Ата-ананы арда?та т?рбие са?аты


Сабақтың тақырыбы: Ата-ананы ардақта.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Ата-аналарымыздың қасиетті мәртебесін , өзіңді дүниеге әкеп , әлпештеп өсірген еңбегін оқушыларға тағылым ету.
2.Тәрбиелік: Адамгершілікке,сыпайылыққа, үлкенді сыйлай білуге ,ата-ана алдыңдағы құрмет тұту сезімін дамыту, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Слайд, суреттер
Мұғалімнің сөзі:Өмірде өз ата-анасын құрметтемейтін,олардың алдындағы перзенттік парызын орындамайтын , әдептілік, кішіпейілділік , сергек сезімталдық көрсетпейтін , бұл қасиеттер қанына сіңіп , жүрегіне ұяламаған не опа , не қайыр,олардың отбасынан тысқары өмірде не күтуге болады?Сондықтан қоғамнаң дамығандығының , мемлекеттің іргесі беріктігі мен азаматтардың көңілінен шығатын өркениеттілігін өркендету,әрбір отбасында адамгершілік , әдеп-инабаттылық қарым – қатынас құру басты шартымыз.Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы , адамның келешегіне сенімділігі-баланың ата-анасын ардақ тұтып , өзінің перзенттік парызын бір сәтке де есінен шығармауында.Өз отбасында жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.
«Қарттар үйі» үзіндісінен көрініс көру.(7 мин)
Кімде-кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе ата-әжесі секілді қымбатты адамы болса, ол үйге олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын , егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса , қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады.
«Асылдың сөзі – ақылдың кені.» демекші , шешен халықтың , дархан батыр бабаларымыздың ұрпағы емеспіз бе?!
«Атасы мен немересі» көрініс
Көп жасаған қария-
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі –соқпақ, сөзі –нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздердерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
«Әкешім ,анашым» әні орындалады.

Балалар енді үлкендерді құрметтеуге арналған қандай мақал-мәтел білесіңдер? Ол үшін экранға қарайық .Мақал-мәтелдегі қалып қойған сөзді табу:
Үлкенге үнемі (сәлем)бер.
Үлкенге қарсы (шықпа)
Үлкеннің батасын қабыл (ал)
Атаға бөлінгендер(адыра) қалады.
Ауылында қария болса,
Жазып қойған хатпен (тең)
Қарттардың адамдық осалдықтарына кешірімді бола(біліңдер)
Жасы үлкенді қадірлесе –құт(болар)
Қартайған шағында өзіңді басқалар құрметтеу үшін жас кезінде қауқары қайтып , сақал –шашы ағарған (кісіге) ізет қыл.
Әке сөзі-(парыз)
Ана сөзі-(қарыз).
Халқымыздың ұғымында баланың анасы алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады.Оның жөнін халық :»Ана сүтін анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсеңде ,өтей алмайсың» , -деп түсіндіреді.
Әке.. Осынау үш әріпке дүниенің бар жақсылығы сиып тұр десек артық айтпаймыз.Әке баланың тірегі , лүпілдеген жүрегі , ойындағы санасы , өмірдегі панасы.Әкені сыйлау ,құрметтеу , оның отбасындағы орнын қастерлеп-қадірлеу , әке талабын бұлжытпай орындау әрқайсынның міндетін.
Болашақ алды ұрпаққа,
Сілтеген түзу жолдарың.
Балалар түсін оны ойла,
Әкелер –асқар тауларың!
Шыңына шығып биіктің,
Мансапқа жетсе қолдарың,
Ұмытпай , сонда қадірле,
Әкелер-асқар тауларың!
Ата-анаға көз қуаныш
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі.
Слайдтан суреттер көру.
Әр бала өз ата-анасы туралы ,отбасында ата-аналарымен түскен суреттер жайлы қысқаша әңгімелеп береді.Үлкенді сыйлау дегеніміз не? деген сұраққа өз ойларын айтады.Ата-анаға тілек айтады.
Құрмет көрсету, сыйлау,адамгершілік қасиет тәрбиемен бала бойына беріледі.,сіңеді.Берілген тәрбие жемісі-саналы,ойлы азамат.Тегі ,тәрбиесі дұрыс бала ата-анасын ешуақытта жерге қаратпайды.