Мені? т?уелсіз ?аза?станым дошкольники


Тақырыбы: «Менің тәуелсіз Қазақстаным»
Мақсаты: отансүйгіштік сезімді және өз Отанына деген сүйіспеншілікті, Қазақстан Республикасының шекарасында тұратын халықтардың салт дәстүрлері мен әдет ғұрыптарына деген құрметті тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру әдісі, баяндау әдісі, сұрақ жауап әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, рәміздер,бүктемелер мен фотомонтаждар.
«Көк тудың желбірегені» әуені ойналып тұрады.
Әже: Амансыңдар ма балалар! Міне менде алыс жолдан сендерді сағынып жеттім-ау әйтеуір.Сендер бүгінгі мерекені ұмытып кеткен жоқсыңдар ма?
- Бүгін қандай мереке екенін білесіңдер ме?
-Дұрыс айтасыңдар. Ал бұл мерекені қай айда тойлайды?
- Елімізде тағы қандай ұлт өкілдері тұрады?
-Жақсы. Балалар кім онға дейін санай алады?
Тәрбиеші:Саламатсызба әже, мерекеңіз құтты болсын, сіздің келгеніңіз қандай жақсы болды, немерелеріңіз бір қуанып қалдығой. Міне балалар енді әжелеріңді қуантып санамақ айтып беріңдер.
Санамақ айту
Әже:Жарайсыңдар балалар тамаша орындадыңдар. Мерекелерің құтты болсын, айналайындарым, үлкен жүрегі таза еліміздің болашағы үлкен болып өсіп өркендей беріңіздер.
Немере:Әже мен мерекелерді жақсы көремін. Бұл ғажап емес пе: ән, би, көтеріңкі көңіл күй, ойындар.
Әже: Иә, айналайын. Мереке- бұл керемет, және бүгінгі мерекемізді біз міндетті түрде көңілді, қуанышты, үлкен тату өткіземіз.( «Бақытты балалық шақ» суреттермен жұмыс).

Тәрбиеші:- Балалар біз қай елде өмір сүріп жатырмыз?
- Біздің елбасымыздың есімі қалай аталады?
- Біздің елордамыз қалай аталады?
- Өзіміз тұратын қаланың аты қалай аталады?
- Рәміздеріміз қалай аталады?
Жарайсыңдар балалар, өте жақсы жауап бердіңдер.
Қане барлығымыз орнымыздан тұрып ән шырқайық.

Ән: «Елтаңбасы елімнің»
( музыка әуенімен ортаға батырлар келеді)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар сендер көп нәрсені білдіңдер.
Немере: Әже, біз әдемі сөйлеп қана қоймай, Қазақстанда тұратын әр халықтың биін билеуді білеміз.
Әже:Қане ,ендеше ортаға шығып өнерлеріңді көрсетіңдер.
Әр ұлттың билерінен поппури
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар, әже сіздің немерелеріңіздің бүгінге дайындаған өлеңдері бар қабыл алыңыз!
Тақпақтар: 1,2,3,4,5.
Әже:Бұл үлкен мереке, біздің тәуелсіз егемендігімізді білдіргеннен кейін ұлттық ойынды ойнамауға болмайды балалар. Мен сендерді ортаға ойын ойнауға шақырамын.
Ұлттық ойндар:«Бәйге», «Көкпар», «Асық ату», «Бес тас» т.б. ойнап балалар өз белсенділігін танытады.
Тәрбиеші:Тамаша, жарайсыңдар балалар! Ал енді ортамызға келген әжемізбен бірге қосылып ән салайық.
Ән: «Тәуелсіз елдің ұраны»
Немере: Әже сіз мерекені бізбен қарсы алғаныңыз қандай жақсы болды.
Тәрбиеші: Иә балалар, дұрыс айтасыңдар, әже сізге үлкен алғысымызды білдіріп сізден ақ батаңызды беруіңізді сұраймыз.
( әже бата береді, балалар әжесімен қоштасады).

Бекітемін
№32 «Қуаныш» МДҰ –ның
меңгерушісі: А.Е. Есқалиева
_______________________

«Менің тәуелсіз Қазақстаным»
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тақырыптық ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
/ Бәйшешек ортаңғы тобы /
Дайындаған: саз жетекшісі Аетова Л.Т.
Топ тәрбиешілері: Қуат Ж.Б.
Қали К.
Ақтөбе 2015 ж