М??ГІЛІК ЕЛ» ЖАЛПЫ?ЛТТЫ? ИДЕЯСЫН Ж?ЗЕГЕ АСЫРУ ЖА?ДАЙЫНДА?Ы Т?РБИЕНІ? Т?ЖЫРЫМДАМАЛЫ? НЕГІЗДЕРІ


Жоба
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫН
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ
ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Астана
2014

Құрылымы
Кіріспе.....………………………………………………………...... 3
Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету......................................... 5
Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері............................................... 6
Тәрбие процесін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері.........
6
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайындағы тәрбие жұмысының басым бағыттары ................ 8
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру
шарттары ........................................................................................... 17
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыруда күтілетін нәтижелер ....................................................................................... 18
КІРІСПЕ
Қазақстандық қоғамның «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін дайындаудың өзектілігі білім беру ұйымдарының ұлттық мәдениетті меңгеру, бекіту, көріну және трансляциялауына ықпал ететін білім алушы тұлғасын рухани, ұлттық теңестіру мен әлеуметтендіруге бағдарлау қажеттілігімен айқындалады
Мемлекет пен қоғам ұлттың зияткерлік әлеуетін, адамгершілік, дене дамуы мен психикалық саулығын сақтау, тапсыру және көбейтудің негізі ретінде қарастыратын білім беру ұлттық өзіндік сана тәрбиесінен ажырағысыз.
Елдегі оң өзгерістер білім беру ұйымдарындағы тәрбие қызметінің жүйесінен көрініс тапты. Қазақстандық патриотизмнің, азаматтықтың, руханилықтың саяси және адамгершілік мәнін түсіну, адамгершілік бағдарлы, әлеуметтік белсенді, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру процесі жүріп жатыр. Ұлттың жалпықазақстандық ділін, мәдени, ұлттық-тарихи дәстүрлерін ескере отыра, зияткерлік, рухани және шығармашылық әлеуетін жаңғырту үшін жағдайлар жасалуда.
Оқушы жастардың санасында білімнің беделділігі, өз денсаулығын сақтаудағы экономикалық мүдделілік сияқты жаңа позитивті трендтер артуда; отбасы, достары, денсаулығы, материалдық игіліктер, қызықты жұмыс, мансабының өсуі оқушылардың дәстүрлі өмірлік құндылықтары болып қала беретінін социологиялық зерттеулер көрсетіп отыр.
Сонымен бірге, ұлттық тәрбие беру қажеттілігін түсіну мен балалар мен жастарда азаматтық көзқарас, патриоттық сезім, ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың жеткіліксіз деңгейі арасындағы қарама-қайшылық байқалады.
Мектеп өз тәрбиеленушілерін Қазақстан тарихының бастауларына, туған елінің мәдениетіне, ана тіліне, қазақ әдебиетіне толық бейімдемейді. Мектеп бағдарламаларында оқушылар тұрып жатқан өңірдің табиғаты, мәдениеті және экономикасының жергілікті ерекшеліктерімен байланысты материалдарға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбейді. Білімнің өзі адамның тіршілік әрекетінің міндетті құрамдасынан социумның пайдакүнемдік-қызметінің функциясына айналады, мұнда адам бейнесі білікті тұтынушы бейнесімен алмасады.
Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, ғаламдану процесі бірқатар проблемаларды:
жасөспірімдер ортасында ксенофобия, кемсіту мінез-құлқы мен жауығушылықтың туындауына әкеліп соқтыратын балалардың жекелеген санаттарының этикалық, азаматтық-патриоттық, мәдени-эстетикалық тәрбие деңгейінің төмендеуін;
көп жағдайда рухани-адамгершілік және ұлттық құндылықтар екінші орынға шығып қалады. Көптеген отбасылар мен мектептерде балалар ана тілінде қарым-қатынас жасамайды, өз халқының мәдениетімен аз таныс, ата-ананы құрметтеу, ата-аналардың баласының болашағы үшін жауапкершілігі және балалардың ата-ана алдындағы борышы және т.б. дәстүрлі отбасылық құндылықтардың құнсыздануын;
балалар мен оқушы жастардың батыс мәдениетінің құндылықтарына қайта бағдарлануы өскелең ұрпақтың адамгершілік және моральдық болмысының құлдырауына, рухани жұтаңдауына әкеледі. Балалар мен жасөспірімдер арасында қайырымсыздыққа үгіттеу, темекі шегуге, алкоголь және есірткі пайдалануға, оқушылар арасында зорлыққа, жезөкшелікке бейімдеудің жүргізілуін;
оқушының жауапкершілігін және жасөспірімдер мен жоғары сынып оқушыларының кәсіби өзін-өзі анықтауын дамытудың жоғары әлеуеті − еңбек тәрбиесінің рөлінің төмендеуін;
денсаулық мәдениеті мен саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жүргізілген жұмыстың тиімсіздігін;
отбасының және қоғамдағы басқа әлеуметтік институттардың тәрбиелік әлеуетінің жеткіліксіздігін;
әлеуметтік жетімдік, суицид проблемаларын, іріткі салатын секталарға қатысуын және т.б. шиеленістіріп отыр.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мәліметтері бойынша 2013 жылы жасөспірімдер арасындағы қылмыс барлық жасалған қылмыс санының 9,6% құрады. Аймақтар бойынша жеке қарастырсақ, қылмыстың ең жоғары көрсеткіші Алматы қаласында, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген.
Жасөспірімдерді бейімдеу орталықтарында 4156 панасыз және қараусыз қалған бала орналастырылды. Құқық қорғау органдарының есебінде 12 мыңнан артық жағдайсыз отбасы тіркелген, оларда 20 мыңнан артық бала бар. Жыл сайын ата-ана құқығынан 800-ден астам ата-ана айрылады, ал балалар үйіне 2 мыңнан 3 мыңға дейін бала түседі.
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы сарапшыларының мәліметтері бойынша қазақстандық жастардың өз мекен-жайын өзгертуге әзір болуының бірден бір себебі – төменгі табыс (17,7%), жұмыстағы қиындықтар (15,8%) және болашағынан үміт болмау (12,6%). Сауалға қатысқан респонденттердің 35,6% аймақтардан Астанаға немесе Алматыға қоныс аударғылары келеді. Ресейде тұрғысы келетіндер 17,1%, алыс шетелге көшкісі келетіндер 13,8% құрады.
Балаларға қосымша білім беру жағдайы жақсартуды қажет етеді. Олардың материалдық жабдықталуы 60% ғана болып отыр. 680 қосымша білім беру ұйымдарының тек 284 ғана ауылды жерлерде. Көптеген қызмет түрлері ақылы болғандықтан ол балалардың барлығы үшін қолжетімді болмай тұр.
Мұндай жағдайдың бірден бір себебі – нысаны балаларды және оқушы жастарды рухани, адамгершілік, патриоттық дамыту болып табылатын тәрбиені әлеуметтік құбылыс ретінде және мақсатты процесс ретінде де жете бағаламау. Тәрбиенің өзі құндылықтар, қарым-қатынас, мінез-құлық, мораль және адамгершілік сияқты категориялармен анықталады.
Сондай-ақ тәрбие бағдарламалары мен технологияларын іске асырудың жаңа тәсілдерін енгізу механизмдерінің өңделмегендігі, педагогикалық және жетекші мамандардың жаңа жағдайлардағы тәрбие жұмысына даярлығының жеткіліксіздігі ықпал етеді.
Сонымен, білім мазмұнын жаңарту жағдайында іс-әрекет стратегиясы ретінде басқару органдары мен білім беру ұйымдары үшін өзінің білім беру- тәрбие кеңістігінде тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін дайындау мен енгізудің объективті алғышарттары қалыптасты
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей, егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды.
Жолдауда бұл құндылықтар аталған: Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы; қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім; зайырлы қоғам және жоғары руханият; индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім; Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы; тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Президент сондай-ақ, белсенді, білімді және дені сау азаматтар қалыптастыру, жаңа қазақстандық мәдениетті дамытуға жаңа серпін беру міндетін қойды. 2020 жылғы қазақстандық жастарды патриот, білімді, дені сау, жауапкершілікті және жігерлі, инновациялық экономика жағдайында табысты жұмыс жасайтын, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген, қазақ халқының құндылықтары мен мәдениетін бойына сіңірген, толерантты, әлемде танымал және құрметті тұлға ретінде көреміз.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері Жаңа Қазақстандық патриотизмнің идеялық негізі болып табылатын осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтар ескеріле отыра құрастырылады.
Қазақстандық қоғамның Мәңгілік елге бағытталуы жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жас ұрпақты тәуелсіз Қазақстанның даму тарихының субъектісі ретінде, өзгерістердің бірыңғай маңызды факторы ретінде, жаңа идеялар мен бағдарламаларды тасымалдаушы ретінде, ерекше түрдегі әлеуметтік құндылық ретінде қабылдау миссиясын атқарады.
1. НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Жұмыстың нормативтік негізін Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттары құрайды:
– Қазақстан Республикасының Конституциясы;
– Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
– Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы» Заңы;
– Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»;
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»;
– «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік  бағдарламасы» ;
− «Барлық білім беру ұйымдарында оқытудың тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысы;
Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 ж. 16 қарашадағы № 521 бұйрығымен бекітілген.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын, Бала құқықтары туралы конвенцияны, Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының халықаралық декларациясын, Үздіксіз білім беру бойынша ЮНЕСКО ұсынымдарын ескереді.

ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Мақсаты: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтармен тәрбиеленген, көшбасшылық қасиеттері бар, әлеуметтік және тұлғалық өзін-өзі анықтауға қабілетті білімді тұлға қалыптастыру.
Міндеттері:
Қазақстандағы әр бала тұлғасының мотивациялы-құндылықты аясын
дамыту;
тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, ана тілін және қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу;
көшбасшылық қасиеттері бар, жаңа демократиялық қоғамда өмір
сүруге қабілетті азаматты және патриотты тәрбиелеу;
отбасының тәрбиелік әлеуетін күшейту;
оқушыларда табысты әлеуметтенуі үшін құзыреттіліктерді, толассыз
өздігімен білім алу мен өзін-өзі дамытуды, олардың саналы түрде жан-жақты өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі дамытудың жоғары формасы – өзін-өзі тәрбиелеуге қатысуды қалыптастыру.
3. ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы тәрбие процесін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері:
–үйлесімді әлемнің әмбебап моделін дайындау, әлем және адамның келісті жүйесін қамтамасыз ететін, оның жаратылыстануғылыми және гуманитарлық құрамдастарының табиғи бірлігі негізінде білім беруді іргелендіру;
қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы өзгерістердің артуы салда-
рынан басымдықтар мен мәдени құндылықтардың алмасуында, инновациялық технологияларды жетілдіруде және енгізуде көрінетін ғаламдану;
– тәрбие қызметін білім беру ұйымдарының тәрбие саясатын іске асыру инструменті ретінде қарастыратын тәрбиенің жүйелі тұтастығы;
Түрлі мекемелер – әлеуметтікмәдени орта субъектілері, қоғамдық ұйымдар, іскерлік және әлеуметтік серіктестермен ұжымдық шығармашылық пен ынтымақтастық негізінде білім мазмұны, білім беру-тәрбиелеу қызметінің формалары мен әдістерін жаңартуды болжайтын тәрбиенің ашықтығы.
Білімнің жаңа мазмұнына өтуде тәрбие процесі келесі көзқарастарды болжайды:
Тұлғаға бағытталған көзқарас – өзара байланысты түсініктер, идеялар және іс-әрекет тәсілдері жүйесіне арқа сүйеу, тұлғаның өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіру процестерін, оның дербестігінің дамуын қолдау.
Тәрбиедегі іс-әрекеттік көзқарас – тұлғаның өз әрекетімен бірлігі, тікелей және жанама түрде тұлға құрылымына өзгеріс жасауды жүзеге асырады.
Құзыреттілік көзқарас – тәрбие мақсаттарын анықтаудың, тәрбие процесін ұйымдастыру мен оның нәтижелерін бағалаудың ортақ принциптерінің жиынтығы, оқушыларға олардың табысты әлеуметтенуін қамтамасыз ететін құзыреттіліктердің қалыптасуы.
Кешенді көзқарас – тәрбие процесінің басты, маңызды жақтарын көрсететін тәрбиенің бірлігі мен тұтастығы.
Әлеуметтік көзқарас – әлеуметтік шынайылықтың тұлғаның мақсаты мен міндеттеріне бүкіл өмір бойы ықпал етуі, осы ықпалдың адам және қоғам үшін педагогикалық салдарлары.
Құндылықты (аксиологиялық) көзқарас – адамдардың санасымен және тұлғалық мағынасымен әлемге, өзге адамдарға, өз өзіне және т.б. қатынастарын анықтайтын жалпыадамдық және ұлттық құндылықтар.
Жаңа білім мазмұнына өту жағдайында тәрбие процесін ұйымдастыру принциптері:
Ізгілікке (гуманизм) бағытталған принцип – педагогтің өзіндік дамудың жауапты және дербес субъектісі ретінде тәрбиеленушімен бірізді қатынасы, оның тәрбие процесінде тұлғамен және ұжыммен адамгершілік қарым-қатынас негізіндегі өзара қатынас стратегиясы.
Тәрбиенің диалогтық принципі – бір мезгілде қоғамдық мүдделерді сақтау мен тұлғалық-құнды мақсатты іске асыруда міндеттемелер мен ынтымақтастықтарды орындау, өзіндік менеджментке қабілетін дамыту, әлеуметтік ұтқырлықты байқаудан өткізу үшін балалардың түрлі бірлестіктері, соның ішінде жетекшілердің тәжірибелерін қалыптастыруда педагогтер ұйымдастырған мүмкіндіктерді пайдалануды болжайды.
Мәдени сәйкестік принципі – тәрбие мәдениеттің жалпыадамзаттық құндылықтарына және жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениеттердің нормаларына негізделуі тиіс.
Тәрбиенің үздіксіздігі принципі – тіршілік әрекетінің барлық кезеңінде тұлғаның жан-жақты дамуы, оның күші мен қабілеттерін, кәсіби және жалпымәдени өсуін барынша толық іске асыруы үшін оның шығармашылық әлеуеті мен мүмкіндіктерін арттыру.
Табиғи сәйкестік принципі – табиғат дамуының ортақ заңдарының басымдығы; табиғи және әлеуметтік процестерінің өзара байланысы; тәрбие жұмысында білім алушылардың жынысы мен жасын ескеру.
Тәрбиенің тұтастық принципі оқу және оқудан тыс іс-әрекетінің бірігуімен қамтамасыз етіледі: оқу іс-әрекеті қазақстандық сәйкестілігінің когнитивті құрамдасын қалыптастырады; сабақтан тыс іс-әрекетте әсерлі-құндылықты мінез-құлық құрамдасы дамиды.
Этникалық принцип – этникалық мәдениеттердің бірігуі негізінде жалпыұлттық мәдениеттің гүлденуіне, азаматтық келісім мен үйлесімге, қоғамдық қатынастарға қол жеткізуге ықпал ететін мәдениетжасаушы орта қалыптастыру.
4. «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ
Жалпы дүниежүзілік тәрбие жүйесінің зерттеуі мен талдауы тәрбие мақсаттары, мазмұны, әдістері, нәтижелері мен қоғамдық құндылықтары өзара тіке байланысты екенін көрсетіп отыр.
Кейбір дәстүрлі тәрбие жүйелері алуантүрлі және бірегей бола тұра: мұсылмандық (Египет, Иран, Кувейт), еуропалық (Англия, Аустрия, Швеция, Финляндия), азиялық (Жапония, Корея, Индия), американдық − олардың барлығына дамудың күшті жақтарымен қатар, әлсіз жақтары да тән.
Заманауи әлемдегі ең дамыған елдердің бірі – АҚШ-да − өз Отанына деген махаббатты тәрбиелеу мәселесі мемлекеттіктің белгілерін және нышандарын оқытудан басталады. АҚШ Үкіметі қоғамның идеялық бірігуінене көп көңіл бөле бастады. Германияда арнайы қабылданған заңдармен өнегесіз баспа өнімдерін, аудио- және бейне жазбаларды, иллюстрацияларды, зұлымдық пен қатыгездік, қылмыс пен нәсілдік жеккөрушілік ниетін оятатын фильмдерді шығаруға және таратуға тыйым салынған. АҚШ, Германия, Аустрия, Швецияда 18 жасқа дейінгі жас адамдардың моральдық және дене қауіпсіздігі үшін ресторандарда, кафе, ойын залдарында, кинотеатрларда болу уақыты заңмен шектелген.
Отбасылық тәрбиенің мұсылмандық дәстүрлері сүйіспеншілікке негізделген биліктен; өзіндік тәртіп пен жауапкершілікті біртіндеп арттырудан; бала мүддесін ескеретін ата-ана басқаруынан; отбасы мүшелерінің әрқайсысының адамгершілік сезімін құрметтеуден; мақтау мен жазалауды әділ қолданудан тұрады.
Азиялық тәрбие моделінің артықшылығы – ұжымшылдықтың, еңбексүйгіштіктің, тәртіптіліктің және әлеуметтік бағыныштылықтың жоғары деңгейі, ал, кемшілігі – төмен жеке бас жауапкершілік, сенімсіздік, дербестігін басу. Британдық, сол сияқты финндік тәрбие жүйелері тұлғаның дербес дамуын және оның социумдағы корпоративтілігін теңгеруімен ерекшеленеді.
Қазақстандық білім беру жүйесінің ерекшеліктерін ескере отыра, біздің жалпықазақстандық ортақ шаңырағымыз «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына негізделген «Тәрбиенің құндылықты моделі» ұсынылады.
Мәңгілік Ел – бұл біздің Қазақстан халқы ұрпақтарының алдындағы жауапкершілік, әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына ену мәртебесі белгіленген және бұйырған лайықты және ұлы Қазақстанды дамытудағы біздің стратегиямыз. Біздің Мәңгілік Елді жасауымыздың басы тәрбиенің жаңа құндылықты моделі болып табылады, себебі білім беруде басқа саладағы сияқты барлық халықпен бірге ел тағдырын жасайтын балалар мен жастарды тәрбиелеу мен оқытуда еліктеуге лайық үлгі қажет.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің мақсаттары мен міндеттерін іске асыруда тәрбие жұмысының басым бағыттары анықталды:
жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие
рухани-адамгершілік тәрбие
ұлттық тәрбие
зияткерлік тәрбие
еңбек тәрбиесі және кәсіби өзін-өзі анықтау
дене және психологиялық тәрбие, саламатты өмір салты
экологиялық тәрбие
көпмәдениетті тәрбие
көркем-эстетикалық тәрбие
көшбасшылық қасиеттерді дамыту
отбасы тәрбиесі
4.1 Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие
Қазақстандық патриотизм – елін сүю және оны басқару ісіне, жалпыұлттық міндеттерді шешуге сындарлы қатысу қабілеті.
Критерийлері:
Отанын сүю;
Отан мүдделеріне қызмет ету қабілеті және даяр болу;
мемлекеттік тілді білу;
ел жетістігін күнделікті өмірде және халықаралық аренада еселеу.
Азаматтық – бұл әлеуметтенген тұлғаның біріккен қасиеті, ол тұлғаға қоғам мен мемлекет дамуының түрлі деңгейлерінде саяси құқықтық белсенділіктің ықпалды субъектісі және объектісі болу мүмкіндігін береді.
Критерийлері:
өз қадір-қасиетінің қалыптасқан сезімі;
құқықтың шынайы субъектісі болу қабілеті;
өзіндік тәртіпке айналған ішкі еркіндігі;
өз бостандығын ерікті ниеттестікке айналдыру, өз құқығын міндеттер
ретінде, өз міндеттерін құқық ретінде қабылдау қабілеті;
басқа азаматтарға және билікке құрметпен қарауы.
Міндеттері Іске асыру механизмі
Отанға қызмет ету даярлығын қалыптастыру; құқықтық мәдениет
тәрбиелеу; азаматтарға, билік органдарына құрметпен қарым-қатынас жасауды дамытуға ықпал ету; өз қадыр-қасиетін және социумдағы орнын сезінуді дамыту және т.б.
оқу пәндері, сабақтан тыс іс-әрекеттер, қосымша білім беру арқылы. Ерлік, намыс және абырой тағылымдары.
Патриоттық форумдар, акциялар. Оқушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары мен белгілерін білуге арналған байқаулар және олимпиадалар.
Қазақ халқының, Қазақстанда тұратын басқа этностардың мәдени мұрасы, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттеу бойынша өлкетану экспедициялары. Елдегі саясат, өнер, бизнес және т.б. сала басшыларымен кездесулер.
Рухани-адамгершілік тәрбие
Рухани-адамгершілік тәрбие қоғам өмірінің нормалары және салт- санасымен келісілген тұлғаның өзіндік санасын, этикалық қағидаттарын дамыту, оның адамгершілік қасиеттері мен ұстанымдарын қалыптастыру үшін жағдай жасауды болжайды.
Критерийлері:
адамгершіліктің көпшілік мақұлдаған нормаларын қабылдауы және сақтауы;
мінез-құлық таңдауының ішкі еркіндігі және адамгершілік шешім қабылдау, ар үстемдігі;
дербестік, рухани және әлеуметті жауапты тұлға ретінде өз-өзіне және сеніміне адалдығы;
адамгершілікке жат қылықтарға белсенді рухани қарсылығы;
әлемдік діндердің рухани-адамгершілік құндылықтарын тануы;
жоғары адамгершілік, толеранттылық, өз және өзге халықтардың мәдениетін, дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеу, үлкендерді сыйлауы;
адамгершілік мінез-құлықты таңдау және іске асыруы (адамдарға және Отанға қызмет етуге даяр болу, жан аямас махаббат пен рухани парасаттылық көрінісі, бойұсыну, еріктілік, өмірдегі сынақтарды жеңу).
Міндеттері Іске асыру механизмі
тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруына ықпал ету; адамгершілік проблемаларды шешу білігін меңгерту; байланыс жасау бейімділігі мен мінез-құлық мәдениетін дамыту.
Оқу пәндері мазмұнына құндылықтар -
ды кіріктіру арқылы оқытудың тәрбиелік әлеуетін күшейту.
Қосымша білім беру мүмкіндіктерін кеңейту. “Өзін-өзі тану” пәнін оқытуды жетілдіру. Қоғамдық бірлестіктер, қозғалыстар және балалар мен жастар клубтарының іс-әрекетін жандандыру.
Әлеуметтік, қайырымдылық жобаларды дайындау және іске асыру, волонтерлықты дамыту және т.б.
4.3 Ұлттық тәрбие
Ұлттық тәрбие – Қазақстан Республикасында қазіргі әлеуметтікмәдени жағдайлар талап етіп отырған тұлғаның, азаматтың және патриоттың ұлттық өзіндік санасын қалыптастырудағы мақсатты процесс. Ұлттық тәрбиенің феноменіне үш құрамдас: балаларда ұлттық қадыр-қасиет, ұлттық мақтаныш және ұлттық намыстың өзара әсері есебінен қол жеткізіледі.
Критерийлері:
этникалық өзіндік сана, этникалық ұқсастығы;
мемлекеттік және ана тілін меңгеруі;
өз халқының мәдени мұрасын білуі;
өз халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін сақтауы;
өз халқының конфессиялық қатыстылығы туралы түсінік, оның
адамгершілік принциптерін мойындауы;
Қазақстанның этномәдени байлығы туралы түсінік қалыптастыруы.
Міндеттері Іске асыру механизмі
мемлекеттік тілді оқыту, Қазақстанның тарихымен, қазақ халқының және басқа да этностардың мәдениетімен және дәстүрлерімен таныстыру; ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру; этникалық өзін-өзі сәйкестендіру және саралау қажеттілігін дамыту және т.б.
оқу пәндері, қосымша білім беру, мектептен тыс, сабақтан тыс іс-әрекеттер арқылы. Этнопедагогика кабинеттерін құру және жабдықтау;
«Мәңгілік Ел» жобасы аясында акциялар, ҚР Елтаңбасы, Туы және Гимнін, қазақ халқының мемлекеттік тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін, Қазақстан тарихын білу бойынша байқаулар, олимпиадалар өткізу;
өлкетану жұмыстары және т.б.
4.4 Зияткерлік тәрбие
Зияткерлік тәрбие – әрбір білім алушыға оның зияткерлік мүмкіндіктерін дамыту мақсатында зияткерлік педагогикалық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру формасы. Тұлғаның зияткерлік әлеуетін дамыту мақсаты бәсекеге қабілетті ұлтты моральдық, мәдени және зияткерлік тұрғыдан қалыптастыруға бағытталады.
Критерийлері:
өмір бойы оқуға ықыласы және даярлығы;
өздігімен білім алу және алған ақпаратты өмір сүру жағдайын жақсарту
немесе өзінің таным қабілеттерін дамыту үшін пайдалану білігі;
сыни тұрғыдан ойлау, талдау және алған ақпаратты тиімді пайдалану
қабілеті;
пікірталас жүргізу дағдыларын меңгеруі.
Міндеттері Іске асыру механизмі
білімге ұмтылысын дамыту, сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға ықпал ету, талдау қабілеттерін дамыту және т.б.
оқу пәндері, элективті курстар, үйірмелер және қызығушылығы бойынша сабақтар, мектептік және желілік дебат турнирлері, оқушылардың бірлескен жобалық жұмыстары арқылы. Зияткерлік ойындар, байқаулар, тренингтер, викториналар, олимпиадалар, ғылыми-техникалық конференциялар. Дарынды мамандар және замандастарымен кездесулер және т.б.

4.5 Еңбек тәрбиесі және кәсіби өзін-өзі анықтау
Еңбек тәрбиесі еңбек ету, жоспарлау қабілеттілігін, материалдарды
үнемді жұмсау, жеке бас гигиенасы мен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау білігі мен дағдысына төселу, келешектегі мамандықты дұрыс таңдауға саналы қатынасын қалыптастырудан тұрады.
Критерийлері:
адам өз еңбегімен материалдық және рухани құндылықтар жасайтынын және сонымен бірге өзі жетілетінін түсінуі;
қоғамның материалдық хал-ахуалын арттыруға ұмтылысы;
мақсатқа қол жеткізуде төзімділік және табандылығы;
нарықтық экономиканың қарапайым заңдарын білуі;
мамандық таңдауға саналы көзқарасы.
Міндеттері Іске асыру жолдары
еңбек дағдысын, ұтқырлықты, іскерлікті дамыту; еңбек құралда-
рына құнтты қарау сезімін қалыптастыру; еңбексүйгіштік, табандылық, шыдамдылық қасиеттерін дамыту, мамандық таңдауға саналы қатынасын қалыптастыру және т.б. технология сабақтарында еңбек тәрбиесі, қосымша білім беру, мектептен тыс, сабақтан тыс іс-әрекеттер арқылы. Сенбіліктер,
кәсіпорындарға саяхаттар,
тәлімгерлермен, жаңашылдармен, табысты кәсіпқорлармен кездесулер және т.б.
4.6 Дене және психологиялық тәрбие, саламатты өмір салты
Дене тәрбиесі дене қабілеттерін дамытуға, ағзаның функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге, қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға, жігерлілік қасиеттерін тәрбиелеуге бағытталған.
Адамның тұлға ретінде психологиялық даму деңгейі адамдағы сұраныстардың мөлшерімен, әртүрлілігімен және иерархиясымен анықталады. Адамда сұраныс неғұрлым көп болса, оның психологиялық даму деңгейі соғұрлым жоғары.
Саламатты өмір салты денсаулыққа адамзаттың ең жоғары құндылығы ретінде қарым-қатынасымен, адамның оны алға қойған өмірлік мақсаттар мен міндеттерді орындаудың тиімді алғышарты ретінде қарастыруымен анықталады.
Критерийлері:
жеке басының денсаулық ерекшеліктерін және жай-күйін білуі;
денсаулыққа зиян тигізетін факторларды анықтау білігі;
әлеуметтік мақсаттар және рухани қажеттіліктің айқын көрінісі;
теріс ықпалдарға қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеруі;
табиғи қабілеттерді орынды пайдалануы;
денсаулық сақтау мен нығайтудың, қауіпсіз және жауапты мінез-құлықтың білігі мен дағдысы болуы.
Міндеттері Іске асыру механизмі
саламатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру; дене және психологиялық саулығын сақтау; суицидтің, зиянды заттарды қолданудың және компьютерлік ойындарға тәуелділіктің алдын алу және т.б.
дене тәрбиесі және саламатты өмір салты сабақтары, оқу пәндері, қосымша білім беру, спорттық секциялар мен үйірмелер, мәдени-көпшілік шаралар, дәрістер, тренингтер, әңгімелер, психологиялық диагностика арқылы және т.б.
4.7 Экологиялық тәрбие
Экологиялық тәрбие табиғатқа құнтты жауапты қарым-қатынас қалыптастыратын экологиялық білім, білік, дағдылар, көзқарастар мен сенімдер жүйесін қалыптастыратын мақсатты, ұйымдастырылған процесс.
Критерийлері:
экологиялық сауаттылық, табиғатқа, қоршаған адамдарға және өзіне құнтты қарым-қатынасы;
экологиялық іс-әрекет түрткісі және тәжірибесі;
«адам-қоғам-табиғат» жүйесінде өзара әрекеттесу, туған өлке табиғаты, жергілікті, аймақтық және ғаламдық экологиялық проблемалар туралы түсінік болуы;
табиғатты пайдалану саласындағы және қоршаған ортаны қорғаудағы
әртүрлі іс-әрекеттерге қатысуы;
адамдардың өмір сүру шарттарын анықтайтын табиғи ортаны сақтау
жауапкершілігін қалыптастырылуы;
экологиялық қауіпсіз мінез-құлық нормаларын сақтауы.
Міндеттері Іске асыру механизмі
табиғатты сақтауда белсенді азаматтық көзқарас тәрбиелеу; табиғатқа құнтты қарым-қатынас қалыптастыру, оның байлығын еселеуге ұмтылу; өскелең ұрпақтың экологиялық сауаттылығының жоғары деңгейін дамыту және т.б. оқу пәндері, қосымша білім беру арқылы, туған өлке бойынша экспедицияларға, туристік жорықтарға, сенбіліктерге, мектепті, ауданды, қаланы көгалдандыруға және абаттандыруға, жасыл желек отырғызуға, «Жасыл ел» қозғалысына қатысу және т.б.
4.8 Көпмәдениетті тәрбие
Көпмәдениетті тәрбие ғаламдану жағдайында этникалық картинаның алуан түрлілігін қолдауға бейім. Ол этникалық мәдениетті сақтау мен дамытудың, олардың құндылықтарын тәрбие беру мен оқыту тәжірибесіне қосудың және білім берудегі өзекті мәселелерді шешудің құралы болып табылады.
Критерийлері:
түрлі халықтардың өзара қарым-қатынасының ұнамды және ұнамсыз
шаралары туралы білімінің болуы;
мәдениетаралық қарым-қатынастың тәжірибесін дәлме-дәл бағалауы;
мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілдерін білуі;
мәдениетаралық өзара әрекеттесуді реттеудің халықаралық және
отандық тәжірибесін, көпмәдениетті және мультимәдениетті тәрбиенің әлемдік тәжірибесі туралы білуі.
Міндеттері Іске асыру механизмі
мәдениетаралық қарым-қатынасты
дамыту; толеранттылық және ғаламдық ойлау біліктерін қалып-
тастыру; көптілділікті дамыту;
көпмәдениетті тұлға қалыптастыру;
мектептің білім беру кеңістігін
тұлғаның өзіндік ұқсатуының көпмәдениетті ортасы ретінде құру.
оқу пәндері, қосымша білім беру, сабақтан тыс іс-әрекет арқылы. Фестивальдер, байқаулар, тілдік және мәдени клубтар. Қазақстан халқы Ассамблеясымен және этномәдени орталықтармен ынтымақтастық және т.б.
4.9 Көркем-эстетикалық тәрбие
Көркем-эстетикалық тәрбие адамда шынайылыққа мақсатты эстетикалық қарым-қатынас қалыптастырады. Тәрбие процесінде индивидтердің құндылықтарға тартылуы, олардың ішкі рухани мазмұнға ауысуы болады. Көркем-эстетикалық тәрбие адам шығармашылығының түрлі салаларында қажет барлық рухани қабілеттерін үйлестіреді.
Критерийлері:
білім алушыларда эстетикалық мұраттарының, өнердегі және
болмыстағы мүлтіксіз сұлулық туралы түсініктің болуы;
көркембейнелі ойы мен шығармашылық қиялы, шығармашылық
қызмет дағдыларының болуы.

Міндеттері Іске асыру механизмі
эстетикалық тәрбие құралдары арқылы көркемдік талғам қалыптастыру;
эстетикалық тәрбие әдістері мен принциптерін дайындау және т.б.
оқу пәндері, қосымша білім беру, сабақтан тыс іс-әрекеттер арқылы. Үйірмелер, әдеби клуб, КТК клубы және т.б.; саяхаттар: театрларға, мұражайларға, көркемсурет көрмелеріне, галереяларға, тарихи орындарға; шаралар: шығармашылық кештер, оқушылар шығармашылығының көрмелері, байқаулар; кездесулер: белгілі тұлғалармен, өнер қайраткерлерімен және т.б.
4.10 Көшбасшылық қасиеттерді дамыту
Көшбасшы – өмір сүріп отырған қоғамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған ортақ істі бірлесе атқару мақсатында өзгелердің мінез-құлқына ықпал етуге, өзіне жауапкершілік алуға, нақты мақсаттарға қол жеткізуде бірізді және өзімен бірге топты алып жүруге қабілетті адам.
Критерийлері:
өзіне сенімділігі;
мақсат қою және оған қол жеткізу қабілеті;
теріс ықпалдарға қарсы тұра білудің тиімді тәсілдерін меңгеруі;
сендіру және қозғау салу білігі;
қарым-қатынастың жақсы дағдылары;
мақсатқа қол жеткізуде төзімділігі және ұжымда жұмыс жасау білігі.
Міндеттері Іске асыру механизмі
өзін, топты басқару біліктерін дамыту; оқушылар ұжымында көшбасшыларды анықтау; тиімді байланыс орнату (коммуникация), іскерлік, ұйымдастыру дағдыла-
рын қалыптастыру және т.б.
оқу пәндері, қосымша білім беру, сабақтан тыс іс-әрекеттер арқылы.
Психометриялық және социометриялық тесттер мен әдістер; көшбасшылықты дамыту бойынша бағдарламалар және т.б.
4.11 Отбасы тәрбиесі
Отбасы тәрбиесі – тұлғаны қалыптастыруда және әлеуметтендіруде күткен нәтижелерге қол жеткізу мақсатында ата-аналар мен отбасының басқа мүшелері тарапынан балаларға әсер ету процесі.
Критерийлері:
әр баланың отбасында өмір сүру және тәрбиеленуінің негізі
болатын құқығын іске асыру;
балаларының оқудағы және шығармашылық іс-әрекеттегі жетістік-
теріне, мектептік тәрбие процесінің табыстылығына ата-аналардың мүдделілігі;
мектептік шараларды өткізудегі ата-аналардың іс-әрекеті;
балаларын оқыту және тәрбиелеу ісінде ата-аналардың мектеп
мұғалімдеріне сенімі;
балалардың психологиясын, дүниетаным ерекшеліктерін білу.

Міндеттері Іске асыру механизмі
отбасылық құндылықтарды қалыптастыру; коммуникативтік дағдыларды дамыту; Қазақстан халқының әдет-ғұрпы мен дәстүрлері негізінде отбасылық құндылықтарды нығайту; өз отбасының, тегінің және социумның тарихына танымдық қызығушылық тудыру және т.б. мектептердің қамқорлық кеңестері және ата-аналар комитеті арқылы; бірге ұйымдастырылған отбасылық шаралар; ата-аналардың мектеп өміріне қатысуы; әкелер, әжелер клубтары; ата-аналардың педагогикалық жалпыға міндетті оқуы және т.б.
5. ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ҚР БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ШАРТТАРЫ
Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету – тәрбие процесінің Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкестігі.
Ақпараттық қамтамасыз ету  – заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану, мектепішілік және жоғары оқу орныішілік БАҚ, тәрбие мәселелері бойынша баспа қызметін ұйымдастыру және т.б.
Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету – педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, ғылыми-әдістемелік кешендер әзірлеу, вариативтік бағдарламаларды, тәрбиелік және ақпараттық технологияларды енгізу. Тәрбие процесін ұйымдастырудың озат тәжірибесін анықтау, зерделеу және кеңінен тарату; тәрбие процесінде, сондай-ақ оны басқаруда жаңа технологияларды меңгеру; адамның рухани әлемін қалыптастыруға бірізді бағдарлану.
Ұйымдастыру-басқарушылық қамтамасыз ету  – білім беру ұйымдарында және олардың құрылымдық бөлімшелерінде тәрбие жұмысын оңтайлы жоспарлау, олардың жұмысын үйлестіру негізінде тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру үшін жағдай жасау; негізгі және қосымша білім беру мазмұнын бірігуі, жұмыстың тиімді тәжірибесін ұдайы зерттеу, жалпылау және тарату, тәрбие процесіне мониторинг жүргізу, тәрбие процесі субъектілерінің пікірін зерделеу негізінде біртұтас білім беру кеңістігін құру.
Үздіксіз білім беру жүйесін; білім беру деңгейлері мен сатыларының сабақтастығын дамыту; зерттеушілік және инновациялық қызметті қолдау; отбасылық тәрбие жүйелерін және отбасын мектептің тәрбие жүйесіне қосуды қайта өркендету.
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету – қажет материалдық, техникалық жағдайлар жасау, тәрбие жұмысын республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру, тәрбие процесіне қатысушыларды ынталандырудың икемді жүйесін тиімді пайдалану.
Психологиялық-педагогикалық қолдау балаларды тәрбиелеуде білім беру ұйымдары педагог-тәрбиешілерінің педагогикалық жоо және колледждердің, ғылыми ұйымдардың профессорлық-оқытушылық құрамымен, ата-аналар қауымдастығымен және қоғамдық ұйымдармен серіктестік пен ынтымақтастықты білдіреді. Ол балалар мен жастардың әлеуметтік-педагогикалық қорғанысын қамтамасыз етуді, өзіндік құндылық және психологиялық жайлылық сезімін қалыптастыруды; дамудың психологиялық-педагогикалық кемшілігін түзетуді қажет ететін балалар мен жастардың түрлі категорияларымен жұмыс жүйесін жетілдіруді болжайды.
Назарбаев зияткерлік мектептері тәрбие жұмысының тәжірибесін трансляциялау және енгізу: тәрбие жұмысын академиялық пәндер, қосымша білім беру, сыныптан тыс шаралар және НЗМ жеке жобалары арқылы іске асыру практикасы. «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы, «Туған елге тағзым» өлкетану зерттеу экспедициясы, жазғы әлеуметтік практикалар, волонтерлық, әлеуметтік акциялар, зияткерлік ойындар және т.б.
Кадрлық қамтамасыз ету тәрбие жұмысымен айналысатын педагог қызметкерлердің барлық категорияларының біліктіліктерін арттыру және қайта даярлауды; сынып жетекшілері, кураторлар, мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтердің функционалдық міндеттерін қайтадан бөлуді болжайды. Мектептерде тьюторлық институтын, еңбекақысы төленетін (штаттағы) сынып жетекшілерін енгізу. Жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша педагогикалық колледждер оқушылары және жоғары оқу орны студенттерінің педагогикалық практикасын жаңғыртуды жүзеге асыру.
6. ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері:
Қазақстанда тұлға мінез-құлқының дұрыс мотивациялы- құндылықты аясын;
оқушы жастарда қазақстандық патриотизмді, азаматтық сананы, толеранттылықты және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастырудың өсіп отырған деңгейін;
жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардағы мәдениет негіздерін, ана тілі мен мемлекеттік тілге және этномәдениетке құрметті;
рухани дамыған және жоғары адамгершілікті тұлға қалыптастыруда отбасы институтының тәрбиелік әлеуетін күшейтуді;
өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі тәрбиелеуге жан-жақты саналы түрде қатысуды, табысты әлеуметтенуді, өз бетінше білім алуды және өзін жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс.
Сонымен, Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің жалпы векторы білімді, адамгершілікті, жігерлі, көшбасшылық қасиеттері бар, таңдау жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, «Мәңгілік Ел» - Қазақстан-2050 Стратегиясының басты мақсатына қол жеткізуге белсенді қатысатын адамды қалыптастыруға бағытталған.