?аза?станда?ы индустрияландыруды? ?иынды?тары мен жетістіктері.


Тексерілді______ Пән мұғалімі: Абуова А.М
Қмж 27
Күні: 14.12.2015 Пәні: Қазақстан тарихы Класы: 11"А"
Тақырыбы: &25. Қазақстандағы индустрияландырудың қиындықтары мен жетістіктері.
Мақсаты Қазақстандағы индустрияландырудың қиындықтары мен жетістіктері туралы түсінік беру
Күтілетін нәтиже 1) Қазақстандағы индустрияландырудың қиындықтары мен жетістіктері туралы түсініктері қалыптасады
2) Кластастарын және өздерін шынайы бағалауға дағдыланады
Түйінді идеялар (кілтті сөздер) Индустрияландырудың голощекиндік бағыттың бір жақты отаршыл бағытын айқын көре білгендердің алдыңғы қатарында С.Сәдуақасов тұрды. Ол өлкеден шикізаттарды өндірістік орындарға тасып, одан кейін ол жақтан дайын өнімді қайта алып келуге кететін шексіз жол шығынына қаржы жұмсауға, өлкені шикізат көзі ретінде пайдалануға қарсы болды.
Сабақ кезеңдері: Сабақ барысы Бағалау ресурстар
Кіріспе
Сабаққа психологиялық деңгейін қалыптастыру
Блум таксономиясы
I. Білу. Үй тапсырмасын тексеру
Миға шабуыл (5-7 сұрақ көлемінде) 120 беттегі сұрақтар
1. ЖЭС мәнін қалай түсінесіңдер?
2. ЖЭС алғашқы жылдарында Қазақстан еңбекшілері қандай табыстарға қол жеткізді?
3. Жер- су реформасы бойынша қазақ шаруаларына қайтарылып берілген жерлерді картадан көрсетіңіз?
4. ЖЭС пен "әскери коммунизм" саясатының айырмашылығы неде?
5. ЖЭС жылдарында жеке мүдеге байланысты не өзгерді? Критерий бойынша бағалау Таратпа материалдар
Тұсаукесер II. Түсіну
1. ЖЭС саясаттан кейін Қазақстан жерінде қандай өзгеріс болды?
2. Индустрия, индустрияландыру сөздерінің айырмашылығы және мағынасы? Үш шапалақ ҚР физикалық картасы
Негізгі бөлім III. Қолдану "Фишбон" әдісі
-ақпаратты терең меңгереді;
-талдайды, қорытады, бағалайды;
-жаңа ақпаратпен ықыласты жұмыс жасайды.
Проблема
Өлкенің әлеуметтік- экономикалық дамуы Ресейдің Орталық аудандарымен салыстырғанда артта қалған еді. Соғыстан кейін қираған шаруашылықтарды қалпына келтіру шаралары созылып кетті.
Себеп
Экспедициялар ұйымдастырылды
Құрылыс орындары салынса да, Қазақстан шикізат базасы болып қалды.
Қорытынды
Кеңес үкіметі экономикалық дамудың объективті заңдылықтарын мүлде жоққа шығарды. Халық шаруашылығының барлық саласы әкімшіл- әміршіл большевиктік басқару әдісіне бағынышты болды. Өлкенің бұл кездегі өнеркәсіп дамуы шын мәніндегі индустриялық даму жолымен жүргізілмеді. Кеңес өкіметі республиканы тек шикізат көзі етіп пайдаланды. Сөйтіп, большевиктер патшалық Ресейдің өлкені экономикалық тұрғыдан отарлау саясатын одан әрі жалғастырды.
Дәлелдер
Ембі мұнайы Орск сияқты мұнай өңдейтін зауыттарға жіберілді. Балқаштың мысы мен Шымкенттің қорғасын да Қазақстаннан тыс жерлерге тасып әкетілді. Жоғарыдан жүргізілген индустрияландыру, негізінен, шикізат көздерін игеруге және оларды Ресейге жіберіп отыруға бағытталды. Жұптық бағалау
Критерий бойынша бағалау Таратпа
материалдар (арнайы толтыру сызбасы бар)
Қорытынды IV. Талдау
"Дебат" әдісі
Топта жұмысты талқылау ж/е бағалау
Тест жұмысы (16 сұрақ көлемінде) Критерий бойынша бағалау Оқулық
Қосымша оқу
Үйге тапсырма &25. 130- 137 бетт. мазмұндама дайындау
Рефлексия
7. Мен бүгінгі сабақта........
Не сәтті өтті?
Нені дамыта аласыз? Не сәтсіз өтті?
Нені өзгерткіңіз келеді?