Урок на тему Заттарды ?зынды?ы бойынша салыстыру.?зын-?ыс?а, биік- аласа, ке?-тар,бірдей,?рт?рлі


МАТЕМАТИКА 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Заттарды ұзындығы бойынша салыстыру. Ұзын-қысқа, биік- аласа, кең-тар,бірдей,әртүрлі.
Мақсаты: а/ Заттарды ұзындығы бойынша салыстыруға үйрету.«Ұзын-қысқа», «биік-аласа», «кең-тар» ұғымдарын қалыптастыру.
ә/ оқушыларды көрсетілген белгілері бойынша заттарды
салыстыра білу дағдыларын дамыту.
б/ мұқияттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, ойындар.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.
-психологиялық көңіл-күй.
Бір дегенің-білеу,
Екі дегенің-егеу,
Үш дегенің-үскі,
Төрт дегенің-төсек,
Бес дегенің-бесік,
Алты дегенің-асық.
II. Тірек білімдерін жетілдіру: 1.Заттар тобын арттыру және кемітуге жаттығулар
/қарындашты үстелге неше рет тықылдатсам, сонша
шаршыны қой, мен неше рет санасам сонша рет енкей, т.б./.
2.Ауызша есеп.Заттарды әртүрлі белгілері бойынша
салыстыруға жаттығулар /«Артық затты тап», заттардың
қандай айырмашылығы мен ұқсастығы бар?/.

III.Жаңа сабақ:
1. 2 түрлі жолақшаны көрсету,түсін анықтап,салыстыру:ұзын-қысқа.
2.3 жолақ қағазда/ені тар,ұзын жасыл жолақ:ені кеңірек,ұзындығы орташа қызыл жолақ:ені кең ұзын сары жолақ/көрсетіп,тапсырма беру: «Егер ені тар жолаққа қарағанда ені кең,бірақ ең ені кең жолаққа қарағанда ені тар болса,ол жолақтың түсі қандай? Т.б.»
3. Оқулықпен жұмыс:
№1.Ұзындығы, ені бойынша салыстыру, «егер шалбар ұзын болса,онда шолақ шалбар........ / қысқа/»
№2.Тіл дамыту жұмысы. Ұзынырақ- қысқарақ, биік-аласа, кең-тар сөздерін қатыстырып сурет бойынша сұрақ қойғызу.
№3. Көзбен шамалай алуларын, зейіндерін дамытуға жаттығулар.
Тапсырма:берілген заттарды салыстыр./ұзын-қысқа,биік-аласа,кең-тар.
Сергіту сәті.
3.Дәптермен жұмыс.
№1. Ауызша талдау, дәптерге орындату.
№2. Фигураларды пішіні, түсі, мөлшері бойынша салыстыру.
№3. Балаларды жазуға дайындау, тақтаға торкөзге қалай жазу керектігін көрсету.
№4. Қарапайым кестемен таныстыру, бағаны қатары болатынын түсіндіру:
-екінші бағанның екінші қатарында үй орналасқан. Шатырын қандай түспен бояу керек? Қабырғасын ше?
-Екінші қатардағы үйлердің шатыры көк болуы крек болғандықтан,шатырын көк түспен бояймыз...
ІV.Қорытынды. -Бүгінгі сабақта біз не істедік?Немен таныстық?-Қандай ұғымдармен танысытық?
V.Мадақтау.
-Сабақ аяқталды.