Суретті? ?зінділерін ерекшелеу. Суретті? ?зінділерімен ж?мыс (5 сынып)


Пән Информатика сынып 5 Күні _____________
Тақырыбы: Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс.
Мақсаты: Суреттің үзінділерін ерекшелеуді, суреттің үзінділерімен жұмыс түрлерін меңгеру
Міндеттері:
Білімділік – Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру.
Дамытушылық –оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс істей алу дағдыларын, сөйлеу шеберліктерін дамыту.
Тәрбиелік – жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, флипчарт, Paint графикалық бағдарламасы
Қолданылған модульдері: Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытуды басқару және көшбасшылық.
Стратегиялар: «Миға шабуыл», «Адасқан сөздер», сергіту сәті, рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек».
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдері
Уақыты Жоспар мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
І.Кіріспе
1,5 мин. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
Мақсаты: жақсы, көтеріңкі көңіл-күйге енгізу, өзіне, өзгелерге сенім арту. Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу; Назарын сабаққа аударту Мұғаліммен амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді. Сабақта жоқ оқушылардың себептерін айтады; Жарайсыңдар, жақсы.
Компьютер, интерактивті тақта,
Флипчарттың
1-беті
1 мин «Геометриялық фигуралар» бойынша сыныпты топқа бөлу.
Мақсаты: Сыныпты топта бірлесе жұмыс істеуге, бір-бірімен пікір алмасуға, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру Балалар бүгінгі күнге сендерге сәттілік тілеймін.
Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлу.
Оқушылар 2 топқа бөлінеді.
Топқа ат беру Геометриялық фигуралар
Флипчарттың
2-беті
7 мин. Үй тапсырмасын тексеру
Мақсаты: Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін тексеру, тиянақтау
«Миға шабуыл»
«Адасқан сөздер»
Графикалық редактор деген не?
Графикалық редакторды іске қосу тәсілі
Paint не үшін арналған программа, оның қазақшаға аударғандағы мағынасы қандай?
Пиксель дегеніміз не?
Графикалық редактордың құралдарын ата
Дұрыс фигураны қалай саламыз?

Қойылған сұраққа жауап береді Өте жақсы, тамаша!
Жарайсыңдар Флипчарттың
3-беті
Флипчарттың
4-беті
ІІ.Тұсауке
сер
2 мин. Қызығушылықты ояту
«Ой қозғау» стратегиясы
Мақсаты:зейінін арттыру. Суретті ерекшелеуге арналған құралдар не үшін қажет деп ойлайсыңдар? Жауаптарын тыңдау Өте жақсы Негізгі бөлім
7 мин
1,5 мин
15 мин
5 мин
Мағынаны тани білу
Сергіту сәті
Мақсаты: достық қарым-қатынастарын дамыту мен бойларын сергіту
Компьютерде тәжірибелік жұмыс
Мақсаты: сабақта алған білімдерін дамыту
Тест жұмысы
Мақсаты: сабақта алған білімдерін тиянақтау, бекіту /Дәптерге бүгінгі күн мен жаңа тақырыпты жазғызу/
Суретті өзгерту үшін, алдымен оны тұтастай немесе оның қажетті бөлігін – фрагментті ерекшелеп алады.
Ерекшелеу үшін Ерекшелеу сайманы қолданылады.
Суретті тұтастай ерекшелеу үшін Ctrl+A пернелер тіркемесін пайдалануға немесе Ерекшелеу → Бәрін ерекшелеу бұйрығын орындауға болады.
1. Мөлшерді өзгерту – тышқанның сілтемесін сегіз ерекшелеу маркерінің біріне апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басып өзгерту.

2. Орнын алмастыру – ерекшеленген фрагментті тышқанның сол жақ батырмасын басып жылжыту, сілтеменің түрі -
3. Тазалау – ерекшеленген аймақ фонның түсімен боялады.
4. Түстерді айналдыру.

5. Көшіру.
Оқулықтың 136 бетіндегі деңгейлік тапсырмаларды орындату
Электронды тест:
1. Егер ерекшеленген фрагментті тышқанның оң жақ батырмасымен шертсек, онда:
А) контекстік мәзір пайда болады?
В) ерекшеленген фрагмент жоғалады
С) Фрагмент басқа түске боялады
Д) Ештеңе болмайды
2. Суреттің ерекшеленген фрагментін Ctrl батырмасын басып жылжыту қандай бұйрыққа парапар?
А) Қиып алу
В) Көшіру
С) Бейнелеу/бұру
Д) Түсін алмастыру
3.Сурет алмасу буферінен қайда кірістіріледі?
А) Экранның ортасына
В) Төменгі оң жақ бұрышына
С) Жоғарғы сол жақ бұрышына
Д) Экранның төменгі жағына
Дәптерлеріне, маңызды, жаңа сөздерді жазып алады.
Қозғалысқа түсу арқылы бойларын сергітеді.
4. Қандай пернені жібермей ұстап тұрып, «ізі бар» көшірме алуға болады?
А) Esc
В) Tab
С) Ctrl
Д) Shift
5. Қандай сайманның көмегімен мәтін енгізуге болады?
А) Өшіргіш
В) Мәтін
С) Қарындаш
Д) Қылқалам
6. Мәтіннің түсі:
А) Өзгертілмейді
В) Фонның түсімен бірдей
С) Палитрадан тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады
В) Әрқашан қара Жарайсыңдар, өте жақсы.
Жауабы:
А
В
С
Д
В
С
Интерактивті тақта
Флипчарттың
5-беті

Видеоролик
Компьютер
Қорытын ды.
2 мин. Ой толғаныс сатысы
Рефлексия
«Екі жұлдыз, бір тілек» Стикерлер
2 мин. Бағалау Сабақты қорытындылау Оқушылардың талдауы тыңдалады. 1 мин. Үйге тапсырма §16. Сурет бөліктерімен жұмыс істеу 136 беттегі жасыл жазумен жазылған 1-4 тапсырмалар Конспект
79952853764280589978537642803728085376428017278353764280-272415376428079476601906905589978518402307557135364998000548068536499800034232853649980001365885364998000-6915153649980007557135165925500548068516592550034232851659255001365885165925500-6915151659255007557135-312420005480685-312420003423285-312420001365885-31242000-691515-31242000