Ма?ала ?лтты? ойынды д?ріптеу


Ұлттық ойынды дәріптеу.
Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай елдердің бірі, алайда ішінде ерекше орын алатын ойын – тоғызқұмалақ. Бұл ойын өзінің түп-тамырын 4000 жылдық тарихымен сақтап отыр. Тоғызқұмалақтың ұлттық ойын болғандықтан, мектеп программасына 1 сыныптан бастап енгізілген.
Мен дене шынықтыру мұғалімі болғандықтан, әрине, бұл ойынның пайдасы мен ерекшеликтерін бес саусағымдай білемін, алайда қазір білім ошағынан алыстап, қоғамның және әлемнің бұл ойындарға деген көз-қарастарына зер салғым келіп отыр. Ең өкініштісі – көптеген ұлттық ойындарға халықтың бүтіндей парықсыздықпен қарау тенденциясы өсуде. Бұл жағдай көбіне қала тұрғыдарында байқалады. Қарапайым мысал: жас аналар өз балаларын жетектеп отырып шахмат немесе ментальная арифметика курстарына жазады. Бұны қалай атауымызға болады? Заман талабы ма әлде тарихқа көз жұма қарау ма? Заманына қарай заңы, тоғайына қарай аңы деп барлығымыз әлемді жаулап алған ойындарға көз саламыз ба? Еске сала кетейін, сол ойындардың барлығында тарихи Отан бар. Әр спорт түрін әлемдік деңгейге жеткізетін тегін ұмытпаған азаматтар және ары қарай ол жағдайды қолдап, көтере жөнелетін шетелдіктер. Ащы да болса шындықты айтуға мәжбүрмін, себебі қазіргі таңда көптеген қарапайым отандастарымыз шетелдің шашабауын көтергендей әсер қалдырады. Әрине, әр адамның өз ойы мен таңдауы бар – қазіргі ағып жатқан ғасырдың заңы. Алайда біздің ойындар басқалардан кем түспейді! Өзіміздің қолымызда жарқыраған алтын тұрса, даладағы күміске жүгіріп не сорым! Бәрінен де ызалы күлкіге әкелетін жағдайдың бірі шетелдіктердің біздің ойынға деген қызығушылықтары және зерттеулері. Соған бір ден бір дәлел ғаламтордағы онлайн-тоғызқұмалақ ойындарының жартысынан көбі шетелдіктер болып шықты! Бұл жағдай бір жағынан қуантады бір жағынан ұяттан бетті жерге қаратады. Әлемдік тоғызқұмалақ ойындарының атқарушы директоры және осы компьютерлік нұсқасының авторы, Серік Ақтаевтің айтуы бойынша, сайт ойыншыларының көбі Германия, Чехия, Португалия , Россия азаматтары. Қазіргі таңда тоғызқұмалақ курстары АҚШ-тың кейбір штаттарында ашылуда. Халықаралық «Тюркология» журналының жауапты редакторы, бірнеше әлемдік додаларының женімпазы, Тоғызқұмалақ Федерациясының басқарушыларының бірі, Мақсат Шотаевтің айтуы бойынша, тоғызұмалақ әлемдегі ең күрделі интеллектуалды спорт түрі болып есептеледі.
Қазір өзіміздің ауылда да менталды арифметика курстары кеңінен таралған. Ал енді АҚШ ғалымдарының айтуы бойынша, бұрын көшпенділер ділдік қабілеттерін тоғызқұмалақ арқылы дамытқан. Әрине, ол курстардың себі мол, алайда ойнап отырып көпке үйренген жас балаға неғұрлым жеңіл болады. Бұл менің жас ата-аналарға тәжірибесі бар мұғалім ретінде айтар ақыл-кеңесім. Қазір капитализм уақыты, біз ең пайдалы тауарды таңдауға хақылымыз десеңіздер, міне, алты ай іздеген жардай шешімдеріңіз өз қолдарыңызда , өз қандарыңызда!
Қортындылай келе, бұл мақаламды жастарға үндеу деп біліңіздер. Халқымыздың қаншама жерде қалған асылдары бар екенін ұмытпаңыздар! Өзімізге қандай септігі тиетініне таң қаласыздар! Бұл үндеуім жан айқайына өшпейді деген үміттемін!
Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы
№2 Ақсуат орта мектебінің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:
Жаркимбаев Талғат Кәрімұлы