География п?ні бойынша жоспар Физикалы? география нені зерттейді? (6 сынып)


Күні:
Сынып: 6 сынып
Тақырыбы: Физикалық география нені зерттейді?
Мақсаттары:
Білімділік. Оқушылардың география ғылымы және оның салалары туралы білімдерін дамыта отырып, физикалық және экономикалық география жайлы толық мағлұмат беру.
Дамытушылық. Оқушылардың географиялық ой – өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік. Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым – қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Сабақ түрі: жаңа тақырып
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: дүние жүзінің физикалық картасы.

Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңде-рі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру. 2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Өткен сыныпта алған білімдерін тексеру мақсатында сұрақ қою 3. Жаңа мате-риалды меңгеру кезеңі. Физикалық география – география ғылымдары жүйесіне жатады. География ғылым ретінде Ежелгі Грекияда дамыған. Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда өмір сүрген грек ғалымы Эратосфен өзінің Жерді сипаттауға арналған еңбегін география деп атаған. Грек тілінде гео – жер, графо – жазу. Сонда география сөзі жерді сипаттап жазу деген мағынаны білдіреді.
География ұғымы пайда болғаннан бастап ол біздің планетамыздың жер бетінің табиғатын зерттеумен айналыса бастады. Осы мақсатта алыс елдерге экспедициялар жасақталып, дүние жүзін айналып шығу саяхаттары ұйымдастырылды. Саяхатшылар мен теңізде жүзукшілер барған жэерлері жайлы басқа елдердің табиғаты, халқы, олардың қандай шаруашылықпен айналысып жатқандығы жөнінде көрген білгендерін қағазға түсіріп отырды. Құрлықтар мен мұхиттардың ашылып зерттелуіне мыңдаған жылдар қажет болды. Ұзақ уақыт бойы география Жер бетінің табиғатын, халқын және оның шаруашылығын сипаттайтын біртұтас ғылым ретінде дамып келді.
Физикалық география табиғат денелері мен құбылыстарының Жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттеййді.
Экономикалық география өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы түрлерінің, көліктің, халықтардың орналасу заңдылықтарын зерттейді.
1602740163195География
00География


335534012763500160274012763500
350774064770Экономикалық география
00Экономикалық география
99314064770Физикалық география
00Физикалық география

205994014478000106934014478000
535940-2540Жалпы физикалық география
00Жалпы физикалық география
1831340-2540Аймақтық физикалық география
00Аймақтық физикалық география

Ұзақ уақыт бойы география жаңа жерлерді ашщып, сипаттаумен ғана айналысатын ғылым деп есептелініп келді. 19 ғасырдың басында бүкіл Жер шарында ашылмаған, белгісіз жер қалған жоқ. Соған орай географияның міндеті де өзгерді. Ендігі жерде ол Жер бетіндегі денелер мен қүұбылыстардың таралуын сипаттап қана қоймай олардың себебін де түсіндіретін ғылымғы айналды. Қазіргі заманда адамдардың айнала қоршаған ортаға әсері күннен күнге ұлғаюда. Адам іс – әрнекетінің әсерінен жер бедері, климат жағдайлары өзгереді. Адамның шаруашылық әрекетінің мықтап өркендеуі табиғатта болуы мүмкін өзгерістерді алдын ала болжау қажеттігін тудырады. Мысалы, ірі су электр стансасын скалуға байланысты сол төңіректің табиғаты қай бағытта өзгереді, ол өзгерістердің тиімді және тиімсіз жақтары қандай болмақ деген мәселелер туады.
4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі 1. География ғылымы нені зерттейді?
2. Оның қандай салалары барн?
3. Физикалық география мен экономикалық география неліктен біртұтас ғылым деп есептелінеді?
4. Жалпы физикалық география немен шұғылданады?
5. география ғылымының адам тіршілігі үшін маңызы неде?6. Қазіргі заманда география ғылымының алдына қандай міндеттер қойылады?
5. Сабақты қорытындылау кезеңі Жаңа сабақтан не ұқтыңдар?
Жаңа сабақ қызықтырды ма?
Жаңа сабақ ұнады ма, несімен ұнады?
6. Бағалау кезеңі Белсене араласып отырған оқушыларды өз деңгейлері бойынша бағалау. 7. Үйге тапсырма беру кезеңі Тақырыпты оқу, мазмұндау.