз «Құтты болсын, Жаңа жыл!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
1-жүргізіуші: Жаңа жылды қарсы алып,
Жалғасады жырға жыр.
2-жүргізіуші: Жарқын -жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.
3-жүргізіуші: Жаңа жылдың таңы неьткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа арайды.
Ән: Жаңа жыл
1.Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Мңне, сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Кел, балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
2.Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап.
Көрсін біздей балғынды
Көңілденсін ол енді.
Шырқатайық ән-жырды,
Шырқатайық өлеңді.
Би: «Қуыршақтар»
3.Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз , бәріміз
Өлең де әзір, ән де әзір,
Ойын да әзір-бәрі әзір
Кел Жаңа жыл біздерге,
Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл.
Ән : «Шырша жыры»
4.Міне, тағы келіп тұр
Жаңа бір жыл, балалар,
Жадыратып жер үстін,
Төрімізге ол шыққан
Бақытымыз , Сәніміз,
Жаңа жылды сондықтан
Құттықтаймыз, бәріміз
Бәрі: Құттықтаймыз, құттықтаймыз!
Ән: «Аяз ата»
Жүргізуші: Аяз ата, Ақша қар келе жатыр.
Бәріміз қарсы алайық.
Аяз ата, Жаңа жыл, Ақшақар қош келіңіздер! Сіздер көрмеген 1жылда сағынып қалдық.Сіздер мен қауышқан қуанышыңа ұл-қыздарыңыз, ән-күй, биден шашу даярлап келіпті. Қабыл алыңыздар!
5.Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жанашыр.
Ата ,әже, ата, әже,
Құтты болсын Жаңа жыл
Тілеймін мен бар адамға,
Жаңа бақыт, жаңа жыр.
Әке, шеше, аға, апа,
Құтты болсын Жаңа жыл
Би: «Қара жорға»
6.Аппақ, аппақ ақша қар,
Жапты біздің көшені.
Ақ жамылды бақшалар,
Біздер еккен кешегі.
7.Ақ киімді денелі ақ сақалды
Соқыр мылқау танымас тірі жанды
Үсті басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды
8.Оралды өлкеме,
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың.
9.Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап.
Жұмбақ жасыру ойыны:
Қолы жоқ сурет салады
Тісі жоқ тістеп алады (Аяз)
Қыста ғана болады,
Ұстасақ қолың тоңады (Қар)
Қырға сүйреп шығам,
Ойға мініп түсем. (Шана)
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?( Қыс)
Жаңа жылымыз құтты болсын! Жаңа жыл жаңа бақыт, жаңа қуаныш әкелсін!