?дебиеттік о?у Саба?ты? та?ырыбы: Та?ны? атуы


Тақырыбы: М. Иманжанов. Таңның атуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға табиғаттың құдіреттілігін таныта отырып, жаз мезгілінің әсемдігін сезіне, бағалай білуге баулу.
Дамытушылық: табиғат ерекшеліктерін елестете білу,шығармашылық ,іскерлік дағдыларын дамыту, ұжымдық жұмыс жасауға үйрету.
Тәрбиелілік: табиғаттың өзіне тән сұлулығын қорғау, сұлулықты сезіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Сабақтың
кезеңдері Уакыты Мұғалімнің
іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті Ресурстар, көрнекіліктер
Кіріспе 5 минут
6 минут Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін «Шаттық шеңберін» жасатып, бір-бірімізге жақсы тілек тілейміз.
Аспан денелері бойынша топқа бөліп, топ ережесін еске түсіремін..
Үй жұмысы
«Ыстық орындық» әдісі арқылы үй жұмысын сұраймын.
Шаттық шеңберіне жиналып,балалар бір-біріне бүгінгі күндерінің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтады.
Ай, Күн, Жұлдыз, Жер бойынша топқа бөлінеді.Топ ережесін айтады..
Оқушылар үйде дайындап келген сұрақтарын әр топ орындықта отырған оқушыға қояды. СуреттерСмайлик
Орындық
Тұсаукесер
2 минут
2 минут Оқушыларға сыни тұрғыдан ойлану үшін сурет көрсетемін. Сурет арқылы оқушылар тақырыпты ашады.
Бейнеролик арқылы оқушыларға әр елдегі таңның атуын көрсетемін. Таңның атуына орай берілген суретті сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап береді, суретке ат қояды.
Әр елде таңның атуы жайлы бейнеролик. Суреттер
Смайлик
Интербелсенді тақтада бейне дыбыс
Негізгі бөлім 4минут
5минут


3минут
7 минут
2 минут
4 минут Мағынаны тану
Оқулықтағы мәтінді іштей оқытамын
Қосымша деректер: Шолпан жұлдызы. Шолпан - күн жүйесіндегі екінші ғаламшар және ең ыстығы Шолпанның бетін жерден оптикалық құралмен бақылау өте қиын. Өйткені ол бұлтқа оранған. Шолпанның «таңғы жұлдыз» және «кешкі жұлдыз» деген атаулары да бар. Өйткені олар таң атарда және ымырт түскенде аспанда бірінші болып жарқырап көрінеді.
Ой қозғау
«Джигсо» әдісі бойынша тапсырмалар орындайды.
А. Іздеуші топ. Мәтінге сүйеніп таң атарда шығыс жақ қандай болып көрінетінін табыңдар.
Ә. Бейнелеуші топ. Мәтіннен таңның атуы жайлы сипатталған тұсын тауып оқыңдар.
Б. Сөз тапқыш топ. Мәтіндегі мағынасы түсініксіз сөздерді табыңдар.
В.Сараптамашылар.
Мақалдың жалғасын тап.
Өнерлі бала............өрге жүзер.
Өнер алды..............қызыл тіл.
Өнерлі бала.............сүйкімді.
Өз өнерін көрсету.
Таңның атуы бойынша монолог оқытамын.
«Сергіту сәті»
Оқушыларды сергіту үшін билетемін.
Ой түйіндеу үшін жаңа сабақты қорытып, әр топқа сұрақтар қоямын.
Күн тобы: Таң атып келе жатқанда тағы не байқауға болады.
Ай тобы:Таң атарда жұлдыздар қайтеді?
Жұлдыз тобы: Күн қай жақтан шығады?
Жер тобы: сараптайды
«Еркін» оқу. Оқулықтағы мәтінді үнсіз оқу, ол үшін оқушылар еріндерін жиып, саусақпен басып оқиды..
Іздеуші топ. Мәтіндегі таң атқандағы шығыс жақтың қандай болатынын табады.
Бейнелеуші топ. Таңның атуын сипаттап береді.
Сөз тапқыш топ. Түсініксіз сөздерді табады.
Үш топтың жауаптарына сараптама жүргізеді.
Әр топ мақалды жалғастырады
Дарынды оқушы топтан суырылып шығып, өз бойындағы өнерін көрсету үшін монолог оқиды.
Іс қимылдар арқылы сергіту сәтін орындайды
Әр топ жаңа сабақты бекіту үшін сұрақтарға жауап береді.
Оқулық
Геометриялық фигуралар
Плакат, маркер
Дәптер,ручка
Геометриялық фигуралар
Бейне дыбыс
А4 парағы
Геометриялық фигуралар
Сахналау
Интербелсенді тақтада бейне дыбыс
Интербелсенді тақта.
Қорытынды
1 минут Үйге тапсырма
Мәтінді оқып келу, бақылау. «Таңның атуын» оқу, бақылап келу. Оқулық
2 минут Бағалау
Критерийлер бойынша топпен жиынтық баға шығарамын. Критерий бойынша оқушылар жиынтық бағамен бағаланады. Өзін-өзі бағалайды. Бағалау парағы, смайликтер
2 минут Рефлексия
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Сабақ соңында қандай әсер алдың? Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стиккерге жазып, тілек ағашына апарып жабыстырады. Тілек ағашы,стикер