Саба? Т?уелсіз мені? ?аза?станым


Сабақ «Тәуелсіз менің Қазақстаным»
Екібастұз  қаласы білім бөлімінің №7 «Ботақан» бөбектер бақшасыкоммуналдық мемлекеттік қазыналық  кәсіпорнынаТәрбиеші: Кулимбетова Оразгүл Камалиқызы
Білім беру саласы: қатынас.
Бөлімі: тіл дамыту.
Сабақ мақсаты:
Туған елі, Отаны – Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, тәуеліздік туралы түсінік беру, сөздік қорларын байытып, тіл мәдениетін жетілдіру.
Қазақстан Республикасының рәміздері жөнінде түсініктер беру және білімдерін бекіту.
Мақал-мәтелдер, өлең, тақпақтар арқылы сөздік қорын дамыту. Түсіну, есте сақтау, жаттап алу қабылеттерін қалыптастыру.
Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу, ел азаматы атағына лайықты елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Отаным, тәуелсіз, мемлекет, елбасы, рәміздер, қыран, тұлпар.
Биленгвальды компонент: Отаным – Родина, тәуелсіз – независимый, мемелекет – государство, елбасы – президент, қыран – орел, тұлпар – тулпар.
Керекті құралдар: Қазақстанның картасы, елбасының суреті, Қ.Р. рәміздері.
Сабақ барысы: Сабақ еліміздің әнұранымен басталады.
Педагог:           Бейбіт таңдар арайланып атады,
                              Туған жерді аймалады шапағы.
                              Байтақ елім Қазақстан!
                              Ең бақытты балалардың Отаны!
-Балалар, барлығымыз да Қазақстан картасына назар аударайық. Мынау біздің байтақ жеріміз. (Қазақстанның жерін картадан көрсетеді). Қазақстанның табиғаты алуан түрлі, жері кең, байтақ. Оны білу, немесе түсіну үшін картаны пайдалану қажет. Сонда – қай жерде қала, әдемі ормандар, биік таулар, теңіз, көл, қазына байлықтары бар екендігін картадан білеміз.
Отан жайлы тақпақтарБайтақ дала-туған жердің,
        Қымбат маған әр тасы.
        Өзен-көлі, самал желі,
        Асқар тауы баршасы.
Алтын дәнді даласы бар,
         Ақ күмістей қаласы бар.
        Неткен сұлі неткен көркем,
        Осы менің туған өлкем.
Абай туған, Сәкен туған,
      Құрметте, досым, Қазақтың жерін!
     Қамбаға жылда мол астық құйған,
     Қазақстан- Республикам менің!
Педагог: Балалар, Отан туралы қандай мақал мәтелдер білеміз?
Отан -елдің анасы.
Отан оттан да ыстық.
Туған жердей жер болмас ,туған елдей ел болмас.
Отанды сүю отбасынан басталады.
Жері байдың елі бай.
Педагог: Жарайсыңдар, балалар! Ал біздің Отанымыздың бас қаласы қалай аталады?
Тақпақ: Астана- арман қала,
               Астана- сұлу қала!
               Біз оны анамыздай,
               Сүйеміз шынын да.
Сергіту сәті.
Көк жалау желбіре.
Асқақтап аспанда.
Жас ұлан, ел бірге.
Сап түзе, жасқанба.
Педагог: Біздің Қазақстанда тағы қандай орталық қалалары бар?( Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Тараз, Қостанай, Көкшетау, Талдықорған, Жезқазған, Орал, Өскемен, Семей, Шымкент)
-Ал сендер қай қалада тұрасыңдар?
-Біз Екібастұз қаласында тұрамыз-Екібастұз қандай қала?
– Екібастұз – әдемі, таза қала.
Тақпақ: Екібастұз -туған жеріміз,
               Екібастұз – туған үйіміз.
               Екібастұз – әсем қаламыз,
               Көңілді ән мен күйіміз.
Ән «Туған жер»
Педагог: Балалар, айтындаршы біздің Қазақстанның жері қандай?
– Қазақстанның жері бай үлкен әдемі.
– Қазақстанның жерінде не бар?
– Қазақстанның жерінде үлкен қалалар, ауылдар, көп үйлер бар жасыл орман, биік таулар, теңіз, өзендер бар.
Тақпақ: Менің елім – Қазақстан,
Бар ғой онда бәрі де
Өзен де, орман көл де бар.
Жайнаған сансыз қаласы бар.
Жайқалған жомарт даласы бар.
Педагог: Таңғажайып атыңда дәл табыдыТабылды да талай жұртқа таңыладыТуған елім, көкке жетті көк туың!
Сен, Тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі!
– Біздің Қазақстан егеменді ел, тәуелсіз мемлекет. Біздің егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 24 жыл болып қалды.
– Балалар, сендер Тәуелсіздік алдық дегенді қалай түсінесіндер?
– Тәуелсіздік алдық дегеніміз- өзіміздің жеріміз, еліміз, теңгеміз, туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.
Педагог: Дұрыс айтысыңдар, балалар. Ал Тәуелсіздік мерекесіне арналған қандай тақпақ білесіңдер?
Бабамның да арманыОсы еді ғой аңсағанТәуелсіздік таңдарыБақ береді баршағаКөк туымды қолымаБүгін берік ұстадымТүсті бақыт жолымаМенің Қазақстаным!
Педагог: Біздің Қазақстанда көп ұлттар тұрады. Олар қалай тұрады екен?
– Олар – бір бірімен дос, тату тұрады.
Би “Достық шеңбер”
Педагог: Әр мемлекеттің өзінің елбасшысы бар. Біздің Қазақстанның елбасы кім?
Елімде бейбіт тыныш заман болсын,
Тілеймін әр адамға бақыт қонсын,
Елімнің ел ағасы елбасшымызНұрсұлтан Назарбаев аман болсын!
Педагог: Әр мемлекеттің өзінің белгілері бар. Балалар, сендер Отанымыздың қасиетті белгілерін, рәмәздерін білесіңдер ме?
– Дұрыс, мемлекеттің рәміздері: елтаңба, ту, әнұран жатады. Осы рәміздер туралы жеке түсінік берейік. Мынау Қазақстан Республикасының туы. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды, көк ортасында күн шуағы. Астында қыран құс ұшып келе жатыр. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың өмірі күндей жарқырап, қырандай самғай бер дегені. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков.
Біздің ту
Айнымайды аспаннанБіздің тудың бояуыОны халық қашандаБиікке іліп қоядыДидактикалық ойын “Өз туынды тауып ал”
Педагог: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы. Елтаңбаның орталық элементі шаңырақ. Шаңырақ бастауы -отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар – мәңгілік өмір, болашақ үміт артар жас ұрпақтың арманы самғау биігі. Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де – осындай жұлдызы болуы керек. Елтаңбаның төменгі жағында Қазақстан деген жазу. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының авторы, сәулетшілері: Шота Уәлиханов пен Жандармек Мәлібеков.
Тақпақ елтаңбаЕлтаңбасы елімніңНеткен әйбат әдеміТұнығындай көңілдіңОртада аспан әлеміҚұт береке шаңырақОрын алған ол төрденҚанатты қос арғымақЕкі жақтан көмкергенПедагог: Ал Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын сөзін жазғандар Жұмекен Нәжміденов Нұрсұлтан Назарбаев әнін жазған Шәмші ҚалдаяқовДидактикалық ойын: “Басқа әуендердің ішінен әнұранды тап”
Тақпақ           Әнұраны елімнің                        Шақырады бірлікке                        Егеменді халқымның                         Болашағы бірліктеПедагог: Жарайсыңдар балалар! Ал енді біздің мемлекеттік тіліміз қандай болады?
Мемлекеттік тіл қазақ тілі1.Жарық біздің күніміз                                                       2.Бақыт құсы қонды ғойБіз өмірдің гүліміз                                                                  Менің туған елімеҚазақстан Жан Отан                                                         Тіліміз бен дінімізҚазақ тілі – тіліміз                                                               Қайта келді еліме!
Тіл туралы мақалдар дидактикалық ойын арқылы. “Мен бастаймын сен қошта”
– Тіл (қылыштан да өткір)
– Тілі тәтті (көңілі қатты)
– Ең ащы да тіл– Ең қатты да тіл– Тіл (көңілдің кілті)
Педагог: Ал балалар, Қазақстан Республикасы қазіргі кезде бай да, бақытты болашағы зор, тәуелсіз егеменді ел. Олай болса осындай мемлекетте тұратын біз бақыттымыз.
– Балалар, естеріңде-болсын. Қазақстан Республикасының рәміздерін, мемлекеттік тілін құрметтеу керек, өз еліңді, жеріңді қорғау керек, халқына адал еңбек ету керек. Сонда ғана азамат, азаматша болып ер жетесіңдер!
Туған тілді білу парызТуған жерді сүю парызОтанды қорғау парыз!
Күтілетін нәтиже: Балаларды өз елін қорғауға, рәміздерін силауға, елбасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Меңгеруі: Қазақстан Республикасының рәміздерін сипаттай білу, рәмізердін авторларын білу.
Қолдануы: Өз  елі туралы, елтаңба туралы мақал-мәтелдерді қолданады