«?лемді география ар?ылы таны» атты сыныптан тыс шара.


Бүгінгі апталықта география пәнінен 8-ші сыныптар арасындағы   өткізгелі  отырған «Әлемді география арқылы таны» атты сайысына қош келдіңіздер.
Топтарды ортаға шақырайықІ-топ  8 сынып оқушылары-Азия елдерінен келген қонақтарымыз Азия тобы
ІІ-топ 8 сынып оқушылары Еуропа елдерінен келген қонақтарымыз Еуропа тобы
III-топ Америка елдерінен келген қонақтарымыз Америка тобы
 Әділқазылар алқасымен таныстырайын1.Мектеп директоры – Есболатов Нұрлан Мұқанбетұлы
2.Оқу ісінің орынбасары, география пәнінің мұғалімі – Бұланаев Елен Мұхтарұлы
3 Тәрбие ісінің орынбасары-Жалмұхатова Ақерке Мәулетқызы
-Ал енді сайысымызды бастайық!
Сайыстың кезеңдерімен таныс болайық 1.Топтардың өзін таныстыруы. 2.Капитандар сайысы.
3.Артық сөзді табу
4.Сәтті сапар5.Бұл не?
6.Бейне сұрақ7.Жұлдызды сәт .Марапаттау1-кезең Топтар өздерін таныстарыӘділқазылар алқасы ұпай сандарын есептеп отырады 2-ші кезеңі. «Капитандар сайысы» Әр топтың капитандары берілген сұрақтарға тез жауап беру керек.
І-топ Азия тобы
1.Дүниежүзінде қанша материк бар?  (6)
2.Еуразияның солтүстігіндегі шеткі нүктесі  (Челюскин мүйісі)
3.Еуразияның биік тауы (Гималай)
4. Неше климаттық белдеу бар? (13)
5.Дүние жүзіндегі ең терең шұңғыма (Мариан шұңғымасы)
ІІ-топ. Еуропа тобы
Дүниежүзінде неше мұхит бар?  (4)
Еуразияның батысындағы шеткі нүктесі (Рокко мүйісі)
Ең кішкентай мұхит (Солтүстік мұзды мұхит)
Еуропадағы биік тау (Альпі тауы)
Жерінің ауданы жөнінен 1-ші орындағы ел? (Ресей)
III – топ Америка тобы
Ең үлкен материк? (Еуразия)
Ең үлкен мұхит? (Тынық)
Әлемдегі ең биік шың? (Джомолунгма)
Күн жүйесінде үшінші орналасқан ғаламшар (Жер)
Су қабаты (гидросфера)
3-кезең. «Артық сөзді табу»
Сөздер беріледі артығын табу керек1.Африка,Америка,Еуропа,Антарктида,Арктика   (Арктика)
2.Меконг,Рэйн,Амур,Янцзы   (Рэйн-Еуропа өзені,қалғандары Азияның өзендері)
3.Тянь-Шань, Альпі,Памир,Гималай,Сахара   (Сахара-шөл)
4.Өзен,теңіз,көл,мұхит,түбек (түбек)
5.Жапония,Қытай,Корея,Вашингтон   (Вашингтон)
6.Вашингтон,Сидней,Қытай,Астана,Пекин   (Қытай)
 4-кезең. «Сәтті сапар»
Үш топтың әрқайсысына жеке тапсырма.Елдердің астанасын,мемлекеттік тілін атау қажет.
1-топ Азия тобы                       2-топ Еуропа тобы 3-топ Америка тобы
1.Германия                                           1.Испания- 1.Италия
2.Ресей                                                  2.Франция 2. Өзбекстан
3.Үндістан                                            3.Жапония 3.Қырғызстан
4.Қытай                                                 4.Қазақстан 4.АҚШ5.Ұлыбритания                                  5.Монғолия 5.Қытай
Жауабы:
Берлин,неміс тілі         1.Мадрид,испан тілі 1. Рим, италиян тілі
2.Мәскеу ,орыс тілі                2. Париж,француз тілі 2. Ташкент, өзбек тілі
3.Дели,хинди                        3. Токио,жапон тілі 3.Бішкек, қырғыз тілі
4.Пекин,қытай тілі                 4.Астана,қазақ тілі 4.Вашингтон, ағылшын
5.Лондон,ағылшын тілі         5.Ұлан-Батор,монғол 5. Пекин, қытай тілі
5-кезең. «Бұл не?» Жасырылған заттың оқушыларға сипаттамасы беріледі, сол арқылы оның не екенін табу керек. 2 көмек болады, әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырадыОйлануға 1 минут, дұрыс жауап 10 ұпай1-топ Азия тобы
Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден-бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны "жылан өсімдігі" деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.
Бірінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны - Орта Азия.
екінші көмек: Исі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз.
Жауап: Сарымсақ2-топ Еуропа тобы
Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған. Ресейге бұл сусын тосыннан келген. 1638 жылы Москвадан монғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап, өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді, патша оны ұнатады. Басында оны дәрі ретінде пайдаланады, ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.
Бірінші көмек: Отаны – Қытай Қытайдан басқа Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда, Индонезияда, Вьетнамда. Грузияда, Таиландта, Бирмада өсіріледі.
екінші көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың басы аурады.
Жауабы: Шай 3-топ Америка тобы
Бұл дамушы елдің аумағы Африка материгінде орналасқан.
Ел халқының көп бөлігі әлемдегі ең белгілі өзеннің аңғары мен атырауында тұрады. Ел астанасы - материктегі аса ірі агломерациялардың бірі. Тарихи - мәдени ескерткіштер мен рекреациялық ресурстарға бай болуы себепті туризм халықаралық дәрежеде дамыған. Ел аумағында мұнай өндіріледі. Жергілікті халық негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Мақта - ел экспортының маңызды бөлігінің бірі.
Бірінші көмек: Жерорта теңізінің оңтүстігінде орналасқан.
Екінші көмек: Пирамидалар елі.
Жауап: Египет
6-кезең. «Бейне сұрақ»
7. Қорытынды.МарапаттауӘділқазылар алқасы топ ұпайларын есептеп жеңген топты атап марапаттайды