Электив курс. «?аза?ты? ?лтты? ?ол?нері»


№75 мектеп-гимназия.
Технология пәні мұғалімі Мадиева Дина Полатқызы
Электив курс. «Қазақтың ұлттық қолөнері»
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімімен киіндірілген қуыршақ жасау.
Сабақтың түрі: Аралас, дәстүрлі сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Білім беру: Оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімін киген қуыршақтар жасау туралы түсінік қалыптастыру; сәндік қолөнер, қуыршақты тігу тәсілін дұрыс қолдану және балалардың алған білімдерімен іскерліктерін шығармашылық тұрғыда ойлай білуіне ықпал ету.
1.Дамытушылық: Қуыршақтың денесін бетін, шашын түрлі материалдардан жасау барысында балалардың ой-өрісін арттыру.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып, қолөнер бұйымдарына деген қызығушылығын ояту.
3.Сабақтың материалды –техникалық жабдықталуы:
Мұғалімдер үшін: иллюстративті материал, құрал-жабдық үлгілері; бұған плакат, сызба нұсқаулық, қолдан тігілген қуыршақ түрлері жатады.
Сабақтың барысы: Ұлттық киім түрлері, оларды қолдану мақсатымен таныстыру.
Қазақ халқының ұлттық киімдері кең байтақ жеріміздің аймақтық ерекшелігіне қарай ерекше үлгілер жасалған. Олардың кейбірін Жетісу үлгісі, Арқаның үлгісі деп бөліп жатады. Қазақтың ұлттық киім үлгілеріне көршілес орыс, тәжік, қырғыз, түркімен халықтарының киім тігу тәсілдерінің де тигізген ықпалы мол. Қыпшақтардың ішкі-сыртқы киімдері көшіп-қонуға еркін, жүріп-тұруға, ауа райының барлық жағдайларына қолайлы етіп тігілген. Ұлттық киімдер төзімді, ыңғайлы, қарапайым да әсем болған, мұндай киім киген адамдарға қыстың қаһарлы аязы, жаздың аптап ыстығы, күздің қара суығы, жауын-шашын ешбір қауіп-қатер төндіре алмаған.
Сәбит Мұқанов былай дейді: «Адамға ауа-райының қолайсыз жағдайынан қорғану үшін және көріктілік үшін киім қажет. Ертедегі адамдардың киім-кешектері мал терісінен жасалған. Әсіресе, тері сырт киім үшін пайдаланылады.
Көшпелі қазақтар ішкі-сыртқы киімдердің бәрін жүріп-тұруға бөгет жасамайтындай етіп тіккен.
Ұлттық киімді пайдалану, тұтыну ерекшеліктеріне қарай:
күнделікті
сәндік киімдер
Ұлттық киімді пайдалану, тұтыну ерекшеліктеріне қарай:
күнделікті
сәндік киімдер

Жыл мезгілдеріне байланысты:
жыл мезгілдеріне байланысты
қыстық
маусым аралық
жаздық
жыл мезгілдеріне байланысты
қыстық
маусым аралық
жаздық
Жас және жыныс ерекшеліктеріне сәйкес:
Жас және жыныс ерекшеліктеріне сәйкес
сәби киімі
Бозбала, жас жігіт киімі
бойжеткен киімі
қалыңдық киімі
бәйбіше киімі
күйеу, ақсақал киімдері
Жас және жыныс ерекшеліктеріне сәйкес
сәби киімі
Бозбала, жас жігіт киімі
бойжеткен киімі
қалыңдық киімі
бәйбіше киімі
күйеу, ақсақал киімдері

Шапан. Қазақтар оны «жағалы киім» ретінде бағалайды. Адамға «шапан кигізу», «иығына шапан жабу» – үлкен құрмет. Бұрындары хандар батыр, би, жақсы-жайсаңдарына дәреже бергенде соның белгісі ретінде арнайы тіктірткен шапанды олардың иығына жапқан, түрлі мемлекеттік қатынастарды бекіту белгісі ретінде де шапан жіберетін болған. Қазақта ат мінгізіп, шапан жабу дәстүрі қазір де бар. Ханның өзі киген шапанын сыйға алу – қазақ халқында үлкен мәртебе.
Киімдерге қатысты ырымдар мен тыйымдар
Киімнің жағасын баспайды. Ол жамандық шақырады.
Баланың иткөйлегін аяқ асты етіп, далаға тастамай, қастерлеп сақтайды, кім көрінгенге бермейді. Оның сыры, қазақтар иткөйлек баланың бақытын сақтайды, сәбидің бақыты иткөйлек киген күннен басталады деп сенеді. Кебіс – «табандық киім». Даладан үйге кірген адам қалыптасқан ғұрып бойынша кебісін шешіп, оң жақ босағаға қатарластырып, тұмсығын отқа, сірі өкшесін іргеге қаратып қоюға тиісті.
Қазақтың ұлттық киімдері – халқымыздың ақыл-ойы мен биік эстетикалық талғамының жемісі. Басқа ұлттық киімдерді былай қойғанда, қазақ халқы ежелден шапанды, қамзолды, тақия мен бөрікті айрықша киелі киім санап, қадір тұтқан. Ел басқарған хандар мен сұлтандар қазақы қалыптың, ұлтымыздың айрықша белгісіндей болған шапанды иықтарынан тастамаған. Тіпті хан мен сұлтандардың өздеріне ғана тән мінезін үстіне киген шапандары ешкім айтпай-ақ айқындап тұрған. Тік жағалы, қайырма жағалы, жағасыз, сырылып тігілген шапан түрлері көп
.Сергіту сәті. Тігін ісіне байланысты жұмбақтар шешкізу.
Табаны жоқ бозжорға,
Желіп кетсе жеткізбес
Жерге түссе таптырмас. (Ине)
Екі пышақ бірлесіп,Кесіп-пішіп береді.
Екеуі бірге жүрмесе
Жоқ қой бізге керегі (Қайшы)
Сарамандық жұмысқа түсіндірме жұмыстары.
Қуыршақ тігіп, оларды ұлттық киімдермен киіндіру үшін тігіс түрлерін білу қажет. Шапанды тігу үшін, қайып тігу тәсілі қолданылады. Алдымен инені сабақтау, жіптің ұшын түю тәсілдерін оқушылардың есіне есіне түсіру керек. Оқушыларға «қайып тігу» тәсілін түсіндіреді. Егер «көктеп тігу» тәсілінде әрбір тігіс арасында бос қадам қалып отырса, «қайып тігу» тәсілінде ондай қадам қалмайтындығы айтылады және сызбадан, нақты іспен көрсетіп түсіндіреді. Сонда «қайып тігу» деген ұғым «қайтарып тігу» деген сөздің айтылуын жеңілдетіп «қайып» деп кеткендігі түсіндіріледі.
«Қайып тігу» тәсілінің орындалу технологиясын технологиялық карта арқылы көрсете отырып үйрету.
Жұмысты бастамас бұрын мұғалім оқушылардың сабақталған жібінің ұзындығын, ұшының дұрыс түйілгендігін, материалдың қажетті көлемде алынуын тексеріледі.
Оқушылар практикалық жұмысқа дайын болған соң, «қайып тігу» тәсілін үйретеді:
1. Мата жиегіне салынған белгіден инені шаншып, оны теріс бетінен оң бетіне өткізеді. Жіптің түйіні матаның теріс бетінде қалады.
2. Ине ұшын матаның өңіне салынған белгі бойымен бір қадам шанышқызып, оның ұшын екі қадам ілгеріден шығарады. Жіпті суыра тартып, тігісті бекітеді.
3. Алғашқы бірінші қадамдағы тігіс шеті мен екінші рет иненің ұшы шыққан аралықтағы бос қадамды тігіспен толтыру үшін, инені кейін қайтарып, бірінші тігісті жалғастыра инені шаншып, үшінші рет бір қадам бос қалдыра ине ұшын шығарып, жіпті суыра тартып, тігісті бекітіп отырады. Сөйтіп, «қайып тігу» тәсілінде бос қадам болмай, тігіс тегіс орындалады. Мұндай тігіс мықты болады.
Өзіндік жұмыс. Сәйкестендіру кестесін орындау.
Ұлттық киімдеріміз пайдалану, тұтыну ерекшеліктеріне қарай:
күнделікті,
сәндік киімдер,
жыл мезгілдеріне байланысты: қыстық, маусым аралық,
жаздық, күздік киімдер
Жас және жыныс ерекшеліктеріне сәйкес ұлттық киімдер мынандай түрлерге жіктеледі:
сәби киімі
бозбала киімі
бойжеткен киімі
қалыңдық киімі
күйеу, жас жігіт,
ақсақал киімдері
Қазақтың ұлттық үлгісімен киінген театрлық қуыршақтар жасауға болады (І-сурет. Қуыршақтың жалпы көрінісі).
. Енді осындай қуыршақтың жасалу жолының үлгісіне тоқталып өтейік.

114300136017000Қуыршақты паралоннан не картоннан жасауға болады. Денесінің жоғары жағына матадан жасалған қуыршақтың басын және қолын кон-дыру керек. Оның киімі, бас киімі әр турлі қалдық маталардан жасалады. Қуыршақтың үлгісін алдын-ала да-йындап, сыртқы құрылысын жасау керек. Ол үшін үлгісін қолдағы мате-риалдардың (картон, паралон, қағаз) устіне үлгіні қойып, калам, не бор арқылы сызып алып, кесеміз. Кескен кезде бұлардың бір-біріне қиылысуын ескеру керек.
Егер қуыршақтың сыртқы құры-лысы картоннан не қағаздан өрілсе, онда кез келген желіммен жапсыра берген жөн. Оның құрылысы мықты болуы үшін, әр жерінен жіппен тігуге де болады. Ал енді паралоннан жа-салса, онда ешқандай артық кыркыл-майды, дәлме-дәл кесіледі. Оның екі шеті тігіледі. Тігіс көрінбеу үшін, сәнді болу үшін, тігіс үстін лентамен, не шілтермен желімдеу керек. Қуыр-шақтың ішкі құрылысы қағаздан не картоннан жасалса, онда матамен қаптап желімдесе әрі сәнді, әрі мықты келеді. Ішкі құрылысын құрастырған соң, қуыршақтың басын жасауға кірісеміз. Оны қаттылау, домалақ етіп тігу керек (2 а сурет). Тігілген қуыр-шақтың басының беткі жағы қыржым болмауы үшін тігістерін арт жағына келтіріп тігу керек. (2 ә сурет). Осы дайындаған басқа бет пішінін келтіру керек. Ол үшін 2 б суреттегідей көз (1, 2) бен ауыз жиектерін (3,4) нүкте арқылы белгілейміз. Нүктені белгілеп болғаннан кейін жіп арқылы ернекте- Сурет-1 уді бастаймыз. Ол үшін инеге жіпті екі қабат етіп өткізіп алып, 3-ші нүктенің арт жағынан сабақталған инені өткіземіз (жіп түйіні арт жағында қалып отыруы керек). Онан соң 3-ші нүктеге майда тігісті тігіп, 3-ші нүкте-ден 1-ші нүктеге қарай инені өткізу керек (2 в сурет). 1-ші нүктеге жіппен белгі салып болған соң, инені кері 3-ші нүктеге өткіземіз (2 г сурет). 3-ші нүктеден 4-ші нүкте арқылы са-бақталған инені 2-ші нүктеге откіземіз (2 д сурет). 2-ші нүктеге белгі салып болған соң, 4-ші нүктеге сабакталған инені кері өткіземіз. Осы жіптің ұшын арт жағына бекітеміз. Әрі қарай ба-стағы көздің сәл жоғары жағынан (5-6 нүкте) қастың орнын белгілейміз (2 е сурет). Бастың арт жағынан сабақталған инені 5-ші нүктеге өткіземіз. Оны белгілеп, 5-ші нукгеден


Сурет - 2
6-шы нүктеге сабақталған инені өткіземіз. Осы жіптің ұшын арт жағына бекітеміз.
Көз бен ауыздың аралығынан (7-8-ші нүкте) мұрынды белгілейміз (2 ж сурет). Бастың арт жағынан 7-ші нүктеге өткізіп, белгі салып болғаннан кейін 8-ші нүктеге өткіземіз де белгілеп, жіптің ұшын арт жағына бекітеміз. Беттің құрылысын құрастырып болғаннан кейін (көз, мұрын, ауыз, қас) оған шашты тігеміз. Ол үшін қара жіпті (жүннен, мақтадан, синтетикадан) картонға орап аламыз ет). Осы оралған жіптің ортасынан тігіс жүргіземіз (3 ә сурет) Картонның төменгі жағынан жіпті кесіп (3 в сурет) кесілген екі жіптің ұшын шаш етіп өреміз. Дайын болған соң оны қуыршақтың басына желімдейміз немесе тігеміз (3 в сурет).
-50800-74612500 Қазақша көйлек.
Келесі кезең — қуыршақтың киімін дайындау. Ол үшін бір түсті мата қалдығын дайындаймыз. Көйлек пен кеудешені тігу ұшін үлгі-құрылысын пайдаланамыз. Үлгіні қию үшін матаның теріс бетіне үлгіні салып, қаламмен, не бормен белгілеп аламыз. Матаны қиған кезде тігістігін артық етіп алу керек. Қиылған матаны тігу үшін көйлектің етегіне 1-2 қатар желбезек жүргізу керек. Оған матаны қиғаш етіп қиып алу керек. (4-сурет). Желбезек ұзындығын қалауымызша алуға болады.
Қамзол тігу.
Кеудешені барқыттан,қыжымнан дайындаймыз. Кеудешенің жиегін шілтермен жиектеуге, немесе кестелеуге болады. Мойынды дайындау үшін ені 2-3
ұзындығы 10-15 см матаның
Сурет -3 қалдығын алдын-ала дайындалған сымның екі шетінен 1,5-2 см қалды-рып ораймыз. Дайындалған мойынды бастың төменгі жағына бекітеміз. Одан кейін қуыршақтың денесіне көйлек, кеудеше кигізіп, оның басы мен мойнын жалғап желімдейміз немесе тігеміз.
Енді қуыршақтың қолын жасауымыз керек. Қолды жасау үшін сымның екі бөлігін бірдей етіп, конусқа айқастырып
орналастырып, матамен орап, сыртынан тігу керек. Қолтық түсының жең ойындысын ойып алып, жеңдікеудешегежалғаймыз.
Қуыршақтың бас киімі кеудеше матасымен бірдей болғаны дұрыс. Бас киімнің төбесіне үкі қанаттарын қадауға болады.
Сондай-ақ қуыршақтың денесін сымнанда жасауға болады.283210014351000Қуыршақ жасауға дене түстес (бас пен денені дайындау үшін) және қара немесе қоңыр түсті (сыртқы киім үшін) мата қалдықтары, мақта, жіп, ине керек. Дене құрылысын дайында-уға ұзындығы 50 см, жуандығы 0,3-0,5 см сым керек. Сымды ортасы-нан майыстырып (5 ә сурет) бас жағын 1 см-дей иеді. Одан кейін ұзындығы 25 см сым аламыз, оны
і-ші сымға айқастырып қоямыз (5 б сурет). Бұл сымның да екі басын 1 см-дей иеміз. Сымдарды сыртынан тұтас орап, дене түстес матамен қаптаймыз. Басы мен денесін жоғары-дағыдай етіп дайындап бекітеміз. Қуыршақ киімін дайындағанда көйле-гін ашық матадан, шалбарын қоңырлау түсті матадан жасайды. Қуыршақтың басына тақия, бөрік, қалпақ кигізіп, (5 а сурет) қолына ағаштан жасалған кішкентай домбыра ұстатуға болады.
Дайын қуыршақты сатуға да болады. Келісілген баға бойынша мектеп оқушыларының жаймасынан басқа, жергілікті өнеркәсіп тауарларын сататын дүкендерде сатуға болады. Алғашқы кезде шағын түрін халық сұраныстарын білу үшін жасап сатып көру керек. Сұраныс көбейген жағдайда, қуыршақты молайтып, дүкендермен алдын-ала келісім шарт жасасып алуға болады.
Сабақты қорытындылау.
Бүгін біз не үйрендік, қуыршақ жасап өз кәсібіңді ашқың келеді ме?
Ұлттық киім түрлерін ата?
Қуыршақ қалай жасалады?
Оқушылардың жұмыстарын бағалау.
Жұмыс орнын жинақтап, сабақты аяқтау.