Урок на тему Шыны?сын денеміз (0 класс)


Көркем әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Шынықсын денеміз.
Сабақтың мақсаты: Балаларға тақырыпты таныстыра отырып, өлеңді жаттату, қыс мезгілінде
ауырмас үшін шынығу керектігін түсіндіру.
Шынықсаң шымыр боласың мағынасын жете ұғындыру.
Сырғанауға арналған заттарды нақты білуге,жұмбақтар шеше білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, сырғанап жүрген балалар суреті, шана, шаңғы, коньки суреті, т/б
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, жаттау, жұмбақ шешу, ойын,?-жауап, топқа бөлу.
Сабақтың жүрісі: 1.Ұйымдастыру.
Шеңберге тұрып жылы лебіздер білдіру.
-Төлеп шымыр болып өс.
- Гүлнұр денің сау болсын. Жалғаса береді.
2. Жұмбақ жасырамын Шанамен зырлап желесің,
Шаңғы, коньки тебесің.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың.
-Қыс
-Дұрыс айтасындар. Өткенге шолу жасалады.
364426512128500258508511938000142811524320500Қимылды ойын «Кім жылдам»

құралдар суыру арқылы, 3 топқа бөлініп, сырғанап келіп орнына отырады
2. Негізгі бөлім: а)Дәптермен жұмыс: Сурет бойынша әңгіме.
ә)Б. Соқпақбаевтің « Шынықсын денеміз» өлеңін оқып беру тусіндіру, құрыспай, құрыштай сөзінің мағынасын ашу, өлеңді жаттату.(көтеріңкі, орташа, жай дауыспен 3 рет қайталанады).
Әр топқа 1 шумағын жаттатамын.
Әр топ бір-бірін жетелеу арқылы бір шумағын өздері айтып шығады.
б)-Тапсырма « Жұмбақ шешу»
1 топ 2 топ 3 топ
Қыста үйге кірмейді, Аяғымда басы қайқы кос сырық, Табанға қанжар байладым,
Көктем шықса жүрмейді. Таяғымда қуады оны састырып. Бетінде айна ойнадым.
?- жауап сәті: Қыста ауырмау үшін не істейсің? Әр топ шешуін тауып топ аттарын қосып әңгімелеп қорғап шығады. Мыс: Шана тобы: Қыста ауырмау үшін, қалың киініп шанамен зырғанау керек т.с.с
Сергіту: Жас ұланмын шыныққан,
Жасқанбаймын суықтан.
Қардан жасап аққала,
Сырғанаймыз шаттана. (қимылмен көрсету)
Ойын: «Кім тапқыр» Ағайынды бес туыс,
Жамылатын тоны бір.
Бесеуінде бес қуыс
Сырттан кірер жолы бір. (Шешуін тауып, суретін салып, бос жолды
12534901778100
толтыру)
3.Қортынды: Қыс мезгілі ұнай ма?
Қандай ойындарды білдік?
Топ аттары неге олай қойылды?
Қандай өлең жаттадық? Қосылып айтып шығайық.
Мақтау мадақтау аяқтау.