Жылыт?ыш ??ралдар 1 сынып Жаратылыстану ?ыс?а мерзімді жоспар


Оқу ісінің меңгерушісі: Гибатуллина Ж.C.
Пәні: Жаратылыстану Сабақ тақырыбы: Жылытқыш құралдар
Күні : 03.03.2017ж. Мұғалімнің есімі: Ержанова А.Ш.
СЫНЫП: 1 «Г» Қатысқандар саны: 18 Қатыспағандар саны: 2
Оқу мақсаттары: 5.4. Жылу
1.5.4.1 жылыту жабдықтары мен құрылғыларын анықтау
Бағалау критерийлері: -жылытуға арналған құралдарды анықтайды;
- қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсінеді;
Күтілетін нәтижелер -жылытқыш құралдарға нелер жататынын білетін болады;
-оқушылар түрлі жылытұыш құралдардың үй жайды жылыту үшін қажет екенін түсінеді.
Тірек сөздер Жылу - тепло - heat
Ресурстар Әртүрлі жылытқыш құралдардың суреттері;
А4 форматты парақ;
Үй-жайлардың: көпқабатты, сарай, шағын ағаш үй, қала сыртындағы үй, киіз үй суреттері;
Интернет ресурстар:алғашқы қауым адамдарының үңгірде қалай жылынғаны туралы қысқаша бейнефильм
Алдыңғы оқу Уақытты анықтау не үшін қажет?
Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
0-5 минут Тыныштық сәті «Көктем»
Бұл қандай мезгіл?
Қыста ауа райы қандай болады?
Кім қысқы орманда болып көрді?
Қысқы орманның ерекшелігі неде?
Онда нені көруге болады?
-17780-82042000 Кең кеңістік, слайд суреті
4-11 минут Оқулықпен жұмыс.
Балалар суретке назар аударайық, кімдерді көріп тұрмыз. (оқулық,64 бет)
673104445000Негеш пен Эврика неге тоңып қалды?
Олар жылыну үшін не істеді? (от жақты)
Балаларға от жағуға кім көмектесті? (үлкендер көмектесті)
Балалардың өздері отты жағуына бола ма? (жоқ, үлкендердің қадағалауынсыз балаларға оттың қасына жақындауға болмайды, от қауіпті!)
Ақпарат: Ежелгі заманда адамдар жылыну және суықтан қорғану үшін ашық отты пайдаланған. От, алау алғашқы жылытқыш құрал болып есептелген. Адамдар ең алдымен отты пайдалануды, содан кейін ғана оты жағуды үйренген деген болжам бар.
Жетелеуші сұрақ: Сендер қалай ойлайсыңдар, ежелгі адамдар отты қайдан алды? (Олар найзағай түсіп тұтанған ағашты тауып алып пайдаланған.)
Екінші суретке назар аударайық.
Негеш пен Эврика не істеп жатыр?
Олар жылыну үшін нені пайдаланды?
-1905-47752000Қыс мезгілінде үйлерің жылы болды ма? Жылу қайдан келеді?
Жылы болу үшін не істейді?
Ақпарат: Көп қабатты үйлерде радиаторлар мен батареялар сияқты жылытқыш құралдарды пайдаланады.
Жетелеуші сұрақ: Ал ескі сарайларда адамдар үйді қалай жылытады?
(Кейбір үйлерде, ескі сарайларда адамдар пеш жағып, ошақта пайдаланады)
Қорытынды сөз: Жылытқыш құралдар деп - жылу беретін және тарататын, үйді жылытып әрі жайлы ететін құралдарды атайды.
Ойлану сұрағы: Егер біздің үйлерімізде жылытқыш құралдар болмаса, онда не болар еді?
Оқулық, 65 бет. Суреттерге назар аударайық. Суреттермен жеке-жеке танысып өту.
Ал ендеше, жылытқыш құралдардың түрлеріне тоқтала кетейік:
-107632573723500Алды ашық пеш(камин) (грек тілінен kaminos –ошақ) Ежелгі Римде пайдалана бастаған. Ол ашық оттығы және одан төбеге кететін мұржасы бар пеш сияқты болған.
Кейіннен түтін шығатын мұржасы бар пештер пайда болған. Олар сазбалшықтан және кірпіштен жасалған.
Техниканың дамуына байланысты жаңадан жылытқыш құралдардың түрлері мен модельдері пайда болды. Оларға радиаторлар мен батареялар жатады.
66675254000Оларды пайдалану үнемді. Олар газ, электр, сұйық немесе қатты отын арқылы жұмыс істейді.
-4445-2355215001108075-381000-59690-571500Соңғы жылғы ең белгілі жылытқыш құралға конвектор жатады. Оған төмен жағынан суық ауа келеді де, арнайы қондырғының көмегімен қызады, содан кейін жоғары көтеріледі.
Топтық жұмыс
1 –тапсырма.
Бұл суреттерді қандай екі топқа бөлуге болады? Суреттерді екі топқа ажыратып, жабыстырыңыздар.

Дескриптор: Білім алушы
- Суреттерді екі топқа (жылытқыш құралдар, жылытқыш емес құралдар) бөледі;
-оларды жабыстарады;
-жылыту құралдарын атайды.
Жинақтаушы сұрақ: Үйді үтіктің, шәугімнің, қысқатолқынды пештің көмегімен жылытуға бола ма?
Қорытынды сөз: Үйді үтік, шәугім, қысқатолқынды пештер қызады, бірақ олар үйді жылыту үшін пайдаланбайды. Слайд
суреттері
Сергіту сәті
Жаз мезгілі
Қыс мезгілі
Таңғы уақыт
Түскі уақыт
Кешкі салқындық
Көктемнің шуақты күні Қимылмен көрсету
Сабақтың ортасы
12-36минут
Топтық жұмыс.
2 –тапсырма. Әр түрлі ғимараттарда қандай жылытқыш құралдарды қолданады? Ауызша толық жауап беруге дайындалу.
1 – топ. Жер үй

2 – топ. Тұрғын үй

3 – топ. Киіз үй

Дескриптор: Білім алушы
- Әр түрлі ғимараттарда қандай жылытқыш құралдарды пайдаланатынын табады;
-оларды жабыстарады;
-жылыту құралдарын атайды. Суреттер, А4 парақ
Сабақтың соңы
37-42 минут Жұмыс дәптерімен жұмыс 44-45 бет
Жұмыс дәптері
43-45 минут Рефлексия
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауТүсіндім Түсінбедім
Ағашқа аты жазылған стикер жабыстыру