Ерте?гілік ??тты болсын, жа?а жыл!


«Құтты болсын, Жаңа жыл!»Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Сиқыршы:
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталады Жаңа Жылдық карнавал
Маска да бар, би де бар, асығыңдар
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.
Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал
Карнавалдың иелерін қарсы алыңдар!
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)
Жүргізуші: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз болып тұр ғой.
Сиқыршы:
қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 ретЖүргізуші: Балалар шыршаның шамдар жанбай тұр. Мүмкін біз ән айтып көрерміз.Қол ұстасып әнімізді шырқайық.
Ән: «Шырша жыры»
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
Жүргізуші: Ендеше, шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.
Аят:
Жасыл шырша орманнанБізге арнайы келіпті.
Арай:
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.
Абдинур:
Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.Жаңа жылмен бірге біз,
Орманға кеп жетеді.
Арман:
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.Сиқыршы: Жарайсындар, қандай жақсы тақпақтар! (шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астыңда бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік.
(көңілді муз. Ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады.)Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмің.Мені аяз ата сендерге сыйлық ретінде қалдырып кетті. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жалды қарсы алайыншы, сендермен бірге қызықты ойынды ойнайыншы!
Ойын: «Кім жеңеді?» (4 орындықпен)
Жүргізуші: Ой рахмет. Біздің де сізге арналған сыйлығымыз бар. Біздің айгөлек тобының балалыры өнерлі, олар сізге арнап би билеп береді.
Би: «Гномдар»
Жүргізуші: Енді балалар жаңа жылымыздың басты қонағы Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 – реет
(Аяз Атаньң орнына мыстан кемпір ұшып кipeдi де, шыршаны 6ip айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.)

Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаньң кереметін-ай! Уйге алып кетсем бе екен?Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаньң түьірімен жұлып алғысы келеді.
Тәрбиеші: Мыстан кемпір!
(Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды)
Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз,тимеңіз біздін шыршамызға!
Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: Туу!Маңдайдағы терін сүртіп, ендеше менің бір шартым бар. Мен жана ұшып келе жатқанымда балалардың билеп жатқанын көргенмін. Маған қатты ұнап қалды. Тағы да көгім келеді.
Жүргізуші: Онда балалар мыстан кемпірге арнап би билеп берейік.
Би: «Танец маленьких утят»
Мыстан: Жарайсыңдар балалар, қандай керемет. Ендеше мен де сендермен бірге жаңа жылды қарсы алайын, бәріміз бірге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 – реет
(Боранның дауысы естіліп ортаға Аяз ата мен Ақшақар кіріп келеді)
Аяз Ата: Құтты болсын, балаларКелген Жаңа жылдарың
Мен сендердің мерекелеріңе асығып ұзақ жүрдім.Көп сыйлықтар әкелдім. Сонымен қатар мына аңдарды ертіп келдім. Балалар сендер білесіңдер ме, биыл бізге мешін жылы келеді. Қәне мына аңдардың ішінен мешінді тауып көріндерші.
Ойын: «Кім тез пиманы киеді»
Жүргізуші: Аяз ата көңілді ойыныңызға рахмет, біздің де сізге көрсетер өнеріміз бар.
Би: «Санта клус»
Аяз ата: Жарайсыңдар! Балалар менің немерем, Ақшақар кешігіп жатыр ғой, мүмкін ол адасып кеткен шығар. Кәне бәріміз бірге шақырып көрейік.
Бәрі: Ақшақар, Ақшақар, Ақшақар!
(Ортаға жылап Ақшақар келеді)
Жүргізуші: Ақшақар сізге не болды?
Ақшақар: Мен өзімнің сиқырлы таяқшамды жоғалтып алдым.
Жүргізуші: Балалар, ендеше ақшақарға сиқырлы таяқшаны табуға көмектесейік. Мүмкін таяқша мына қарлардың астында жатқан шығар. Кәне ойын ойнап жіберейік. Мына жатқан қарларды себетке жинап салайық.
Ойын: «Кім тез қар түйіршіктерін жинайды?»
Ақшақар: Ой, балалар, рахмет! Сендердің арқаларыңда мен өз таяқшамды тауып алдым. Кәне менімен бірге көңілді би билейік.
Би: «Снежинка
Жүргізуші: Рахмет сендерге балалар. Бүгінгі біздің жаңа жыл мерекеміз көңілді өтті. Келген қонақтарға да мыңда бір алғысымызды білдіреміз. Ал енді Аяз ата мен Ақшақарымыз шығарып салайық. Сіздерге де көп-көп рахмет!
Аяз ата мен Ақшақар: Рахмет, балалар! Келесі кездескенше сау болыңыздар!