Суретті баспа?а беру, сурет басу


Мұғалімнің
аты-жөні Намазбаев Кайрат Байдуйсенович ««Ескелді ауданы әкімдігінің Көктөбе орталау мектебі МДШО» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
18 апта18 сабақ Уақыты: ____________
Сабақ атауы Суретті баспаға беру, сурет басу
Сілтеме Білім стандарты, пән бағдарламасы,  «Информатика» оқулығы – 5-сынып, Интернет материалдары
Жалпы мақсаты Суретті принтерде басып шығаруды үйрену
Міндеттері Шығару құрылғысын, басып шығару командасын білу
Күтілетін нәтиже Беттің параметрлерін баптауды, орындауды, баспаға бермес бұрын алдын ала қарап шығуды үйрену
Негізгі идеяларМатериалдарды талдау барысында суретті баспаға беруді біледі
Тапсырмалар /Wiki материалдары/  Ғаламтор, Power Point, ресурстар, «Білім беру платформасы»
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары Уақыты Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
3 минут
10 минут
2 минут
3 минут
І.Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын топқа сабаққа аудару үшін топқа бөлу
ІІ. Маңызын арттыру
«Сен- маған, мен- саған» әдісі
Максималды масштабты қалай қоямыз?
Негізгі режимге қалай ораламыз?
Белгіленген бөліктің масштабын өзгертуге бола ма?
«Қарлы жұмбаз» әдісі
Бағалау - «Cмайлик »
Жұмыс барысын бақылау нысандары, өзін - өзі және өзара бақылау тәсілдері
ІІІ. «Миға шабуыл»
(Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау)
Ақпаратты басып шығаратын қандай құрылғыларды білесіңдер? 1.Оқушылар топқа бөліну үшін жыл мезгілдерінің атын (қыс, көктем, жаз, күз) қолданады.
Үй тапсырмасы бойынша бір- бірлеріне сұрақтар қояды
2. Оқушылар «Қарлы жұмбаз» әдісі бойынша элементтер аттарын еске түсіреді.
Оқушылар үйге берілген тапсырма бойынша «Смайлик» арқылы бағалайды

Оқушылармен бірлесе отырып, аталған ұғымға қатысты оқушы лардың білімдері жинақталады
10 минут Жаңа сабақты игерту
Мына тақырыптардың біріне салынған суретті басуға дайындаңдар :
Сүйікті пән бойынша оқулық мұқабасы ;
Сиікті кітабыңды безендіру;
Тапсырманы принтерге жібермей тұрып, суреттің біз ойлаған түрде көрінетіндей екеніне көз жеткізейік. Беттің параметрлері терезесін шақырыңдар: Paint
Басып шығару батырмасы        Беттің параметрлері. Беттің толтырылу бағытын, ортаға түзеуді, масштабты өзгертіңдер. Сендердің суреттерің көлденең сызылған тікбұрыш сияқты болып көрінеді. Қарап шығу терезесінде беттің өзгертулерін қадағалаңдар !
Бетті баптағаннан кейін келесі қадамға – Алдын ала қарауға көшуге болады. Бұл терезеде сендер таңдаған параметрлермен суреттің бетте қалай орналасатынын көруге болады.
Бәрі сендер ойлағандай болса- тапсырманы печать батырмасын шертіп, сенімді түрде басып шығаруға жөнелтіңдер. Егер бір нәрсе өзгерту керек болса, онда Беттің параметрлері терезесіне қайта оралуға тура келеді.
Компьютерде орындалатын өзіндік жұмыстар
А,В,С деңгейлік тапсырмалар бойынша жұмыс істейді Оқушылар мұғалімді тыңдайды, сұрақтарына жеке-жеке жауап береді. Компьютерде жұмыс жасап үйренеді
10 минут
2 минут
7 минут
2 минут
2 минут Мәтінмен жұмыс
«Суретті баспаға беру» - топтық жұмыс (мәтінмен жұмыс – оқушыларға оқулықтағы мәтінмен танысып, түртіп алу әдісі бойынша жұмыс жасайды)
«Екі жұлдыз, бір тілек» - бағалау
(Топтардан өзара бағалау сұралады)
Жұмыс барысын бақылау нысандары, өзін - өзі және өзара бақылау тәсілдері
IV.Білімді жинақтау және жүйелеу
«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі
Компьютерлеріңде неше принтер орнатылған?
Суреттің неше көшірмесін басып шығаруға болады?
Суреттің тек бір бетін ғана басып шығаруға болады ма?
V. Оқушылар білімін бақылау және бағалау
Бағалау - «Бағдаршам»
VI. Сабақты қорыту, бағаларды хабарлау
Үйге тапсырма
§18, бақылау сұрақтары Әр топ мәтінмен танысып шыққаннан кейін,постерде қорғайды
Әр топ бірін – бірі топтың жасаған жұмыс алгоритміне орай бағалайды.
Топ мүшелері бір - біріне сұрақ қояды
Оқушылар өздерінің сабақты меңгеру дәрежесін «Бағдаршам» арқылы бағаланады;
Сабақтың жабдықтары Мультимедиа, интерактивтік тақта, компьютер,постер, маркер, қарындаш, электронды оқулық
Келесі тапсырмалар / портфолио/ Суретті баспаға беру
Келесі оқу «Ақпараттық диктант» даярлап келу
Сабақты талдау1.
2.
3.
Тәжірибелік сабақты бағалау 1.
2.
Сабаққа өзгертулер енгізу Топтық жұмыстар қорғау, жұптық жұмыстар