Баяндама Мемлекеттік жалпы?а міндетті білім беру стандартыны? талаптарына с?йкес информатиканы о?ытуды? басым ма?саттары


Жакупбекова Инкар Муратовна,
Садуақас Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Павлодар облысы,
Лебяжі ауданы,
Қызылқоғам ауылы.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес информатиканы оқытудың басым мақсаттары
«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалімқандай болса, мектеп сондай болмақшы.
Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен
балалар көбірек білім алып шықпақшы.
Солай болған соң, ең әуелі мектепке
керегі – білімді, педагогика, методикадан
хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.»
(Ахмет Байтұрсынов).
Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми- техникалық прогрестердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ. XXI ғасыр ақпараттық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте-ақ Республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алынды. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізу, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді. Қазақ мектептерінде информатика пәнін оқытудың сапасын арттыру бағытында оқушыларға теориялық білім беру және практикалық калыптастыруда оқытудың тиімді әдістерін анықтап, пайдалану білімді ізгілендіру мен демократияландырудың, саралап оқытудың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.
Қазақстан өз тәуелсіздігін 1990 жылдардың басында алғанына қарамастан, информатиканы оқыту саласы елімізде бірден дамып кете алмады. Ал қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты «информатика» пәнін оқытуға қойылған мақсаттары мен міндеттерінің дәйектілігі осы кезеңдегі білім беру үдерісінің жағдайына толықтай сай деп айтуға болады.
«Информатика» оқу пәнінің мазмұнының ядросы келесі жалпы білім беретін информатика курсының ұйымдастырушы өзара байланысқан мазмұндық желілерін құрайды: ақпаратты бейнелеу және ақпараттық үдерістер, компьютерлер, ақпараттық технологиялар, алгоритмдеу, формальдау және модельдеу, телекоммуникация, әлеуметтік информатика мәселелері. Бұл мазмұндық желілер информатиканың жалпы білім беру аумағының мазмұны өзегі болып табылады, сондықтан да оқу пәнін басыңқы бағдары информатиканың базалық және кәсіптік курстарында мазмұндық желілердің қиындық деңгейін арттыра отырып, оқытуды қамтамасыз ететіндей концентрлі болып табылады. Бұл сөзсіз мектеп информатикасының іргелі маңызын жоғарылатуға оң әсерін тигізді және нәтижесінде осы оқу пәнін оқытуды іргелендіруге алып келеді.
Қазіргі таңда информатика ақпараттық – логикалық үлгілер туралы негізгі ғылымға айналып отыр және ол басқа ғылымдарға, тіпті зерттеу тақырыптары ұқсас математикаға да жатқызылмайды. Информатика дербес пән ретінде тез дамып келеді. Егер 9-10 жыл бұрын информатиканың базалық курсы алгоритмдеу мен программалау негіздерін, есептеуіш техника құрылғылары негіздерін және пайдалануды игеруден тұрған болса, қазір адамдардың компьютерді құрал ретінде пайдалану тиімділігін арттыру информатика курсының негізгі мақсаты болып табылады. Оқытудың жаңа инновациялық әдістері жаңа технологияларды пайдалануға итермелейді.
Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. Оның мәні –білім беруде және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Қазіргі таңда оқушы – ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болумыз керек. Компьютерлік оқытудың негізгі мақсаты – оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу.
Информатика бойынша барлық оқулықтар авторларының мектеп информатика курсының негізгі мақсатын түсінуі бір-біріне өте жақын болғанымен, олардағы мектеп курсының тұжырымдамасы, баяндау мазмұны мен тереңдігінің біршама айырмашылығы бар.
«Информатика» оқу пәнінің мазмұны оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға сәйкес құрылады.
Мектеп информатика курсының теориялық және практикалық компонеттерінің мазмұны 50х50 қатынасында құрылған.
Курстың теориялық бөлімі ақпараттық үдерістен ақпараттық технологияларға (ақпараттық үдерістердің орындалуын жүзеге асыратын алгоритмдерді құру, кез келген ақпаратты екілік кодтау түрінде көрсету мүмкіндіктері және т.б.) өту шартын негізге ала отырып құрылған.
Практикалық жұмыстарды орындағанда басқа пәндік аумақтардың өзекті мазмұндық материалдары мен тапсырмаларын қолданған дұрыс. Әдетте, мұндай жұмыстар бірнеше оқу сағаттарына есептелінеді. Практикалық жұмыстың бір бөлігі (ең алдымен ақпараттық және коммуникациялық технология құралдарын қолдануды талап етпейтін дайындық кезеңі) оқушылардың үй тапсырмаларына, жобалық іс-әрекетіне енгізілуі мүмкін; жұмыс бірнеше бөлікке бөлініп, бірнеше апта бойы іске асырылуы мүмкін. Жұмыс көлемі мектеп компонентін және басқа пәндермен интеграцияны қолдану есебінен ұлғайтылуы мүмкін. Қазіргі заманғы информатиканың негізгі теориялық ұғымы – алгоритм мазмұндық ұғым ретінде енгізіледі. Алгоритмдерді жазу үшін блок-схемалардың және құрылымдық программалаудың формальді тілдері пайдаланылады. Курстың соңғы бөлімдерінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы ұжымдық жобалық іс-әрекет технологиялары игеріледі.
Информатика мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жоғарғы мектепте базалық деңгейде оқып үйрену негізгі мектепке қарағанда информатиканың мазмұнын іргелі ғылыми пән ретінде анағұрлым толық ашуға негізделеді. Осыған байланысты жүйелілік көзқарас тұрғысынан оқып үйренудің басым нысандарды ақпараттық модельдеу мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар болып табылады.
Бұл:
информатика курсының басқа да оқу пәндерімен интеграциясын қамтамасыз ету;
негізгі мектепте информатика пәнінен алынған білімдерін жүйелеу;
таңдалынған оқыту бағдарына байланысты білімді тереңдету;
болашақтағы кәсіби өсуінің негізін салуға мүмкіндік береді.
Мектепте информатиканы оқытудың негізгі міндеті ақпараттық үдерістердің құрылуы мен қолданылуын және оның қызметінің жалпы заңдылықтарын оқып үйрену. Мазмұны жағынан қарастырғанда ол әлемнің тұтастай бейнесін тануға, ақпараттық модельдеудің мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайды, бұл өз алдына информатиканың басқа да пәндерімен пәнаралық байланыстарының кеңейіп тереңдеуін қамтамасыз етеді.
Аталған пәнді оқып үйрену ақпаратты жүйелі түрде талдау, әр түрлі дереккөздерден ақпарат іздеу, өз ойлары мен көзқарастарын жеткізе білу, модельдеу, болжау біліктіліктерін меңгеруге, сонымен қатар оқушылардың өз бетіндік, ұжымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыруына, оның әрі қарай дамуына көмектеседі.
Мектеп информатикасының бастауыш курсы ақпараттың алғашқы ұғымынан адамның табиғатпен өзара қатысы туралы білімдерін біріктіретін оқытушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыратын курсқа айналады.
Информатиканың оқу бағдарламасы математика, физика, биология, химия, тарих және т.б. пәндермен пәнаралық интеграцияның зор мүмкіндіктеріне ие. Бұл бір жағынан информатика пәнінен әсіресе, ақпараттық үдерістер, құбылыстар және информатиканың пәнаралық байланыстары бойынша білім мазмұнын тереңдетуге көмектеседі, екінші жағынан информатиканы оқи отырып жаратылыстану-математикалық бағыттағы шекаралас оқу пәндерінен білімдерін тереңдетеді.
Қазіргі педагог мамандарға қойылатын талап, ол оқушыға сапалы білім, жүйелі тәрбие және де саналы ойлау мен қабілет, түйсігін дамыту. XXI ғасырда оқушылардың жанын рухани жағынан азықтандыратын, қызығушылығын арттыратын ақпараттық техникалық құралдар екені бәрімізге мәлім. Қорыта айтқанда, баланы рухани дамытуда айналамен тныстыру, яғни ақпараттық құралдардың жақсы жағын тиімді пайдаланып, күрделі, қыр сыры көп әлеуметтік ортаға оқушыны бейімдеп тәрбиелеу психолог – педагог қауымының еншісінде екенін назарда ұстауымыз керек. Оқушы ақпараттың жақсы жетістіктерін бойына сіңіріп, рухани бай тұлға ретінде қалыптасуы заман талабы.