К?ше белгілерін білесі? бе? (Т?рбие са?аты)


Алматы облысы Жамбыл ауданы
«Ынтымақ ауылындағы орта мектеп» КММ
Тақырыбы: Көше белгілерін білесің бе?
5 «Ә» сынып жетекшісі: Хайдарова А.Ж.
Ынтымақ, 2016
Мақсаты: Жол ережелері туралы білетін білімдерін одан әрі дамыту. Жол ережелерін білу арқылы, оларды адамгершілікке, ұстамдылыққа, әдептілікке тәрбиелеу;Көрнекілігі: көше суреті, жол белгілері, бағдаршам.Құрылымы:Құрметті оқушылар, құрметті ұстаздар! Бәріміз ұнататын, білгіміз келетін, қыр - сыры мол көшеде жүру тәртібіне байланысты «Көше ережесін білесің бе?» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.- Ендеше, балалар тақтада ілулі тұрған суретке назар аударайық.- Мұнда не бейнеленген?- Көшеде не тұр?- Бағдаршам бізге не үшін керек?Ендеше, бағдаршам біздің сенімді, әрі қайырымды досымыз. Оған біздің бәріміз бағынуымыз керек.- Қане, кім маған бағдаршам туралы тақпақ айтады?1 - оқушы: Бағдаршам сенімдіСүйетін серігіңСүйсең сүйген жеріңдіСыйламайды сені кім?2 - оқушы: Жанса көзі жасыл,Жолың айдай ашықЖүре бергің батылКерегі жоқ сасып.3 - оқушы: Сары көзі жанса,Сен мынаны аңғарТұрып қалмай оншаҚозғалуға қамдал4 - оқушы: Қызыл көзі жанса,Мейлі көлік жоқтаҚатып қалғын жанғаншаҚыбыр етпе тоқта.5 - оқушы: Бағдаршам тілінеБағынбауға болмайды.Тас қып байлап түбінеЖазалайды ондайды.6 - оқушы: Оң жақ жасыл жанғанда« Оңға бұрыл» дегеніСол жақ жасыл жанғанда«Солға бұрыл» дегені7 - оқушы: Жасыл сәуле жанғандаЖол ашық деп біле бер.Жасқанба да алданбаЖайраң қағып, жүре бер.Келесі сіздердің тамашалайтын әндеріңіз: «Жол жыры»- Балалар көшеде бағдаршамсыз қалай жүруге болады?- Көшеде бағдаршамнан басқа не тұрады?- Жол белгілерінің қандай түрлерін білесіңдер?- Жол белгілерін неше топқа бөлуге болады?Жол белгілері туралы кім маған тақпақ айтып береді?8 - оқушы: Көшелердің бульвардыңУ - да шу шетіненӨткейсің тратуардыңТек қана оң жақ шетімен.9 - оқушы: Бейбастық болма бекергеКездесер алдан көп қой сынҚиылыстан әрбір өтердеАйдалаға қарама10 - оқушы: Үлкен болдым десем деЕшкім маған сенбейді.Жалғыз жүрме көшедеКішкентайсың сен дейді.11 - оқушы: Үлкенмін ғой міне менОйыншықтарды жинаймын.Машинама мінер емКабинасына сыймаймын.Ендеше, сол жол белгілеріне тоқталайық.12 - оқушы: Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,Қашпаймын мүдіріп, ешқандай сұрақтан.Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады.Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.Сақтандыру белгісі:Қып - қызыл үшбұрышЕскерту белгісі мен болам.Қауіптен сақ бол депСәт сапар жолдаған.Аман - сау жүреді жаяу да, көлік те,Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.Тыйым салу белгісі:Қызылмен боялған шеңберім аумақтыТиымшыл белгімін, қаталмын, салмақты.Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,Қауіп бар, бағдарла, көз салып жан - жаққа.Міндеттеу белгісі:Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты,Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.Барлығын анықтап тұрамын жолындаАбай бол, шартымды міндетті орында.Нұсқау белгісі:Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын,Үн - түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамынКүндіз де, түнде де от болып жанадыКөк түске боялған, төртбұрыш шырағым.- Балалар, белгілер туралы жақсы біледі екенсіңдер. Осы сендер қандай транспорт түрлерін білесіңдер?Транспорт түрлеріне байланысты жұмбақтар шешейік.Төрт аяғы домалақ,Адамсыз ол жүрмейді.(көлік)Өзі тым күштіАяғы тістіЛезде тындырарҚыруар істі.(трактор)Шабысқа тәулік бойы төзе алады,Бір тұлпар, жаңылмайтын жорғасы бар.Жүк емес жануарға жүз адамныңДоғасын сымға сүйреп, жолға шығар.(трамвай)Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,Бақырайған үш көзі бар бірақта.( бағдаршам)Сөйлеуді ол білмейдіБірақ «тоқта», «жүр» дейді.( бағдаршам)Ендігі кезекті көрініске кезек берейік.Шуақты өміріміз күндей күліпЖүректе бүршік атып, гүлдейді үмітАрманға сапар тарту мүмкін емесЖол жүру ережесін білмей тұрып.Қай көшеге, қай қалаға барсаңыз даҚай ақыл өлшеміне салсаңыз даЖол жүру ережесі – қатал тәртіпОл - ортақ! Үлкен – кіші бәрімізге.Бәріміз бірге «Кім жылдам» ойынын ойнайық.Шарты: Көрсетілген белгілердің атын атауларың керек.Мақсаты: Жол белгілерін қаншалықты меңгергендіктерін тексеру.Ата - аналарыңыз сіздердің аман болуларыңызды, әрқашан тәртіпті болуларыңызды қалайды. Сондықтан «Әрқашан күн сөнбесін» әнін айтайық.Балалар, осы тәрбие сағатынан сендер жолда, көшеде қалай жүру керек екендігін үйренді деп сенемін. Енді көшеде, жол қиылыстарында жолда жүру ережесін қатаң сақтаңыздар!Сонымен, тәрбие сағатымыз аяқталды.