Саба? жоспары Оттекті? аллотропиясы, озон ж?не озон ?абатыны? Жердегі тіршілік ?шін ма?ызы. БиС технология бойынша


БжС технологиясы бойынша ашық сабақ № 36 8 сынып «А»
Күні:18.01.2017ж.
«Ауызша сабақ-1»Сабақтың тақырыбы: Оттектің аллотропиясы, озон және озон қабатының Жердегі тіршілік үшін маңызы.Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын , ақпараттық құзыреттілігін дамыту. Жетістікке жеткен адам ретінде , пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жетуСабақтың түрі: БиС технологиясыСабақтың көрнекіліктері: матрица,интерактивті тақта, слайд,сынып тақтасыТақтаға: 63% Оттектің аллотропиясы, озон және озон қабатының Жердегі тіршілік үшін маңызы.Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру. 2мин Сергіту ( көшбасшы сөзі) матрицаға бос орындарды белгілеуІ Өткен тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар: 8 мин1. Жай заттар дегеніміз не ?
2. Күрделі заттар дегеніміз не ?
3. Жану реакциясы дегеніміз не ?
4. Оксидтер деген не ?
5. Оттек неше валентті
6. Оттекті ашқан ғалым
7. Оттектің химиялық таңбасы
8. Оттектің атомдық массасы нешеге тең ?
9. Оттектің агрегаттық күйі
10. «Оттек» латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді ? қышқыл
тудырушы
11.Біздің планетамызда көлемі бойынша оттек қанша пайыз ?
12.Өнеркәсіпте оттекті неден алады ?
13.Оттегінің латынша атауы: оксигениум
14. Біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған
қосылыс:оксид
15.Оттегіні анықтаған ғалым : Дж.Пристли
16.Ең көп таралған элемент: оттек
17.Реакция кезінде жылу бөліп, жарық шығаратын реакцияны не
деп атайды: жану
18. Оттегіден кекйін 26% құрайтын элемент: кремний
19. Заттың оттекпен әрекеттесу реакциясын не деп атайды: тотығу
20. Оттегінің физикалық қасиеті:дәмсіз
21. Оттегінің салыстырмалы молекулалық массасы: 16
22.Атмосферада оттек бос күйінде неше %: 21%
23. Жер қыртысында қосылыс түрінде оттегінің массасы нешеге тең: 49,13 %
24. 1-ші буыны «алау, жалын» деген мағынаны білдіреді, 2- ші буыны «тек»
деген сөзден құралған. Бұл қандай элемент? Оттек
2.Өткен сабақты оқушылардың меңгергендігін зерттеу + , — таңбаларын санау. Тақтаға жазу.3.Дәптерге бүгінгі күнді және жаңа тақырыпты жаздыру. Қабылдауды ұйымдастыру. Тірек сөздер бойынша жұмыс
1. оттегі
2. қышқыл
3. оксид
4. озон
5. тотығу
6. жану
7. аллотропия 7 сөз – 30 секунд
Балалар «Қолдағы қалам -қателік» Есте сақтауға 30 секунд
Уақыт өтті . Ойымызды жинақтау үшін ШАПАЛАҚ .жазуға 1 мин 15 секунд беріледі.Уақыт бітті. Қолдағы қалам қателік. Дәптерімізді алмастырамыз. Кімде 7 сөз матрицаға белгілейміз. ІІ кезең бойынша неше бала + алғандығын айту. Тақтаға белгілеу.ІІІ . Оқушыларға жаңа тақырыпты оқуға 10 минут уақыт беріледі. Ойлауды ұйымдастыру.
Балалар мәтінді оқып, одан тірек сөздерді тауып, тақырып бойынша мазмұнын ашуы тиіс. Сонымен бірге балалар мәтінді көңіл қойып оқуға нұсқау алады. Себебі, мұғалім сабақты сұрау барысында ұсақ детальдарға көңіл қоятындығын ескертеді.
ШАПАЛАҚ .Уақыт кетті. Уақыт аяқталғаннан соң , жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылады.Жаңа тақырып бойынша қойылатын қарама-қарсы сұрақтар 8 мин
1. Озон қашан ашылды ?
Озонды кім ашты ?
Озон молекуласында қанша оттек атомы бар ?
Аллотропия дегеніміз не?
Озонның түсі қандай ?
Озонның массасы нешеге тең?
Зертханада озон алатын құрал қалай аталады?
Озон қабаты дегеніміз не ? Ол Жерді неден қорғайды ?
Озонды қайда қолдануға болады ?
Озон қабатына әсер ететін заттар ?
Аллотропия, аллотропиялық түр өзгерісі дегеніміз не?
Не себепті оттекті тотығу процесінде, ал озонды бактерияны жою үшін пайдаланады?
Озонның түзілуі және оның табиғаттағы маңызы қандай?
Жер бетіндегі тіршіліктің сақталуына озон қабатының ролі қандай ?
Озон қабаты қалай пайда боады ?
Неге озон жоғалады ?
Озон қалпына келе ме, оның қандай жолдары бар ?
Озонның салыстырмалы молекулалық массасы ?48
Озон қандай металдарды тотықтыра алады оттеке қарағанда? алтын, күміс, платина
Озонның атмосферадағы мөлшері ? 0,004%.
Фреондар деген не?
Озон қабаты қалай пайда болды?
Озон ненің аллотропиялық түр өзгерісі?
ІІІ-кезең бітті. + таңбасын санаймыз. Тақтаға белгілейміз.ІV –кезең. Жаңа тақырып бойынша сыни тұрғыдан сұрақтар: 7 мин
ҮІ. Бекітуді алғашқы ұйымдастыру.
Сын тұрғысынан сұрақтар қою.
Мұғалім оқушыларға сұрақ қойған кезде әдейі қате жауаптарымен береді. Дұрыс болса- «иә», қате болса- «жоқ» деп жауап беруі керек. Сын тұрғысынан сұрау кезеңі диагностикалық болып есептеледі. Бұл кезеңде мәтінмен жұмыс істеудің сапасы анықталады. Бұл кезең балалардың жұмыс істеу деңгейін, яғни, оқу техникасының көлемін және жылдамдығын көтеруді қалыптастырады.
Оттек элементінің молекуласы екі атомнан тұратын O2-ден басқа, кәдімгі жағдайда үш атомнан құралған газ тектес болып келетін тағы бір түрі-О3, яғни озон деп аталатын молекуласы бар. Ия
2.1785 ж голланд оқымыстылары жаңа газды анықтап, оның атын озон деп атаған. Оның оттек атомынан тұратын жай зат екені анықталған. Оның формуласы О3 молекуласы үш атомнан тұратын оттектің түрөзгерісі екені мәлім болмады. Жоқ
Озон көкшілдеу түсті, өзіне тән иісі бар (грекше «озо»-иісті) газ. Ия
Суда аз ериді, қайнау-112С, балқу температурасы-193С. Ия
Оттек газынан 1,5 есе жеңіл. Жоқ ауыр
Күшті тотықтырғыш. ия
Бояғыш заттарды түссіздендіретін қасиеті бар. Ия
Атмосфераның көгілдір түске боялуы озонға байланысты ма? Ия
Озон стратосфера қабатында жер бетінен 5-тен 60 шақырым аралығында биіктікте. Жоқ 15-50
Озон қабатының қалыңдығы бар болғаны бес шақырым ? ия
Оны озондық қабат деп атаймыз.ия
Ол қабатта озон концентрациясы орасан зор ма ? жоқ
Көлемі 3 млрд. тоннадан астам.? Ия
Зертханада озонды озонатор дейтін құралдың көмегімен алуға болады. Ия
Озонатор сыртынан металл сыммен оралған шыны түтіктен тұрады. Ия
Озон оңай ыдырайтын тұрақсыз қосылыс? Ия
Бір химиялық элементтің бірнеше жай зат түрінде болуы аллотропия деп ат алады. Ия
Жай заттар сол элементтің аллотропиялық түр өзгерістеріне жатпайды. Жоқ жатады
Оттекке қарағанда озонның ерекше химиялық белсенділігі байқалады, сондықтан озоны көп ауамен тыныс алуға болмайды. ия
Озон тым белсенді болғандықтан каучукты бүлдіреді, органикалық бояуларды түссіздендірмейді ма ? жоқ түсіздендіреді
Спиртке озон жанасқанда бірден тұтанып, жана бастайды. Ия
Озон күміс, алтын және платина тәрізді металдарды да тотықтырмайды № жоқ тотықтырады.
Озон электр зарядтарының әсерінен табиғатта найзағай ойнағанда және ормандарда қылқанды ағаштардың шайыры тотыққан кезде пайда болады. ия
Озонның түрлі заттармен қуатты әрекеттесуін пайдаланып, сасық иісті қалдықтарды зарарсыздандырып, сыртқы ортаны ластамайтын заттарға айналдырады. Ия
Оны қолдану арқылы ауыз суы мен ағын судағы, бөлме ауасындағы бактерияларды жояды. Ия
Матрицадағы + таңбаларын санап, тақтаға белгілеу.
Бейне көрсету қорытындылау(V- кезеңдер Сөз қоры 6 мин егер уақыт қалса-Балалар, кітапты жабамыз. Жаңа тақырып бойынша ЭССЕ жазу.Сөз қысқартылмаған түрде. Түсінікті етіп жазылады. Әр сөз сөйлем мүшесі болуы керек.Сөз қоры -63 5 минут уақыт беріледі. Уақыт өтті. Қолдағы қалам қателік. Әркім өз сөздерін санасын. Тақтадағы матрицаға белгілеу.)Ең көп жазған оқушыға оқыту.Бағалау. Күнделікке өз бағаларын өздері қояды.1 минҮйге тапсырма. Оттектің аллотропиясы, озон және озон қабатының Жердегі тіршілік үшін маңызы.