?аза? тілі саба?ында коммуникативтік технолгияны о?ушыларды? мотивациясын арттыру туралы ретінде ?олдану


Қазақ тілі сабағында коммуникативтік технолгияны оқушылардың мотивациясын арттыру туралы ретінде қолдану
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуды жаңаша тауып, оны жүйелі түрде қалыптастыру – заман талабы. Қазақ тілінің негізгі мақсаты – оқушыларға қазақша үйрету болғандықтан, мұндағы негізгі жұмыс – сөз үйрету. Ал сөйлем құрату, грамматикалық ережелер сөз үйретудің техникасы. Ғылым мен техниканың жылдан жылға жедел қарқынмен дамуына байланысты шәкірттерге білім беруге жаңа технологияларды енгізу – оқушылардың білімін көтеруде үлкен әсер етіп отыр. Жаңа технологияларды қолданғанда оның әрбір кезеңдерін ұстаз өзі жақсы түсініп, оқушыларға жеткізе білу керек. Жаңа технологияларды күнделікті сабақта қолдану үшін, ұстаз алдында отырған шәкірттердің жас ерекшеліктерін таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда ұстаз белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі ереше орын алады.
Мен өте жиі қолданатын технолгия – коммуникативтік технология (қарым-қатынас технологиясы). Бұл технологияны 5-7 сыныптарда қолданамын. Оқушылардың сөйлесу жағдайы күнделіктегі өмірдегі қарым-қатынасқа ұқсас болуы керек (мысалы: «Дүкенде», «Дәрігердің қабылдауында», «Кітапханада» тағы басқа тақырыптарға сұхбаттар). Сабақта ТОҚ (техника оқыту құралдары), көрме дидактикалық материалдар (слайдтар, суреттер...), жаңалық (сабақтың әр түрлері-саяхат сабағы, диспут сабағы) және оқыту тәсілдері (топпен, жұппен оқыту), сонымен қатар оқушылардың өзіндік өзгешеліктерін ескеру қажет (қабілеті, сөйлеу мүмкіншілігі, жас ерекшілігі).
Тілдің қызметі (сөйлесу принципі) оқушыларды жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, грамматикалық ережелерді дұрыс қолдануға үйетуді қажет етеді. Мысалы: «Менің отбасым» тақырыбын алайық (суреттер).
Суреттер арқылы отбасы мүшелерімен таныстырамын.
Суреттер арқылы әртүрлі мамандық аттарымен таныстырамын.
Зат есімнің тәуелдік жалғаулары, жіктеу есімдіктерімен таныстырамын.
Сызба арқылы жай сөлемнің құрылымымен таныстырамын.
Менің ... бар.
Әкем – құрылысшы.
Осы тақырып бойынша сұхбат (диалог) құрастырамыз.
Шығын шығарма.
Бұл принцип оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырады және сөйлеуін жеңілдетеді. Оқыту кезінде әр оқушының аз да болса жетістігін елеп-ескеріп, мақтап қойған жөн. Коммуникативтік технология баланы бірден әлеуметтік жағдайлар арқылы сөйлеуге үйретуге мүмкіншілік береді. Мұның бәрі оқушылардың тілдік белсенділігін арттыру негізі болып табылады. Оқушылардың рөлдік ойындарға қатысуы қарым-қатынас қуанышына бөлейді, ал тілдік қарым-қатынас қуанышы оқуға деген қызығушылығын қалыптастырады. Рөлдік ойындарды оқу, жазу, аударумен алмастырып отырамын.
Коммуникативтік технологияны қолданғанда оқушылардың тілдік белсенділігі артып, сынып алдында өздерін еркін ұстауға көмектесетінін дәлелдеді. Қазіргі біздің қоғамымызға адамдармен еркін сөйлесіп, тіл табыса алатын (коммуникативті) адамдар керек. Өйткені олар ертеңгі сатушы, дәрігер, кәсіпкер, заңгер тағы басқа салаларда жұмыс істейтін мамандар болады.
Пәнді дәстүрлі әдіс-тәсілдерді түрлендіре отырып және жаңа технологияларды ұтымды пайдалана оқыта білсек, біз оқушының бойында тілге деген қызығушылықты арттыруымыз сөзсіз.
Қазіргі уақыт талабы – білім алушының білімінің нақтылығы, тереңдігі. Терең білімге күнделікті сапалы жұмыстың нәтижесінде ғана жетуге болады. Сапалы жұмыс – сабақты сапалы ұйымдастырудан бастау алады.
Абишева Жумакуль Амировна
Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі
«Садовый орта мектебі» ММ