Тест тапсырмалары (жа?а формат бойынша) биология п?нінен 6-класс


Жаңа форматқа сәйкес тест тапсырмалары
«№118 орта мектебі» КММ- сі

Дайындаған : Смагулова Айгул.
« № 118 орта мектебі » КММ – сінің мұғалімі
Сыныбы : 6 ( 9 – 10 тараулар)
2016-2017 оқу жылы
Қосжарнақтылар класы
1.Жабықтұқымды өсімдіктерге тән белгілерді табыңыз.
А ) жоғары сатыдағы споралылар В) тұқымы жеміс ішінде жетіледі
С) жойылып кеткен түрінен тас көмір түзілген
Д) жапырағы ине тәрізді болады Е) өсімдіктің ең ежелгі тобы
2.Жабықтұқымды өсімдіктерге сәйкестікті тап.
А) тұқымы бүрде ашық жетіледі В) спора шашып көбейеді С) қосарланып ұрықтану жүреді
Д) гүлі болмайды Е) жеміс түзбейді
3. Төмендегі гүл құрылысынан мына бөліктерді табыңыз:
I. Тұқым мен жемістің дамитын орны
II.гүлсерік
III.Бунақденелілерді еліктіретін бөлігі
IV.Тозаңның жиналатын жері
V.гүлдің сабаққа бекінетін жері
VI. гүлдің барлық бөлімдері бекінеді

А) I - 6, II- 3,4, III- 4, IV-5, V-1, VI- 2
В) I - 2, II- 3,4, III- 6, IV-5, V-2, VI- 1
С) I - 6, II- 5,4, III- 4, IV-3, V-1, VI- 2
Д) I - 5, II- 3,4, III- 4, IV-6, V-1, VI- 2
Е) I - 4, II- 3,4, III- 6, IV-2, V-1, VI- 5
4.Төмендегі терминдердің қайсысы жабықтұқымдыларға тән?
А) спора в) гүл с) ризоид д) таллом е) хроматофор
5.Төмендегі өсімдіктердің қайсысы жабықтұқымдыларға жатады?
А ) қарағай в ) асбұршақ с) самырсын д) шырша е) секвойя
6.Шаршыгүлділер тұқымдасына тән емес белгілерді тап.
А) бір,екі,көпжылдық шөптектес В) жартылай бұталы түрлері де бар
С) тамырында бактерия жиналады Д) қоңыржай және салқын климатты аймақта өседі
Е) гүлі-қосжынысты,дұрысгүл,гүлсерігі - қосарланған
7.Орамжапырақ өсімдігіне тән емес сипаттамаларды тап.
А) көкөністік маңызды дақыл В ) екіжылдық С ) ағаш,бұталы түрлері бар
Д ) қауданын «кочан» дейді Е ) 1-жылы тығыз оралған жапырақ түзіледі
8.Орамжапырақ тұқымдасына жататын өсімдікті тап.
А) раушан в) шалқан с) арша д) соя е) зығыр
9.Раушангүлділерге тән белгілерді ажыратып беріңдер.
А) Қазақстанда 36 туысы,190 түрі өседі В) даражарнақты болып келеді
С) жер бетінде 5000-нан астам түрі таралған Д) қарағай,арша,самырсын жатады
Е )тұқымы бүрде ашық орналасады
10.Қайсы сипаттамалар раушангүлділерге сәйкес емес келеді?
А) бұталы түрлері бар В) көпжылдық шөптесін болады
С )іші суға толған өлі жасушалары болады Д) тікенекті,тікенексіз түрлері бар
Е) мәңгі жасыл өсімдіктер
11. Раушангүлділердің гүлінің құрылысы болып табылмайды:
А) қосжынысты В) гүлшоғырлары алуан түрлі
С) гүлсеріктері – қосқабатты,тостағанша мен күлтежапырағы – 5 болады
Д )шие мен шабдалының аналығы – 1 Е ) гүлдері – ұсақ,көріксіз болады
12. Раушангүлділердің жемістеріне тән емес ерекшелікті тап
А) жемістері алуан түрлі в) бір ұялы,тұқым саны – біреу болады с )шырынды болады
д) сүйекті – шырынды түрлері бар е ) кей түрінде көпсүйекті болады
13.»Жартылай бұталы дақыл,жемісі – ірі, тәтті,қызыл,көпсүйекті бірігіп кеткен.Жемісі – жидек болып саналмайды, құрамында 11% - қант,0,3% - илік заттар,С,А,В витаминдері бар.1 га жерден 100 кг бал алуға болады».
Бұл мәтінде қандай жеміс туралы айтылады?
А)алма в)алмұрт с)таңқурай д)итмұрын е) раушан
14.Раушан гүліне сәйкес сипаттаманы тап.
А) жабайы шетеннен шығарылған сорт В )аталығы көп,100 – ге жетеді
С )жемісі – жидек болады Д ) 2 000 сорты шығарылған Е )нағыз улы өсімдік
15.Алқалар тұқымдасының ортақ емес белгісін тап.
А) жер шарында 2900-ге жуық түрі бар В ) Оңтүстік Америкада жабайы түрде өседі
С ) кіріккенкүлтелілер деп аталмайды Д ) жемісі – жидек немесе қауашақ
Е ) жемісі – сүйекті болады
16.»Жабайы түрі Үндістанда өседі, жемісі – жидек,тұқымы – ұсақ.Жылу және ылғал сүйетін тағамдық өсімдік.Жемісі пісіп жетілу үшін 1-1,5 ай қажет.Үсікке тез шалдығады.Медицинада бауыр ауруын емдеуге,холестеринді азайту үшін қолданады. 1 га жерден 15-30 т түсім алынады».
Бұл мәтінде қандай өсімдік туралы айтылған?
А) баклажан в) қызанақ с(меңдуана д) болгар бұрышы е) итмұрын
17. Мына өсімдіктер қандай тұқымдасқа жатады?
1) шырайгүл 2) қызылқұлақ 3)баклажан 4)қызыл бұрыш 5) картоп
А) раушангүлділер В) шаршыгүлділер С)орамжапырақтар Д) ашықтұқымдалар Е) алқалар
18.Алқа тұқымдасына жататын өсімдіктердің қайда пайдаланатынын толтыр.
1) шырайгүл 2) қызылқұлақ 3)баклажан 4)қызыл бұрыш 5) картоп
6) қызанақ 7) меңдуана 8) болгар бұрышы
А)көкөністік --------------------
В) дәрілік ------------------------
С) сәндік -------------------------
Д) улы ----------------------------
19. Төмендегі бос орынға сипаттамаларды бір – бірімен сәйкестендір.
1) жер шарында ------------- түрі бар
2)Баклажанның жеміс беру кезеңі ---------------
3)Баклажан жемісі ---------------- кг- ға дейін тартады.
4)Картоп жемісі - --------------------.
5) Бұрышта ------- витамині болады.
6) Картоп түйнегінде ----------------- мол болады.
Қажет сөздер: крахмал,С,жидек,2900,3 ай,0,4-1,0.
20. Жер шарында - 12000/650 түрі Қазақстанда өседі.Ағаш,  шала бұталы, шөптесін болады. Гүлшоғыры-шоғырбас, шатырша, масақ, 5 тостағаншасы біріккен, 5 күлте жапырақшасы 1 «желкен», 2«ескек», 2«қайықша», аталығы 1+(9), аналық саны -1.Жемісі –құрғақ бұршаққап. Гүл формуласы- Т(5) К 3+(2) А 1+(9)Ж1. Тамыр түкшелері арқылы бос азотты сіңіреді.
Бұл сипатама қандай тұқымдасқа тән?
А) алқалар в) шаршыгүлділер с) раушангүлділер Д) ашықтұқымдалар е) бұршақ тұқымдастар
   
21. Бұршақ тұқымдасына жататын өсімдік  белгілерін бөліп жаз:
1. Жемісі-жидек.
2. Гүлшоғыры-шоғырбас.
3. Гүл формуласы Т(5) К5 А ∞ Ж1.
4. Гүлі біріккен -5 тостағанша.
5. Жемісі-бұршаққап.
6. Гүлі бірікпеген – 5 күлтежапырақша.
7. Гүлінде аталығы көп, кейде 4-8-9.
8. Гүлінде аталығы- 1, аналығы -1.
9. Тамырында фосфор жинақталады.
А) 2,4,6 В) 1,3,5 С) 1,3,5,8 Д) 1,5,7,8 Е) 2,4,6,8
22.Бұршақ тұқымдас өсімдіктер қайда пайдаланылады?
1.асбұршақ А) мал азығына
2.жантақ В)медицинада
3.жалаң қызыл мия С) тағамға
4.қараған Д) дәрілік
5. кассия Е) сәндік
А) 1- А В) 1-В С) 1-Д Д) 1 – Е Е) 1 – С
2-В 2- А 2 – А 2 – Д 2 – А
3-С 3- Е 3 – В 3 – В 3 - В
4-Е 4 – С 4 – Е 4 – С 4 - Е
5-Д 5 – Д 5 – С 5 – А 5 – д
23.Бұршақ тұқымдастардың жемісі қандай болады?
1) сүйекті 2) бұршаққын 3) жидек 4) қауашақ
5) бұршаққап 6) дәнек 7) шырынды
А) 3,5,7 в) тек 5 с) 3,4 д) тек 2 е) 1,6
24.Сәйкестендіріңіз.
1.Ең ірі күлтежапырақша
2.төменгі тұтасып өскен екі жапырақша
3.күлтенің 2 бүйіріндегі 2 күлтежапырақша
А.қайықша В) желкен С) ескек
А) 3-А,2-С,1-В В) 1-В,2-А,3-С С) 3-В,2-А,1-С Д) 3-А,В,2-С,3-0 Е) 1-С,2-В,3-А
25.Төмендегі сипаттамалардан күрделігүлділердің белгісін ажыратып ал.
1)20 000 – нан астам түрі белгілі 2) даражарнақты болады 3) тамыры – шашақ
4) гүлшоғыры – себетгүл 5) жемісі – бұршаққап 6) тілші,түтікшелі гүлдері бар
7) мәңгі жасыл болып келеді 8) жапырағы – ине тәрізді, үшкір
А) 3,5,8 в) 2,4,6 с) 5,7,8 д) 1,4,6 е) 1,3,5,8
26. Күрделігүлділердің себетгүліндегі гүлдердің құрылысы болады:
1) тілші, түтікшелі 2) қосжынысты 3) сыпыртқы,масақ 4) шатыр,күрделі масақ
5)қосерінді, жалған тілшелі 6) шоғырбас, шашақгүл 7) воронка тәрізді 8) собық түрінде
А) 1,2,5 в) 1,3,6 с) 1,5,7 д) 4,7,8 е) 3,4,5,8
27. Күрделігүлділер тұқымдасына жататын белгілерді ата:
1.Гүлшоғыры-себетгүл 2.Жемісі-бұршаққап 3.Бірігіп өспеген 5 аталығы бар
4.Жемісі- айдарлы тұқымша 5.Аталығы-6 6.Гүлшоғырындағы гүлдердің бәрі жеміс бермейді
7.Күлтесі-5, тостағаншасы болмайды, кейде үлпекті айдарша тәрізді
8) гүлінің формуласы - Т 2+2 К 4 А 2+4 Ж (2)
А) 1,4,7 в) 2,3,5 с) 3,4,6 д) 4,6,8 е) 5,7,8
28. Күрделігүлділердің маңызына байланысты өсімдікпен сәйкестендір.
1) малазықтық А) дермене
2) дәрілік В) жералмұрт
3) тағамдық С) түйетікен
4)арамшөп Д)нарғызгүл
5) сәндік Е) күнбағыс
А) 1- А В) 1-В С) 1-Д Д) 1 – Е Е) 1 – С
2-В 2- А 2 – А 2 – Д 2 – А
3-С 3- Е 3 – В 3 – В 3 - Д
4-Е 4 – С 4 – Е 4 – С 4 - Е
5-Д 5 – Д 5 – С 5 – А 5 – В
29. Бұл өсімдіктің жабайы түрі кездеспейді.Орта Азияда 19 түрі қолдан өсіріледі.Қазақстанда 4 түрі өсіріледі.Олар : түкті,тікенді,сортаң,бояу. Гүлшоғыры – себетгүл,гүлінің түсі ашық – сары,қызыл – сары болады.Жемісі – тұқымша.Бұл өсімдіктің тұқымшаларынан май алынады, құрамында 25 – 37 % май болады.Ол күнбағыс майынан кем емес.Тұқымшаларын құсқа жем ретінде,ал тұқым ұнын малға күнжара ретінде береді. Ол өте пайдалы өсімдік.
Мәтінде қай өсімдік туралы айтылған?
А) өгейшөп в) мыңжапырақ с) жусан д) мақсыр е) бақбақ
30. Қазақстанда 1 ғана түрі кездесетін тамырсабақты ,көпжылдық шөптектес өсімдік.Гүлдеп болған соң тамырға жақын жерінен ұзын сағақты,жүрек пішінді, ені 10-15 см үлкен жапырақтары дамиды. Оның жапырақ тақтасының үстіңгі беті түксіз жылтыр-«салқындық»сезімін тудырады, ал жапырақтың астыңғы бетінде жұмсақ түктер өсіп,»жылылық» шырай білдіреді. Осы 2 түрлі ерекшелігіне байланысты өсімдік атауы берілген.
Мәтінде қандай өсімдік атауы туралы айтылған?
А) жусан в) өгейшөп с) мақсыр д) жералмұрт е) күнбағыс
31.Төмендегі сипаттамаларды сандармен сәйкестендір
I Күрделігүлділер тұқымдасы –жер ғаламшарларында ........ түрі белгілі.
II Қазақстанда мақсырдың ..... түрі өсіріледі.
III Қазақстанда күрделігүлділердің ......... түрі бар
IV Бір өсімдікте ................ дейін себетгүл кездеседі.
V Ені ............. см-ге жететін үлкен жасыл жапырақтары бар.
4 2) 700 3) 10-15 4) 20 000 5) 5 – 60
А) I – 4 В) I – 3 С) I – 5 Д) I – 2 Е) I - 1
II – 1 II – 1 II – 2 II – 3 II - 2
III – 2 III – 5 III – 3 III – 4 III - 5
IV -5 IV -2 IV – 4 IV – 1 IV - 3
V – 3 V – 4 V - 1 V - 5 V - 4

 
Даражарнақтылар класы
Төмендегі ұғымдардың қайсысы даражарнақтыларға тән емес.
А )Барлық гүлді өсімдіктердің 25% -ы жатады. В ) Тамырлары шашақты келеді.
С ) тұқым жарнағы екеу болады
Д )шаршыгүлділер,бұршақ тұқымдастар жатады Е ) тұқым жарнағы болмайды
2. Лалагүлділер тұқымдасына тән емес белгіні тап.
А ) тамыры – кіндік болады В ) гүлсерікте 2 күлтесі болады
С ) Қандауыр немесе таспа пішінді жапырақтары болады.
Д ) Қазақстанда 57 түрі өседі Е ) жемісі – жидек болады
3. Лалагүлділер тұқымдасына тән белгілерді тап.
А ) өздігінен тозаңданады В ) Аталығы-6, олар да екі шеңберде орналасады.
С ) ғаламшарымызда 1200 – ге жуық түрі бар. Д ) гүлшоғыры –себетгүл
Е ) тілше,түтікшелі, қосерінді гүлдері бар
4. Лалагүл тұқымдас өсімдіктердің маңызы қандай ?
1. кірпішөп А) улы
2. лапыз В) бөлмеде өсімдігі
3. сүмбілшаш С) техникалық
4. шырыш Д) дәрілік
5. тамырдәрі Е) сәндік
А) 1- А В) 1-В С) 1-Д Д) 1 – Е Е) 1 –В
2-В 2- А 2 – А 2 – Д 2 – А
3-С 3- Д 3 – В 3 – В 3 – Е
4-Е 4 – С 4 – Е 4 – С 4 – С
5-Д 5 – Е 5 – С 5 – А 5 – Д
5. Қазақстанда кездесетін көпжылдық шөптекті өсімдік. Оның ғылыми атауы – германдық құртқашаш. Сабағының биіктігі – 1м.  Тамыр – 1м. Сабақтан таспа тәрізді жапырақтары тармақталған гүлсидамы өсіп шығады. Гүлдің формуласы: Гс6А3Ж1. Жемісі – үш ұялы үлкен қауашақ. Тамырсабағы медицинада қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Тұқымы
медицинада дәрі ретінде пайдаланылады. Тұқымынан қан ауруларын, подогра, қатерлі ісікті емдейтін дәрі алынады. Тұқымы өте улы. Ауыл шаруашылығында мұның маңызы зор. 
Бұл мәтінде қай өсімдік туралы айтылған?
А) тамырдәрі в) қызғалдақ с) лапыз д) шырыш е) кірпішөп
6.Пияздар тұқымдасына тән емес белгіні тап.
А) даражарнақты өсімдіктер. В ) Пиязшығы мен жапырақтарында сүтті шырын болады
С ) Жемісі – қауашақ. Д ) Гүлдері ірі, көзге бірден ілінеді.
е) тұқымдастардың 650 - ге жуық түрі таралған.
7. Пияздар тұқымдасына тән ерекшелікті көрсет.
А ) жемісі – дәнек В ) гүлшоғыры – себет болып табылады
С ) өздігінен тозаңданады Д ) тұқымдастың 500 – ге жуық түрі бар.
Е ) Гүлдері жапырақ ұшында дамиды.
8. Ол - даражарнақты, көпжылдық өсімдік, көкөністік дақылдардың маңыздыларының бірі. Диаметрі 15 сантиметрге дейін жететін қабыршақты пиязшығы болады. Қабыршақтарының барлығы түбіртек деп аталатын қысқарған сабақта орналасады. Түбіртектегі шырынды қабыршақтардың қолтығында бүршіктер болады. Көкшіл сұр-жасыл, түтік тәрізді жапырақтары бар. Гүлсидамның биіктігі 1,5 метрге дейін жетеді. Оның іші қампиған, қуыс, ұшы өте көп гүлдері бар шатыршагүлді гүлшоғырмен аяқталады. Гүлдері ұзын гүлсағақтарда орналасады. Жасылдау ақ түсті, диаметрі 1 сантиметрдей гүлсерігі бар. Гүлсерік 6 жапырақшалардан құралады. Гүлсерікте 6 аталық орналасады. Үш ұяшықты жатыннан тұратын гүл аналығы – 1. Жемісі – 6 тұқымды қауашақ. Ұрығы үш қырлы, бұжырлы ұсақ болады. Ұрықтың түсі – қара. Гүл формуласы: *Гс3+3А3+3Ж (3) .
Мәтінде қандай өсімдіктің сипаттамасы берілген?
А) сарымсақ в) шалқан с) шомыр д) лапыз е) пияз
9. Төмендегі терминдер мен сипаттамаларды бір-бірімен сәйкестендір.
1) Пияз туысты, даражарнақты, көпжылдық өсімдік.
2) Бактерияларды жойып жіберетін зат
3) ерекше ұшпа заттар  4) Бұл грекше «фитон -....... 5) өте көп пиязшықтар
А) Сарымсақ В) Өсімдік С) Фитонцидтер Д) Тілшелер Е) эфир майы
А) 1- А В) 1-В С) 1-Д Д) 1 – Е Е) 1 – С
2 - Е 2- А 2 – А 2 – Д 2 – А
3 - С 3- Е 3 – В 3 – В 3 - В
4 – В 4 – С 4 – Е 4 – С 4 - Е
5-Д 5 – Д 5 – С 5 – А 5 – д
10. Ол – даражарнақты, көпжылдық өсімдік. Оның пиязшығы өте көп пиязшықтардан – «тілшелерден» құралады. Сабағының биіктігі 1 метрге дейін жетеді. Сабағы – жалпақ, қатар жүйкелі. Гүлсидамы 1,5 м биіктікке дейін өседі. Ол гүл шыққанға дейін шиыршықталып тұрады да соңынан тарқатылып кетеді. Өзіне тән иісі болады , құрамында 20–27% полисахарид, нәруыз, 7–28 мг % С витамині бар. Бактерияларды жойып жіберетін эфир майы медицинада қолданылады. Құрамында ерекше ұшпа заттар фитонцидтер бар.Медицинада тұмауға қарсы дәрі ретінде пайдаланылады.
Мәтінде қандай өсімдік сипаттамасы туралы айтылады?
А) шомыр в) шалқан с) пияз д) сарымсақ е) лапыз
11.Астық тұқымдастарға тән ерекшеліктерді тап.
1) Қазақстанда 418түрі өседі. 2) жемісі – жидек не қауашақ
3) гүлшоғыры – себет болып табылады 4) өсімдігінің сабағын сабансабақ дейді.
5) баклажан,қызанақ, меңдуана жатады
6) Гүлшоғыры - сыпыртқы гүл, күрделі масақ, собық, шашақ.
7) гүлі кіріккен 5 тостағанша, кіріккен 5 күлте жапырақшасы бар.
8) тұқым жарнағы – екеу
А) 1,2,3 в) 1,4,6 с) 2,5,7,8 д) 1,2,3,8 е) 4,5,6,7
12.Анықтамалар мен терминдерді бір – бірімен сәйкестендір.
1) себілетін астық тұқымы дәнінің аз мөлшері
2) .Көп мөлшерде тонналап не центнерлеп жинаған дән
3) түтік тәрізді болып келген жапырақтың кеңейген түп жағы
А) қынапша В) тұқым С) астық
А) 1- С,2-А,3-В В) 1-А,2-В,3-С С) 1-В,2-С,3-А
13.Астық тұқымдастар өкілдеріне жатпайтын белгілерді тап.
1) жапырақтары доға жүйкелі 2) жемісі - дәнек
3) жемісі - тұқымша 4) гүлшоғыры – сыпыртқыгүл, масақ
5) гүлінің формуласы -- Гж 2 А3 Ж3 6) сабағы - бунақты сабансабақ
7) гүлдері - тілшелі, түтікшелі 8) тамыр жүйесі - шашақ тамырлы
А) 1,3,7 в) 2,3,5 с) 1,4,6,8 д) 4,6,8 е) 5,7,8
14. Астық тұқымдасқа жататын өсімдіктерді ата.
1) мойыл 2) шетен 3) жүгері 4) бамбук 5) лапыз 6) атқонақ 7) қырықбуын 8) қарғакөз
А) 1,3,7 в) 2,3,5 с) 1,4,6,8 д) 4,6,8 е) 3,4,6
15. Астық тұқымдасқа жатпайтын өсімдіктерді ата.
1)долана 2) арпабас 3) шыршай 4) қатты бидай
5) бетеге 6) қамыс 7) Қараған 8) бидайық
А) 1,3,7 в) 2,3,5 с) 1,3,7 д) 4,6,8 е) 3,4,6