М?тін т?рлері. Ауызша с?йлеу тілді? ма?ызы


Бекітемін:
Қасенова Н.Н.
Әдістемелік ісі меңгерушісі.
Мұғалім аты-жөні ҚасеноваН.Н.
Пәні Қазақ тілі
Сыныбы 5 «Ә» 7.09.2016ж.
Сабақтың тақырыбы Мәтін түрлері. Ауызша сөйлеу тілдің маңызы.
Мақсаты 1. Мәтін туралы алған білімдері пысықталады.Мәтінмен жұмыс істей білуге, мәтіндегі ойды табуға,жоспар құра білугеүйрету.
2.Мәтін құра білу дағдыларын қалыптастыру,түсінуге,ойын жеткізе білуге машықтандыру, ауыз екі сөйлеу тілдерін дамыту.
3. Топпен жұмыс арқылы бір- бірін тыңдай білуге, дұрыс мәнерлеп сөйлеуге, өзара сыйластыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.Отанға сүйіспеншіліктерін арттыру,Отанды сүюге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер -Ашық,жабық сұрақтарды қойып үйренеді;
-Ойын нақты жеткізе алады;
-Өзін-өзі реттейді;
-Көшбасшы бола алады;
-Өзін-өзі бағалайды;
Әдіс-тәсілдер -Ассоциация әдісі; топтастыру;-Өзара бағалау;-өзін-өзі бағалау;- сұрақ-жауап;- топтық әңгіме;
кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Ресурстар
Оқушылармен амандасамын
Сыныптың оқушыларын 1-4 санау арқылы топқа бөлу.
Амандасады.
Оқушылар 1-4 санау бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады. Қызығушылықты ояту Қазір қандай сабақ екенін еске түсіріп жіберейік.
Қазақ тілім -өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл- қызым мәңгі сені,
Болашағым, бақыттым, дара тілім.
-Міне, балалар, ғұлама, кемеңгер акындарымыздың тілі- туған тіліміз қазақ тілі. Оқушылар қайталайды. Мағынаны тану
Қазақстанда қанша ұлт тұрмасын бәрі бірге оқып, бірге қызмет етеде.Бірге мереке тойлап, бірге қуаныш бөліседі.
Не жасаса да бірлесе жасайды, келісіп әрекет етеді. Татулықта, достықта өмір сүреді.Осындай ажырамас бірлік біздің Отанымыздың үлкен ел екендігін басқа елдерге танытады.
Еліміздің басты байлығы бейбітшілік, татулық, сыйластық құрмет, достық.
-Ал бұл тыңдағандарын не?
-Мәтін.
-Мәтін екенін қайдан білдіңдер?
-Сөйлемдер бір-бірімен байланысып тұр.
-Мәтін абзацтарға бөлінген.
-Негізгі ойы бар.Қазақстан.
-Үш бөлімнен тұрады.
-Ат қоюға бола ма?Қандай ат қояр едіңдер?
Ендеше қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не?
-Дұрыс .Мәтін.
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы-Мәтін түрлері.
-Бұл бізге бұрыннан таныс тақырып, олай болса, біз бұл сабақта мәтін жайлы түсінігімізді кеңейте түсеміз. Жаттығулар арқылы мәтінді түрлеріне айырып, талдауға ұмтылыс жасаймыз. Әрі қарай жаттығу жұмыстарын орындаймыз.
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды. Электронды оқулық
Сергіту
Оқушылар орындарынан тұрып көрсетілген слайд б/ша дене қимылдарын жасайды.
Видеоролик
Ой -толғаныс
1. Өркеннің сүп-сүйкімді қозысы бар. Оның көзі көмірдей қап-қара. Жүні аппақ, бұйра. Бойы кішкентай.
2. Жидек шілдеде піседі. Дәмі өте тәтті! Өзі бармақтың басындай, түсі бозғылт. Ауыл адамдары жидекті шелектеп жинайды. Жегенінен артылғанын қайнатады.
Венн диаграммасы арқылы салыстырайық
Жидек
Қозы


Мәтін

Енді, балалар бүгінгі сабағымыздың қорытындысын шығарып көрейік
Топтау стратегиясы. Мәтін дегеніміз не?мәтін
1-бөліктегі сөйлемдер оқылады. Бұлардың мәтін емес екендігі айтылады. 2-3- бөліктегі мәтіндер оқытылып , салыстырылады.
Парақшалар.
Маркерлер.
Стикерлер.
Бағалау Сабақ соңында - Әр топ алдарындағы парақтарды алып: өздеріне баға қойындар, топ бір баға қояды, мұғалімнің бағасы және қорытынды баға шығарыңдар.
Оқушылар өздерін бағалайды. Кері байланыс Ыстық орындық арқылы жүзеге асырылады. Оқушылар бүгінгі сабақ туралы өз ойларын білдіреді. орындық
Үйге тапсырма 1 тарау, 8-12 бет.19- жаттығу. Күнделіктеріне жазады.