Информатика п?нінен Тест тапсырмалары (5 класс)


Тест 5 сыныпАты жөні:______________________
Күні:___________________________
Класы:_________________________
1. Компьютермен жұмыс істегенде қандай ережелерді міндетті түрде сақтау керек?
А) Біріктіру сымдарының ажыратқыштарын ұстау
В) Компьютерді Power батырмасын басу арқылы өшіру
С) Пернелерді ақырын басу
Д) Компьютерде кір және су қолдармен жұмыс істемеу.
2. Компьютермен жұмыс істегенде көзге шамадан тыс күш түсіру үшін не істеу керек?
А) Көзге арналған гимнастиканы әрбір 10 - 15 минут сайын жасап отыруВ) Төрт сағаттан артық үздіксіз жұмыс істемеуС) Қолға арналған гимнастиканы әрбір 2 сағат сайын жасауД) Арасында мониторды өшіріп отыру.
3. Көзден экранға дейінгі арақашықтық қанша болу керек?
А) 10 – 15 см
В) 20 – 30 см
С) 40 – 50 см
Д) 55 – 65 см.
4. Адам ең көп ақпаратты ненің қөмегімен алады?
А) сезу және көрудіңВ) иіскеу мен естудіңС) есту мен көрудіңД) көру және дәмін тату арқылы.
5. Сендер электронды хатта көрген фильмдерің туралы баяндадыңдар делік. Бұл ақпараттың қай түріне жатады?
А) естуВ) сезуС) көруД) жазбаша.
6. Ақпаратты сақтау үшін адамдар нені қолданбайды?
А) қағаздыВ) дискініС) тастыД) суды.
7. Ақпаратты сақтау үшін ерте замандағы адамдар нені пайдаланған?
А) бидіВ) суреттердіС) қимылдыД) дыбысты.
8. Адам үшін ұялы телефон – ол:
А) Ақпарат көзіВ) Ақпарат қабылдаушыС) Ақпаратты өңдеу құралыД) Байланыс құралы.
9. Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі:
А) Бит
В) Байт
С) 1
Д) Әріп.
10. Бір байт – ол:
А) 10 бит
В) 16 бит
С) 8 бит
Д) 4 бит.
11. 1 Кбайт – ол:
А) 100 бит
В) 1000 байт
С) 1024 байт
Д) 1500 байт.
12. Компьютер құрылғыларының қайсысы жүйелік блок құрамына кірмейді?
А) Процессор
В) Принтер
С) ДискжетекД) Жедел жады.
13.Ақпаратты енгізу құрылғысы?
А) Процессор
В) Принтер
С) ПернетақтаД) Компьютердің жады.
14.Компьютерде дыбыстармен жұмыс істеу үшін... керек.
А) Дыбыс картасыВ) Желі картасыС) ВидеокартасыД) Процессор.
15. Бас әріптер режимін қосу үшін қолданылатын перне:
А) AltВ) TabС) CapsLockД) NumLock.
16. Enter пернесі не үшін керек?
А) ЕнгізуВ) Курсорды жылжытуС) Қосымша цифрлық пернетақтаны алмастыруД) Бас әріптер режимін алмастыру.
17. Графикалық ақпаратты (суреттер, сызбалар және т. б.) қағаздан компьютерге енгізу құралы:
А) Сканер
В) Принтер
С) Монитор
Д) Пернетақта.
18.Төменде көрсетілгендердің қайсысы компьютердің шығару құрылғысы?
А) Сканер
В) ПернетақтаС) ТышқанД) Принтер.
19.Дыбыстық ақпаратты шығару үшін не қажет?
А) Монитор
В) КолонкаларС) Сканер
Д) Микрофон.
20.Принтер қандай құрылғы?
А) Бір компьютерден басқасына ақпарат таситынВ) Графикалық ақпаратты енгізетінС) Ақпаратты қағазға басып шығаратынД) Деректер мен программаларды ұзақ уақыт сақтайтын.