Ашы? саба? Деформациялан?ан серіппені? потенциалды? энергиясы (7 класс)


Тексерілді: ............................. М. Жомартова
Оқу ісі меңгерушісі
Күні, айы: 19. 04. 16 ж
Сыныбы: 7
Пәні: физика
Сабақ тақырыбы: Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясыСабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға деформацияланған денелердің потенциалдық энергиясы туралы түсінік беру. Деформацияланған серіппенің потенциялдық энергиясы туралы түсінік қалыптастыру.Серпімділік күшінің жұмысы мен серіппенің потениялдық энергиясы арасындағы тәуелділікті анықтау.
2. Сепіппенің потенциялдық энергиясының қандай шамаларға тәуелді
екендігін түсіндіре отырып, формуласын жазып,оны практикада қолдана білуді үйрету.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, есептеу
Көрнекілігі: кеспе-плакаттар, үлестірмелі қағаздар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
Оқушылар үйге берілген тапсырма бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.
р/с Физикалық шама Белгіленуі Өлшем бірлігі Формуласы Анықтамасы
1 Кинетикалық энергия 2 Потенциалдық энергия 3 Механикалық жұмыс 4 Қуат ІІІ. Жаңа сабақ.
Құпия зат – мына зат бойынша 5 сұрақ құрастырыңыздар. Бұл не?, - деп сұрамаңыз.
Оқушыларға серіппенің суреті көрсетіледі.
Деформацияланған денелерге Гук заңына сәйкес серпімділік күші әсер етеді.
Мұндағы |∆ℓ| -серіппенің абсолют ұзаруы;
k– серіппе қатаңдығы. [Н/м]

ℓ=ℓ 1 -ℓ2 А нүктесінің орын ауыстыруы
ℓ 1-серіппенің бастапқы орын ауыстыруы
ℓ2 –серіппенің соңғы ұзаруы
F1=k∙ℓ1
F2=k∙ℓ2 т.с.с
Сондықтан серпімділік күшінің жұмысын анықтау үшін оның орташа мәнін аламыз:

Сонда серпімділік күшінің істеген жұмысы мынаған тең болады:

Жақшаларды бір-біріне көбейтсек:

Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы :

Серпімділік күшінің істеген А жұмысы серіппенің потенциалдық энергиясының Еп өзгерісіне тең:

IV. Сабақты бекіту
1. Серпімділік күшінің жұмысы неге оның орташа мәнімен анықталады?
2. Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы қандай формуламен өрнектеледі?
3. Серіппенің потенциалдық энергиясының өзгерісі мен серпімділік күші жұмысының арасындағы байланыс қалай өрнектеледі?
Шындық па, жалған ба?
1. - Серпімділік күшінің істеген А жұмысы серіппенің потенциалдық энергиясының Еп өзгерісіне тең екендігін анықтайтын формула
2. - серпімділік күшінің формуласы
3. - потенциалдық энергияның формуласы
4. k- серіппенің қатаңдығы
5. l- серіппенің ұзаруы
Т е с т
1.Деформацияланған денелерге ... әрекет етеді.
а) үйкеліс күші ә)ауырлық күші
б)қысым күші в)серпімділік күші
2.Серіппе көбірек созылса, потенциалдық энергиясы ...
а) Өзгермейді ә)кемиді
б)артады в)нолге тең болады
3.Потенциалдық энергияның өлшем бірлігі:
А) Дж ә) Вт б) Н в) кг
4.Дене жер бетіне жақындаған сайын жылдамдығы арта түседі де, ... өсе береді
а) Потенциалдық энергиясы ә)Механикалық энергиясы
б)толық энергиясы в)кинетикалық энергиясы
5.Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын физикалық шама
а)энергия ә)қуат
б)уақыт в)күш
Тест жауаптар:
1 – В 2 – Б 3 - А 4 - В 5 - Ә
V. Есептер шығару. 32-жаттығу. №1, №3.
VІ. Қорытындылау.
VІІ. Бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма: §55. Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы. 32 –жаттығу. №2