Урок на тему Т?уелсіз мені? ?аза?станым


Тәрбие сағатының тақырыбы:”Тәуелсіз менің Қазақстаным”
Сабақ мақсаты:
Туған елі, Отаны – Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, тәуеліздік туралы түсінік беру, сөздік қорларын байытып, тіл мәдениетін жетілдіру.
Қазақстан Республикасының рәміздері жөнінде түсініктер беру және білімдерін бекіту.
Мақал-мәтелдер, өлең, тақпақтар арқылы сөздік қорын дамыту. Түсіну, есте сақтау, жаттап алу қабылеттерін қалыптастыру.
Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу, ел азаматы атағына лайықты елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Отаным, тәуелсіз, мемлекет, елбасы, рәміздер, қыран, тұлпар.
Көрнекіліктер: Қазақстанның картасы, елбасының суреті, Қ.Р. рәміздері.
Сабақ барысы: Сабақ еліміздің әнұранымен басталады.
Бейбіт таңдар арайланып атады,
                              Туған жерді аймалады шапағы.
                              Байтақ елім Қазақстан!
                              Ең бақытты балалардың Отаны!
-Балалар, барлығымыз да Қазақстан картасына назар аударайық. Мынау біздің байтақ жеріміз. (Қазақстанның жерін картадан көрсетеді). Қазақстанның табиғаты алуан түрлі, жері кең, байтақ. Оны білу, немесе түсіну үшін картаны пайдалану қажет. Сонда – қай жерде қала, әдемі ормандар, биік таулар, теңіз, көл, қазына байлықтары бар екендігін картадан білеміз.
Отан жайлы тақпақтар1.Алтын дәнді даласы бар,
         Ақ күмістей қаласы бар.
        Неткен сұлі неткен көркем,
        Осы менің туған өлкем.
Балалар, Отан туралы қандай мақал мәтелдер білеміз?
Отан -елдің анасы.
Отан оттан да ыстық.
Туған жердей жер болмас ,туған елдей ел болмас.
Отанды сүю отбасынан басталады.
Жері байдың елі бай.
Жарайсыңдар, балалар! Ал біздің Отанымыздың бас қаласы қалай аталады?
Астана- арман қала,
               Астана- сұлу қала!
               Біз оны анамыздай,
               Сүйеміз шынын да.
Сергіту сәті.
Көк жалау желбіре.
Асқақтап аспанда.
Жас ұлан, ел бірге.
Сап түзе, жасқанба.
Біздің Қазақстанда тағы қандай орталық қалалары бар?( Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Тараз, Қостанай, Көкшетау, Талдықорған, Жезқазған, Орал, Өскемен, Семей, Шымкент)
-Ал сендер қай қалада тұрасыңдар?
-Біз Аяғөз қаласында тұрамыз-Аяғөз қандай қала?
– Аяғөз – әдемі, таза қала.
Балалар, айтындаршы біздің Қазақстанның жері қандай?
– Қазақстанның жері бай үлкен әдемі.
– Қазақстанның жерінде не бар?
– Қазақстанның жерінде үлкен қалалар, ауылдар, көп үйлер бар жасыл орман, биік таулар, теңіз, өзендер бар.
– Біздің Қазақстан егеменді ел, тәуелсіз мемлекет. Біздің егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл болды.
– Балалар, сендер Тәуелсіздік алдық дегенді қалай түсінесіндер?
– Тәуелсіздік алдық дегеніміз- өзіміздің жеріміз, еліміз, теңгеміз, туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.
Дұрыс айтысыңдар, балалар. Ал Тәуелсіздік мерекесіне арналған қандай тақпақ білесіңдер?
Бабамның да арманыОсы еді ғой аңсағанТәуелсіздік таңдарыБақ береді баршағаКөк туымды қолымаБүгін берік ұстадымТүсті бақыт жолымаМенің Қазақстаным!
Біздің Қазақстанда көп ұлттар тұрады. Олар қалай тұрады екен?
– Олар – бір бірімен дос, тату тұрады.
Би “Достық шеңбер”
Әр мемлекеттің өзінің елбасшысы бар. Біздің Қазақстанның елбасы кім?
Елімде бейбіт тыныш заман болсын,
Тілеймін әр адамға бақыт қонсын,
Елімнің ел ағасы елбасшымызНұрсұлтан Назарбаев аман болсын!
Әр мемлекеттің өзінің белгілері бар. Балалар, сендер Отанымыздың қасиетті белгілерін, рәмәздерін білесіңдер ме?
– Дұрыс, мемлекеттің рәміздері: елтаңба, ту, әнұран жатады. Осы рәміздер туралы жеке түсінік берейік. Мынау Қазақстан Республикасының туы. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды, көк ортасында күн шуағы. Астында қыран құс ұшып келе жатыр. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың өмірі күндей жарқырап, қырандай самғай бер дегені. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков.
Біздің ту
Айнымайды аспаннанБіздің тудың бояуыОны халық қашандаБиікке іліп қоядыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы. Елтаңбаның орталық элементі шаңырақ. Шаңырақ бастауы -отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар – мәңгілік өмір, болашақ үміт артар жас ұрпақтың арманы самғау биігі. Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де – осындай жұлдызы болуы керек. Елтаңбаның төменгі жағында Қазақстан деген жазу. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының авторы, сәулетшілері: Шота Уәлиханов пен Жандармек Мәлібеков.
Ал Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын сөзін жазғандар Жұмекен Нәжміденов Нұрсұлтан Назарбаев әнін жазған Шәмші ҚалдаяқовАл балалар, Қазақстан Республикасы қазіргі кезде бай да, бақытты болашағы зор, тәуелсіз егеменді ел. Олай болса осындай мемлекетте тұратын біз бақыттымыз.
– Балалар, естеріңде-болсын. Қазақстан Республикасының рәміздерін, мемлекеттік тілін құрметтеу керек, өз еліңді, жеріңді қорғау керек, халқына адал еңбек ету керек. Сонда ғана азамат, азаматша болып ер жетесіңдер!