Біз отбасымен біргеміз мерекелік ерте?гілігі


«Біз отбасымен біргеміз»
атты қорытынды концерттің сценарийі
(Тақырыпқа сай, әсем безендірілген залда әуен ойнап тұрады. Музыкалық фонда жүргізуші ортаға шығады.)
Қайырлы күн, ардақты ата-аналар, құрметті ұстаздар, қонақтар!
Балабақшамызда «Біз отбасымен біргеміз» апталық аясында ұйымдастырылып отырған мерекелік қорытынды концертімізге қош келдіңіздер!
Бала қашанда балалығын көрсетеді. Сондықтан оларға әрдайым ата-ананың, тәрбиешілер тарапынан аса қамқорлық қажет. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, ержетіп, азамат болуына, олардың жанына азық, бойына қуат, өнеге беретін аялы алтын діңгегі - ата анасы. Ата-ананың, ұстаздың шеберлігіне қарай бала бойында ұстамдылық, еңбекқорлық, батылдық, азаматтық, табандылық қасиет қалыптасады. Сондықтан да ата-ана болып, ұстаз болып саналы ұрпақ, сапалы тұлға тәрбиелейік. Кішкене ғана бүлдіршіндеріміз, биік белестерді бағындырып, асулардан аса берсін!
Құрметті қонақтар! Біз білмеген, сіз көрмеген тосын сәттерге толы бүгінгі мерекелік кешімізді ашу үшін сөз балабақша меңгерушісі Қарлығаш Қаржаубайқызына беріледі.
(Сөз сөйлейді)
1. «Біз отбасымен біргеміз» видеоролигі ұсынылады.
- Ақын Сырбай Мәуленов «Балалықты» былай деп бейнелеген екен:
Балалық – қиялдың әлемі,
Ғажайып сәуленің гүлдері.
Балалық – бұлбұлдар әуені,
Балалық – наурыздың күндері.
Балалық – алтын шақ таңдары,
Балалық – Найзағай ақ жалын.
Балалық – аспанның бұлттары,
Балалық – толассыз ақ жауын.
2. Ән: «Алтын ана» орындайтын балалар вокалды тобы.
3. «Той бастар» тәрбиешілер мен ата-аналардан құралған оркестрдің сүйемелдеуімен орындайтын Гүлзира апай.
- Ұрпақ  тәрбиесі  тағылымды болсын десе, жұмысты ең алдымен, ата-анамен, яғни, отбасынан бастап, жүргізу тиімді. Бұл қазіргі замандағы ең басты қажеттілік десек болады.
Балабақшамызда дарынды да, талантты балалар бар. Осы кеш барысында барлығының өнерлеріне куә боласыздар.
Енді, назарларыңызға шағын қойылым ұсынсақ деп отырмыз.
4. «Менің атым - Қожа» кинофильмінен эпизод. Қатысушылар Ернар анасымен.
Ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас,бірлік,ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалыда нәтижелі болмақ.Біздің мақсатымыз XXI ғасыр талабына сай жаңашыл,шығармашыл, мәденитті,жан-жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.
5. Би: «Күзгі вальс» «Ақкөгершін» тобының бүлдіршіндері.
6. Қонақтармен ойын: «Эстрада жұлдыздары» деп аталады. Ойынға қатысушыларымыз дайын болғанша Әсем әнді ұсынамыз.
7. «Мерекем» әнімен Өмірбекова Анар
8. Ойынның барысы.
9. «Үкілім-ай» орындайтын аналар дуэті.
«Елдің келешегі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында». Н.Назарбаев.
Бүгінгі заман талабы жас ұрпақты парасатты,саналы етіп тәрбиелеу.Бұл тұрғыда отбасы мен балабақша тәрбие жұмысын ынтымақтаса жүргізсе ұрпақ тәрбиелеу ісінде көздеген мақсатқа жетуге болады.
10. «Балабақшам – бақ ұям» әнін қабыл алыңызда. Балалар вокалды тобы.
Балабақшаішілік «Біз отбасымен біргеміз» атты апталық Елбасымыздың бастауымен құрылған еліміздің бас партиясы «Нұр Отанның» «Бақытты балалық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» сияқты жобаларын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып отыр. Балаларымыз бақытты, бақыттарыңыз баянды болсын! Келіп қатықандарыңызға үлкен рахмет!