Химиядан ашы? саба? жоспары оттегіні? химиялы? ?асиеттері


8 клӨтілген күні: 21.12.2016 жылСабақтың тақырыбы: Оттегінің химиялық қасиеттері
Сабақтың мақсаты: Білімділік:  Оттегінің жай және күрделі заттармен әрекеттесу химиялық қасиеттерімен танысу, оттегінің ерекше қасиетімен танысу, оттегінің қосылыстарын өмірде қолдану.
Дамытушылық: Оттегінің химиялық қасиеттерін есептер шығаруда қолдану, валенттілік бойынша формула құрастыру, химиялық теңдеу құру дағдыларын арттыру, білімге құштарлығын және функционалдық сауаттылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Химия пәні талап етілетін ұқыптылыққа, төзімділікке, ұйымшылдыққа , жауапкершілікке тәбиелеу.
Сабақтың түрі. Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Блум таксономиясының білу, түсіну, меңгеру, қолдану, жинақтау бөлімдері, жеке жұмыс, сұрақ – жауап, есептер шығару, танымдық ойын, тәжірибе жасау
Тірек білім мен біліктер: Жану, оксидтер, жай зат, күрделі зат, химиялық реакция теңдеуін құру білігі, реакцияларды салыстыру, валенттік бойынша оксидтердің формуласын құру.
Құрал-жабдықтар: Слайдтар, таратпа есептер, күкірт, магний, көмір, оттегі толтырылған ыдыс.
Оқыту формасы Жеке-дара, топтық жұмыс
Сабақтың барысы: Жоспар:
I кезең. Ұйымдастыру
II кезең Үй тапсырмасын тексеру «Білу»
III кезең. Жаңа сабақ. «Түсіну», «Меңгеру», «Қолдану»
IV кезең. «Жинақтау» , «Қорытындылау»
V кезең. Рефлексия
VI кезең. Бағалау
VII кезең. Үйге тапсырма
Ұйымдастыру кезеңі:
(1 минут) Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару. Оқушыларды сандар арқылы топқа бөлу. I – топ. II – топ. III - топ. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Сабақ жоспарымен таныстыру.
«Білу»
(4 минут) Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген В-94 есептер тексеріледі. «Оттектің алынуы, физикалық қасиеттері» такырыптары бойынша білімдерін тексеру мақсатында сұрақ жауап әдісі қолданылады.
Слайд 2 «Бақытты сәт» ойыны
10 баллдыкМарганцовканың формуласы.
Сутек пероксидінің формуласы
Оттектің периодтық жүйедегі орны
20 баллдыкОттегін өнеркәсіпте қалай алады?
Оттекті қалай жинаймыз?
Оттектің протон саны қанша?
50 баллдық
H2O2 қосылысындағы оттегінің валенттігін тап.
Оттектің сұйылту температурасы
«Түсіну»
( 12 минут) Жаңа материалды оқыту:
Топтық жұмыс
I – топ. Оттегінің металдармен әрекеттесуі
II - топ. Оттегінің бейметалдармен әрекеттесуі
III – топ. Оттегінің күрделі заттармен әрекеттесуі
Әр топқа сұрақтар таратылады. Сол арқылы жаңа сабақты түсінеді.
I – топ.
Оттегі металдармен қалай әрекеттеседі?
Жану реакциясы деген не?
II – топ.
Оттегі бейметалдармен қалай әрекеттеседі?
Тотығу реакциясы деген не?
III - топ
Оттегі күрделі заттармен қалай әрекеттеседі?
Оксидтер деген не?
№ 3.2 № 3.2 Көрсетілім
Оттегінің фосформен, күкіртпен, темірмен, көмірмен әрекеттесуі
Оқушылар реакция теңдеулерін жазып отырады.
Видеокөрсетілім Кейбір жай заттардың оттегінде жануын көру : темірдің, фосфордың, күкірттің жануын көру
             Оқушылар реакцияның жүру жағдайы мен ерекшелігіне тоқталады. Әсіресе барлық реакцияға тән, ортақ жолдарын ескертеді: реакция жылу немесе жарық бөле жүре ме, әлде тотығу арқылы оксид түзе ме?, т.б. Фосфор, көмір, күкірт, темір және күрделі заттардың таза оттегінде жану жағдайларына көңіл бөлінеді де, салыстыра отырып қорытынды жасалады.
            Мысалы: фосфордың оттегінде жануын талқылаған кезде, алған затты (фосфорды) аздап қана қыздыру керектігі айтылады, яғни бұл бірінші шартты белгі – зат  жану үшін оны қыздыру керек. Екінші шартты белгі – қыздырылған  фосфор оттегімен жанасуы керек.
          Басқа тәжірибелерде де жану процесінде осы екі шартты белгі орындалу керектігін түсіндіріп отырады. Тәжірибе нәтижесінде оқушылар жай заттардың жану реакциясы қосылу реакциясына жатады деген қорытындыға келуі қажет.       
Жай заттармен әрекеттесуі
HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B5%D0%B9%D0%BC%D0%B5%D1%82%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D1%80" \o "Бейметалдар"Бейметалдармен әрекеттесуін көру үшін оттегі толтырылған сынауыққа көмірдің түйірін салсақ, ол жарқырап жана бастайды
С + O2 = СO2
Бұдан басқа HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D2%AF%D0%BA%D1%96%D1%80%D1%82" \o "Күкірт"күкірт, HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A4%D0%BE%D1%81%D1%84%D0%BE%D1%80" \o "Фосфор"фосфор, т.б. бейметалдар да оттегінде жанады:
S + O2 = SO2
4Р + 5O2 = 2Р2O5
Кейбір металдар да оттегінде жанып оксидтер түзеді. Мысалы, оттегімен толтырылған сынауыққа магний ұнтақтарын сепсек, оның жарқырап жанғанын көруге болады.
2Mg + O2 = 2МgО
Болат сымның ұшына кішкентай көмір түйірін шаншып алып, оны тұтатып оттегімен толтырылған ыдысқа салсақ жанған көмірден бөлінген жылудың әсерінен темір жана бастайды.
ЗFе + 2O2 = Fе3O4 (FеO•Fе2O3)
Күрделі заттармен әрекеттесуі
Кейбір күрделі заттар да оттегінде жанып оксидтер береді, мысалы, тамақ пісіргенде ас үйдегі газ пешінде қолданылатын пропанның (С3Н8) жануы:
С3Н8+ 5O2 = ЗСO2+ 4Н2O
Автогендік әдіспен металдарды кесу мен жалғауда мына реакция жүреді:
2С2Н2 + 5O2 = 4СO2+ 2Н2O
Слайд 9 Оксидтердің қолданылуы
Көмірқышқыл газ CO2 тамақ өнеркәсібінде, өрт сөндіруде “құрғақ мұз” ретінде кеңінен қолданылады. Ал су H2O (сутек оксиді) адам өмірінде ерекше маңызға ие.
Қатты күйдегі кремний диоксиді SiO2 шыны, керамика алуда, ал негіздік оксидтер көбінесе ақ бояу алу үшін қажет, мысалы, ZnO ақ бояу, Cr2O3 жасыл бояу алудың негізгі құрам бөлігі болып табылады. Кальций оксиді CaO құрылыста байланыстырушы зат ретінде, цемент және түрлі тұздар алуға көп қолданылады.
«Меңгеру»
(10 минут)
«Қолдану»
(10 минут) Топтық жұмыс
«Теңдеулер сыры»
Мына өзгерістерді қалай жүзеге асыруға болады?
А) С→СН4→СО2
Б)S→H2S→SO2
Жауабы: А) C + 2H2 =CH4 CH4 + 2O2 = CO2 + 2H2O
Б) S + H2 = H2S 2H2S + 3O2 = 2SO2 + 2H2O
«Ойлы болсаң озып көр»
Есептер жинағымен жұмыс
№2-28. Екі валентті металдың 6 грамы оттекпен әрекеттескенде 10 г оксид түзіледі. Оттекпен әрекеттескен қай металл екенін тап.
Шешуі: 6 10
2Me + O2 = 2MeO
2x 2x + 16
12x + 96 = 20x
8x = 96
X = 12 (Mg)
№2-23. Молибден оксидіндегі молибден Mo массасының оттек массасына қатынасы 2:1-ге тең. Оксидтің қарапайым формуласын тап.
Жауабы: x:y = 2/96 = 1/16 = 0,02: 0,06 = 1: 3 MoO3
«Кім жылдам?»
Мына қосылыстардағы байланыс типі қандай және электрон тығыздығы қай элементке қарай ығысады: KCIO3, Na2CO3, CO2, MgO, H2O, KMnO4
Жауаптар: KCIO3, Na2CO3, MgO, KMnO4 - иондық байланыс, CO2, H2O - ковалентті полюсті байланыс, электрон тығыздықтары оттек элементіне қарай ығысқан.
«Шыңды бағындыр?» Сынып жұмысы
**Оқулықпен жұмыс 91-бет
С-1. NH3 + O2 = NO + ? H2S + O2 = S + ?
CO + O2 = ? CH4 + O2 = CO2 + ?
Жауабы: 4NH3 + 5O2 = 4NO + 6H2O 2H2S + O2 = 2S + 2H2O
2CO + O2 = 2CO2 CH4 + 2O2 = CO2 + 2H2O
2. Массасы 24,5 г KCIO3 айырылғанда түзілген оттегінің массасы мен зат мөлшерін тап.
Жауабы: 2KCIO3 = 2KCI + 3O2
122,5 _______ 96
24,5_________X X = 19,2 г ν = m/M = 0,6 моль
«Ойлан тап»
№1 Ас одасының құрамындағы оттегінің массалық үлесін есепте.
№2 Қанттың құрамындағы элементтердің мольдік қатынастарын есепте.
№ 3 Марганцовканың құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын тап.
Жауаптары: №1 Mr(Na2CO3) = 23*2 + 12 + 16*3 = 106
ɷ(3O) = 48 /106 *100 = 45%
№2 ν(12C) : ν (22H) : ν (11O) = 12: 22: 11
№ 3 m(K):(Mn) : (4O) = 39 : 55: 64
«Жинақтау»
(3 минут) Жаңа сабақты бекіту
       «Сәйкестендіру» тапсырмасы
C2H2 + O2 = CO2 + H2O тұрмыста
ацетилен
C3H8 +5O2 =3CO2 +4H2O күнделікті өмірде
пропан
C6H12O6 + O2 = 6CO2 +6O2 + 6H2O металл дәнекерлеу
глюкоза
C + O2 = CO2 табиғатта
Қорытынды
(2 минут) Үлестірме тапсырмаларды таратамын. Оқушылар осы заттардың тұрмыста қандай маңызы бар екенін сипаттайды.
CO2 ,MgO, H2O, ZnO, CaO, SiO2
Оттегінің химиялық қасиеттерінің адам ағзасы үшін маңызы қандай?
Рефлексия
(1 минут) ..... білдім. ..... қызық болды. ..... қиын болды.
«Бағалау»
(1 минут) Бағалау парағы бойынша бағаланады.
Үйге тапсырма беру
(1 минут) а). §33 оқу, А ж/е В- 90 беттегі есептерді орындау