Урок по казахскому языку на тему ?й жануарлары мен жабайы а?дар туралы ?айталау (4 класс)



Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қ.
«№7 орта мектеп» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мұхамеджанова Құралай Ғазезқызы
Қазақ тілі 4 – сынып
Тақырыбы: Үй жануарлары және жабайы аңдар туралы қайталау.Мақсаты:  
Білімділік: Үй жануарлары және жабайы аңдар туралы қайталау. Жануарларды бағып, күту туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Жануарларға  байланысты  көрнекіліктерді  пайдалана  отырып, балалардың ой- өрісін,  сөздік  қорын  дамыту.  Байланыстыра  сөйлеуге  үйрету. Сөйлеу  мәдениетін, ауызекі сөйлеу  дағдыларын  қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың  жануарларға  деген сүйіспеншілік  сезімдерін  арттырып, оларға  қамқорлықпен  қарауға  тәрбиелеу, қызығушылықтарын ояту.
Көрнекі  құралдар: Үй жануарлары және жабайы аңдарға байланысты  суреттер, ақ  парақ,  түрлі-түсті бояулар, дидактикалық  ойындарға  байланысты үлестірмелі суреттер, бейнетаспа.
Сабақ  түрі:   Қайталау сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын.
Сабақтың типі: жеке жұмыс,топпен жұмыс.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу 2. Түгендеу 3. Оқушылар назарын сабаққа аудару
- Оқушылар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Өз қонақжайлығымызды ұйымшылдық, тәртіп, ең бастысы сәлеміміз арқылы көрсетейік. а/ сәлемдесу. ә/ оқушыларды психологиялық дайындау.
- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар!
- Сәлеметсіз бе!
- Енді оқушылар қонақтармен амандасайық.
Оқушыларды екі топқа бөлу.

- Оқушылар қазір бізде қандай сабақ?
б/   Қазақ тілі – бал тілім.
Өзің барда шалқыдым.
Тілімнен нәр табармын,
Тіліме кім тағар мін?  - деп , қазақ тілі сабағымызды бастайық.
- Балалар, өздерің, бір-бірлеріңе не тілейсіңдер?
- Қайырлы таң достарым -  (1 оқушы)
- Қайырлы күн болсын! -    (2 оқушы)
- Аптаның әр күні,
Сәттілікке толсын !    -     (3 оқушы)
- Біздің алған бағамыз,
Кілең бестік болсын!  -    (бәрі).
- Өте жақсы.
II. Үй тапсырмасын тексеру. «Бәйге» ойыны

III. Жаңа тақырыппен, мақсатымен танысу.
1. Топпен жұмыс: Екі топқа екі түрлі тапсырмалар таратылады. 
2. Үй жануарлары және жабайы аңдарға байланысты сөзжұмбақтар шешу.
3. Тыныштық сәті. Бейнетаспадан  жануарлардың дауысын,  сылдырап  аққан  судың, ағаштардың  сыбдырын,табиғаттың алуан  құбылыстарын  көріп тамашалады. 
Әңгімелесу. Балалар  суреттен  қандай  жануарларды  көрдіңдер?                    Не  себепті үй  жануарлары  дейміз?                    Үй  жануарлары  не береді?                    Жабайы  аңдар  қайда тіршілік етеді?                    Жабайы  аңдар  немен қоректенеді?
Үй  жануарларының  қандай пайдасы  бар?
4. Топтастыру.

5.Фонетикалық талдау жасау.
6. «Төлін тап» ойыны.

7. «Қайталай ғой» ойыны

8. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. 1 топ. Сиырдың төлі - ... . Қойдың төлі - ... . Жылқының төлі - ... . Түйенің төлі - ... . Ешкінің төлі - ... . 
2 топ. Қасқырдың баласы - ..... . Аюдың баласы - ...... . Қоянның баласы - ..... . Түлкінің баласы - ........ .түлкішек
9.  Сергіту сәті.

10. Сөз тіркестерін қазақшаға аудару. 1 топ. Домашние животные, широкая степь, хитрая лиса, большой лев, злой волк.
2 топ. Дикие животные, густой лес, быстрый суслик, пугливый заяц, длинный жираф.
11. Ребустарды шешу:

12. Жұмбақтар шешу:
13. Ойын: «Жануарларды ажырату»
Үй жануарларын атағанда шапалақ соғады, жабайы аңдарды атағанда шапалақ соқпайды.
14. Ой қорыту.    Дидактикалық  ойын «Кесте толтыру»
Үй жануарлары Жабайы аңдар
15. Жүректен- жүрекке. 16. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
17. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!