Т?рбие са?атыны? та?ырыбы: «Балн?рды? шеберлік саба?ы»


Қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қолданбалы қолөнер бөлімі «Асыл мұра» үйірмесінің жетекшісі Қожантаева С.Қ. Тәрбие сағатының тақырыбы:«Балнұрдың шеберлік сабағы»
Тәрбие сағатының жоспары: І. Ұйымдастыру сәті. «Достық шеңбері» ІІ. Балнұрдың орталықтағы жетістіктерінен слайд ІІІ. Шеберлік сабағы а) Тастағы таңбалар туралы (слайд) ә) Шағын паннолар жасау(слайд арқылы дайындамалардың жасалғанын көрсету) ІУ. Қазақтың ұлттық ойыны «Сақина салмақ» У. Қорытынды бөлім: «Салақтан олақ жаман» ертегісі
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды өзін-өзі тануға тәрбиелеу. Белсенділікке тәрбиелеу. Ортада сөйлесе білуге тәрбиелеу. Балаларды үйірмелерге тарту үшін қызығушылықтарын ояту. Тәрбие сағатының көрнекіліктері: Слайдтар, Балнұр жасаған бұйымдардан көрме. Қолданылатын жабдықтар: жүн, сабын, су
І.Ұйымдастыру сәті. «Достық шеңбері» Достық шеңберін құрайық Достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде Бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық! Қол алысып, кәне, біз. Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге. Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру. Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу, - деп балалар достық жүрегін бір-біріне бере отырып, жақсы тілектер айтады. ІІ. Балнұрдың орталықтағы жетістіктерінен слайд.Балнұр өзінің оқушылар сарайындағы қатысқан іс-шараларынан, республикалық көрмелерден, «Бөбек» сауықтыру орталығында түскен суреттерінен слайд көрсетеді.
ІІІ. Шеберлік сабағы а) Тастағы таңбалар туралы (слайд) ә) Тәжірбиелік жұмыс: шағын паннолар жасау (слайд арқылы дайындамалардың жасалғанын көрсету ІУ. Қазақтың ұлттық ойыны «Сақина салу» Ойынның шарты: Барлығы екі қолдарын қосып тізелерінің үстіне қойып отырады. Жүргізуші жүннен жасалған сақинаны уыстарына салады. Бірақ кімнің уысына салғаны белгісіз, соны табу үшін шеткі ойыншыны шақырады да, «сақинаны тап» деп тапсырма береді. Егер ойыншы сақина кімде екенін тапса, сақина ұстап отырған ойыншы айыбын төлейді, таппаса «іздеуші» өзі айыбын төлейді. Ал, айыптың өтеуі көпшіліктің қалауы бойынша орындалады. Оның түрі ән салу, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту, сұрақтарға жауап беру секілді т. б. тапсырмалар болуы мүмкін. У. Қорытынды бөлім: -Балалар , мен бүгінгі тәрбие сағатын «Салақтан олақ жаман» деген ертегімен аяқтағым келіп тұр. Ертеде анасы мен қызы болыпты. Күндердің күнінде қызы тұрмысқа шығатын күн жеткенде, анасы: «Қызым барған жеріңде үстіңе бір сабақ жіп іліп жүр» деп ақылын айтқан екен. Сонан біраз жылдар өткеннен кейін қызы үйіне төркіндеп келеді. Қызының киімі алба-жұлба, киімінің әр жерінен жіптер ілінген. Сонда анасы: «Қызым мына үстіңе не болған» деп сұрайды. Қызы: «шеше , өзің барған жеріңде үстіңе бір сабақ жіп іліп жүр деп айтып едің ғой» дейді. Балалар, енді сендерден сұрағым келіп тұр: Қызы анасының сөзін дұрыс түсінген ба? «Бір сабақ іліп жүр» жеген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер. (балалар жауап береді.) Иә, анасы қызына барған жерлеріңде өнер үйрен, іс тігуді үйрен деп ақыл айтқан екен, сонан «Салақтан олақ жаман» деген сөз қалған екен. Менде сендерге олақ болмай, өнерлі болыңдар деп осы оқушылар үйіндегі үйірмелерге қатысуға шақырамын. Осымен тәрбие сағаты аяқталды, тәрбие сағатына белсенді қатысқандарың үшін үлкен рахмет айтамын және өзім жасаған бұымдарымды сендерге сыйлыққа беремін.