Бастауыш сыныптарда ??тты болсын жа?а жыл! мерекелік ерте?гілік


Мерекелік ертеңгіліктің мақсаты:Оқушылардың Жаңа жыл туралы білімдерін,ой-өрісін дамыту.Өнерлерін шыңдау,шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Кейіпкерлер:Жүргізуші,Балдырған,Бүлдірген,Аяз ата,Ақшақар,Мыстан апа,Жаңа жыл.
Жаңа жылдық флэшмоб.
Жүргізуші:
Армысыңдар,ата-аналар,ұстаздар! Бармысыңдар,дос-құрбылар,құрдастар! Жаңа жылы құтты болсын халқымның, Жаңа жылда арай шашсын ақ таңдар.
Жаңа жылым,жаңа бақыт сыйласын Көгімізде бейбіт құсы самғасын. Төгілтіңдер жаңа жылдың жақсы әнін Қуанышпен арайлансын ақ таңың!
Балдырған:
Ау,бақытты ұландар, Айлы көкке қараңдар. Мініп аппақ кемені, Жыл ғарыштап келеді. Безендіріп шыршаны Жыл қуантты баршаны Ән мен билер басталсын Мерекелік тойды енді Мен Балдырған басқарсын.
(Бүлдірген балаларды күлдіріп,әркімге соқтығысып жүреді.)
Бүлдірген:
Маған бүгін бәрі көңілсіз.Сендер бәріңіз неге мәз боласыңдар осы?Мен бүгін тіпті бір түрлі болып тұрмын.Жамандық істеп,бірдеңені бүлдіргім келіп тұр.
Жүргізуші:
Жоқ Бүлдірген сен олай балалардың мерекесін бұзба.Бұл мерекені балалар неше ай бойы күтті десеңші?
Балалар,неше ай күттік?
Он екі ай.
Олай болса мектепалды дайындық тобының дайындаған мерекелік ертеңгіліктерін тыңдайық.Бүлдірген,сен де тыңда.
О сынып:Би
Хоровод
Бүлдірген:
Қойыңдаршы осы ән дегенді.Маған ештеңе ұнап тұрған жоқ.Қой мен бірдеңе бүлдірейін.Қане кімді ұрып жіберейін?
Жүргізуші:
Балалар,біздің мерекемізге бір нәрсе жетіспейтін сияқты?
Бүлдірген:
Таптым,мен таптым.Менің іс-әрекетім жетіспейді.
Балдырған:
Қой,Бүлдірген тойдың шырқын бұзба. Аяз ата келе ме? (иә) Жұртқа әйгілі ме,мәсі кебіс кие ме?(Жоқ,пима киеді). Әй,сол атаңыз келе ме,бізге сыйлық бере ме?(Иә,келеді,сыйлық та береді.) Әсем екен шыршамыз.Шауып оны аламыз.(шаппақшы болып жақындаса,балалар Жоооқ- дейді.)
1-сынып:Ән
Әдемілеп тізілген, Қауын қарбыз ба ілінген? Аяз ата балалар,қорқама екен аяздан?(Жоқ,қорықпайды) Жағдайы жақсы ма екен? Қаршақызбен дос па екен?(иә,дос)
Жүргізуші:
Көрдің бе,Бүлдірген,біздің балалр ақылды.Аяз атамыз да келіп қалды. Қане,бәріміз дауыстап,Аяз атаны шақырайық.
Балалар:Аяз ата,Аяз ата,Аяз ата! (келеді)
Армысыңдар,балаларым!Бармысыңдар халайық!Өздерің сияқты балалардың шат күлкілі думан-тойын аралап келемін.Міне,сендердің орталарыңа Ақшақар екеуміз әзер жеттік.Өткен жылға ризамын.Адамзат баласын қуантар көптеген жақсы оқиғалар өтті.Өздерің де тағы бір жылды артқа тастап,бір жасқа өскелі тұрсыңдар.Келе жатқан жаңа жылдарың құтты болсын!
Ақшақар:
Қардан шыққан Қарғашпын,сұлу айдай қиылып Жаңа жылмен құттықтап,Сәлем берем иіліп. Келе жатқан Мешін жылы,Береке,бірлік әкелсін сендерге.
Аяз ата:
Ал,балаларым,мен енді сендермен бірге ойын ойнағым келіп тұр.Кім бірінші жаңа жылды көреді? 2-сынып.Би
Ау,Бүлдіршін қыздарым Жас жеткіншек ұлдарым Қандай жақсы жүздерің Қандай әсем жырларың. Қане бастаңдар,әндерің мен билеріңді.
4-сынып:Ән
Аяз ата:
Қане,кәрі сүйегімді шытырлатып сендермен би билейін.
Хоровод.
Би билеп жатқан кезде,Ақшақардың балаларға алып келген қорабын Мыстан апа ұрлап кетеді.
Ақшақар:
Ата,ата менің мына жерде тұрған қорабым жоқ. Балалар,менің қорабымды көрдіңдер ме,кім алды екен?Мүмкін,мыстан болар?
Мыстан:
Ә-ә-ә,мені енді естеріңізге алдыңыздар ма?Бермеймін,қорапшаны.Бермеймін деген соң,бермеймін,маған не істей аласыңдар?
Жүргізуші:
Мыстан:
Ә-ә-ә,мына қорапшада ең асыл заттар,сендерге қымбат дүниелер бар.Біріншіден,оқушылардың 4 пен 5 бағалары екен,енді олар тек 2 мен 3-ке оқитын болады.(әрі-бері теңселіп жүреді). Ал,екіншіден,бұл қорапта оқушылардың достығы бар.Мен енді ол достықты өлсемде бермеймін.Енді олар күнде бір бірімен ұрысып,бір біріне қатты сөз айтып,бір бірін күнде жылататын болады.Ал,үшіншіден,бірінші сыныптың Аида апайын ұрлап кеттім.Ал,енді қайтесіңдер,апайларың жоқ,енді қалай оқиды екенсіңдер?Ха-ха-ха.(күледі)
3-сынып.Ән
Ойын:
Жүргізуші:
Әжетай,сіз қайда да балалардың шырқын бұзасыз да жүресіз.Ертегілерде де үнемі адам баласына қастандық жасап келесіз.Жаңа жыл келе жатыр,балалрдың көңіл-күйін бұзбай-ақ қойыңызшы.
Мыстан:
Оған өздерің кінәлісіңдер,үнемі мені шеттетіп жүресіңдер.Мен де сендермен болғым келеді.Мені неге жұртпен бірге тойға шақырмайсыңдар?
Жүргізуші:
Әжетай,шақыруға шақырамыз ау,бірақ,сіз үнемі кір кір,шашыңыз қопырап жүреді.Тіпті балалр тұрмақ,үлкендер де сіздің түріңізден қорқып шошып кетеді.
Мыстан:
Ой,ол сөз болып па,менің де әдемі көйлегім бар.
Сахналау:4-сынып
Аяз ата:
Балаларым,ойын ойнап,ән салып жүргенде жаңа 2016 жылдың да келіп қалғанын сезбей қалыппыз-ау?
Жүргізуші:
Жаңа жыл келді міне жерімізге Әкелсін құт-береке елімізге Жақсылық пен қуаныш жылы болып Қиындықты жолатпасын бәрімізге!
Төрлет қане,Жаңа жыл, Үлестір құт-береке. Көп қуаныш ала жүр Көп болсыншы мереке!
Жаңа жыл:
Халқым менің!Жаңа жылмын мен Елді шарлап самғайын Бір күн қызық бір күннен Бола берсін әрдайым.
Жаңа жылдың бастауын Сендерменен тойлайын Аман болсын халқымыз! Арта берсін даңқымыз. Дами берсін үздіксіз Жақсы дәстүр-салтымыз!
4-сынып.Би
Көңілді көп қуаныш Әр көңілде жақсылық Кетер жылға мың алғыс Әкелген көп жақсылық.
Ескі жылға ризамыз Өсе түсті бойымыз. Қандық талай сырға біз, Шарықтады ойымыз.
Барлығы:
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты Құтты болсын 2016 Жаңа жыл!
Ойын:Ата-аналармен
Аяз ата:
Ау халайық,айдай балаларым!.Келіп кірген жаңа жылдарың құтты болсын!Денсаулықтарың мықты болсын!.Балаларым,білімдерің таси берсін,алған бағаларың тек 4пен 5болсын!Мені күтіп отырған өздеріңдей бүлдіршіндер бар.Енді соларға жол бастайын.Келесі жылға сау-саламат жүздесейік!
Ақшақар:
Күтіп отыр балалар Тағат таппай сағынып. Оқалы шам бағандар Зерделі моншақ тағынып. Жаңа жылым жас ұлан, Тұсауыңды кесейін!
(Аяз ата мен Ақшақар сыйлықтарын беріп,кетеді)
Осымен Құтты болсын Жаңа жыл ертеңгілік мерекемізді аяқтаймыз.Сау саламат болыңыздар.Жаңа жыл баршаңызға құтты болсын!
Құттыболсын,Жаңа жыл
мерекелік ертеңгі
Жауапты:Тулебоева Б.М
Краснознаменное орта мектебі