Презентация Салт д?ст?рді білесі? бе?


21.02.15
Тақырыбы:    Салт-дәстүрді білесің бе?   Мақсаты: Ұлттық салт- дәстүр туралы алған білімдерін, білгендерін тереңдету арқылы халық даналығын ұрпақ санасына сіңіру.Білімді болуға, адамгершілікке, шапшаңдыққа , намысты, жігерлі    болуға тәрбиелеу. Ұлттық тәрбие туралы естерінде қалдыру. Сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту, тәрбиенің ерекшелігін үйрету. Қызығушылығын арттыру.Түрі:                   электронды ойынӘдісі:                  сұрақ- жауап, сайыс, топтық жарысКөрнекілігі:       компьтер, тасымалдағыш құрылғы, слайдтар, әріптержазылған қиықшалар, эмблемалар                                      Сайыстың барысыІ.   ҰйымдастыруІІ.  КіріспеТопты таныстыруТойбастарІІІ. Негізгі бөлім1. Дыбыстар сөйлейді  «Сөз тапқанға …. »2.  Ойлан тап «Тапқыр болсаң  …»3.  Қоржын сұрақтары  «Жүйрік болсаң …»4.  Қолқа салу  «Ойлы болсаң …»5.  Сөзді жұмбақта  «Шебер болсаң …»ІҮ. Қорытынды       1. Сүйінші2. Бата беру  І.     Қазақтың  салт- дәстүрінде көп мән – мағына бар. « Мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен» дегендей, көп әдепті де, тәртіпті де, тәрбиені де қазақтың салтынан үйренуге болады. Себебі, салт-дәстүр тұнып тұрған тәрбие. Бүгінгі ойынымыздың негізгі тақырыбы сол әдет-ғұрып, салт-дәстүрге байланысты болады. Ойын барысында ойыншыларымыз солтұрғыдан білімдерін, білгендерін көрсетеді.ІІ. Әділ қазылармен таныстыру:«Тапқыр болсаң, тауып көр», «Жүйрік болсаң, шауып көр», «Ойлы болсаң, озып көр» -деп кезекті ойыншыларға береміз.
Ән Қазағымның дәстүрлері - айІІІ. Негізгі бөлім
1.     Дыбыстар сөйлейді:  Алдымен дыбыстарды таңдап алады.  Оқушыларөздеріне тиісті дыбыстан басталатын сөзбен жауап беру керек. Ол   нақты және тапқырлықпен  берілген жауап болу керекД:  1. Киіз үйдің көлемі қандай?2.  Қате кетсе не істейсің?3.  Досыңның мінезі қандай?4.  Тіл үйрену қиын ба?5.  Болашақта кім боласың?
Ә:  1. Алфавит неге ауысты?2.  Киіз басушы кімдер?3.  Өз бетінше қазақша үйренеала ма?4.  Әнді кімнен үйренесің?5. Зергерлердің жасағанбұйымдары?
С:  1.  Қайда тұрасың?2.  Қалай күлесің?3.  Туған жеріңді қалай сүйесің?4.  Сен жақсы көретінмамандық?5.  Досың қазақша біле ме?
Т:   1.  Қазақша кітап оқисың ба?2.  Ән айтасың ба?3.  Қалай сөйлейсің?
4.  Ұлттық киімдер білесің бе?5.  Адамға алдымен не керек?
Ү:   1. Жақсы оқисың ба?2. Музыка тыңдайсың ба?3. Білімді кім  береді?4. Қыз балаға не береді?5. Жаңалықты қайдантыңдайсың?
 Р:   1. Аспаздың жұмысы ұнай ма?2. Сен қате жазасың ба?3. Жаңа жылды қайдатойлайсың?4. Анаңа не тілейсің?5. Кітаптарыңды қалайұстайсың?
2.Ойлан тап. «Шілдехана»  сөзі топтарға беріледі. Барлық топ белгіленгенуақыт ішінде сөздер құрап шығару керек. Нәтижесінде мағынасына, сөз санына қарай ұпай беріледі.
Бүгінгі сайысымыз қызықты өту үшін келесі кезекті танымдық ойынға береміз. Мына қоржында  түрлі-түсті асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржынана кез-келген бір асықты алып шыққан санға байланысты сұрақ қоямыз, кәне кім жылдам жауап береді екен…. Бастаймыз.
Сары 3  асықтың сұрағы: Үш мақсатты ата?1)    Жол мақсаты-жету2)    Дау мақсаты-біту3)    Сауда мақсаты-ұтуҚызыл үш асықтың  сұрағы: Үш арсызды ата?1)    Ұйқы арсыз2)    Күлкі арсыз3)    Тамақ арсызКөк 3 асықтың сұрағы:Жігіттің  үш жақын жұртын ата?1)    Ағайын жұрт2)    Нағашы жұрт3)    Қайын жұртСары 5 асықтың сұрағы: Бес дұшпанды ата?1)    Өсек2)    Өтірік3)    Мақтаншақ4)    Еріншек5)    Бекер мал шашпақҚызыл 5 асықтың сұрағы: Бес асылды ата?1)    Талап2)    Еңбек3)    Терең ой4)    Қанағат5)    РақымКөк 5 асықтың сұрағы: Бес байлықты ата?1)    Әуелі байлық денсаулық2)    Екінші байлық –еркіндік3)    Үшінші байлық-тіл байлық4)    Төртінші байлық-қайрат күш. Ақ жаулық5)    Бесінші байлық- балаңызСары 7 асықтың сұрағы: Жеті жұтты ата?1)    Құрғақшылық2)    Мал жұтау3)    Оба4)     Өрт5)    Соғыс6)    Жер сілкіну7)    Сел, тасқын8)    Қызыл 7  асықтың сұрағы: Жеті қазынаны ата?1)    Ер жігіт2)    Сұлу әйел3)    Ілім-білім4)    Жүйрік ат5)    Құмай тазы6)    Қыран бүркіт7)    Берен мылтықКөк 7  асықтың сұрағы: Жеті жетімге нелер жатады?тыңдаусыз қалған сөз-жетімКиюсіз қалған бөз жетімИесіз қалған жер жетімБасшысы жоқ ел-жнтімАққу қазсыз ел-жетімЕлінен айырылған ер-жетімЗамандасы қалмаса ,бәрінен де сол жетім.
4. Қолқа салу-  екі топ бір -біріне  үйден дайындап әкелген сұрақтарынқояды? Сұрақ қою реті  кезекпен  болады. (3-сұрақ)5.Сөзді жұмбақта»  ойыны. Бұл кезеңде  екі топ жүргізушіден сөздералып, атын атамай , тек түсіндіру керек. Жауабын көрермен шешкенде, келесі сөзді түсіндіруге болады.Алынған сөздер:    бесік, айран, қымыз, бауырсақ, нағашы, немере,  киіз үй
ІҮ.  Қорытынды
1.     Сүйінші.  Әділқазылар ұпай санын әр ойын бойынша айтып, жалпы нәтижесін хабарлайды. Жоғарғы ұпай саны – 10, ең кіші ұпай саны – 5. Марапаттау.2.     Бата беруБ А Т АЕліңнің елеулісі бол!Халқыңның қалаулысы бол!Ақылыңа көркің сай,Ата-анаңның самғар құсы бол!
Иә, жаратқан жар болып,Сендерді бәле-жаладан сақтасын!Елің сені мақтасын!Терең білім, терең ой ,Сеннен алшақ жатпасын!ӘУМИНСөз соңы:  Дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сақтап жүре беріңіздер!Рахмет! Сау болыңыздар!

Қыз бала бір жасқа толғаннан кейін қарын шашын алып, екі шекесіне екі шөкім шаш қалдыратын болған. Оны «тұлым шаш», «тұлымшақ» деп атаған. Тұлымды да қыз балаға көз тимесін, сұлу, сымбатты болып өссін деген ниетпен қойған. Осы жастан бастап қыз баланың шашын алмай, қарын шаштан қалған тұлымын кейін жетіліп өскен шашына қосып өріп өсірген.
Қыздар шашын көбіне қос бұрым етіп өріп, бас киімсіз-ақ жүре беретін болғанымен, бойжеткендер тұлымды кәмшат бөрікке, үкілі тақияға, моншақты сорабаға жарастыра киген. Әйел күйеуге шығарда қыздарының тұлымы жиналып, бұрымына қосылып өрілген. Келін болған соң самай шашын басқаға, әсіресе ер адамдарға көрсетпеу үшін кимешек киіп, орамал тартқан.
Сонымен қатар, әйел адамның тұлымы жақыны қайтыс болғанда жайылған. Өлген адамның әйелі, қыздары, туған анасы, қарындастары, келіндері шаштарын жайып жіберіп, бүйірлерін таянып, қара жамылып, жылаумен болады. Ежелде өлген адамның, әйелінің, туған қыздарының шаштарын ауыл әйелдері тарқатып, жаяды да жетісі өткен соң қайтадан өріп беретін болған. Ал келіндері болса, олар шаштарын жетісіне дейін өздері тарқатып, керек болғанда өздері өріп алатын.
Сары 3  асықтың сұрағы: Үш мақсатты ата?1)    Жол мақсаты-жету2)    Дау мақсаты-біту3)    Сауда мақсаты-ұтуҚызыл үш асықтың  сұрағы: Үш арсызды ата?1)    Ұйқы арсыз2)    Күлкі арсыз3)    Тамақ арсызКөк 3 асықтың сұрағы:Жігіттің  үш жақын жұртын ата?1)    Ағайын жұрт2)    Нағашы жұрт3)    Қайын жұртСары 5 асықтың сұрағы: Бес дұшпанды ата?1)    Өсек2)    Өтірік3)    Мақтаншақ4)    Еріншек5)    Бекер мал шашпақҚызыл 5 асықтың сұрағы: Бес асылды ата?1)    Талап2)    Еңбек3)    Терең ой4)    Қанағат5)    РақымКөк 5 асықтың сұрағы: Бес байлықты ата?1)    Әуелі байлық денсаулық2)    Екінші байлық –еркіндік3)    Үшінші байлық-тіл байлық4)    Төртінші байлық-қайрат күш. Ақ жаулық5)    Бесінші байлық- балаңызСары 7 асықтың сұрағы: Жеті жұтты ата?1)    Құрғақшылық2)    Мал жұтау3)    Оба4)     Өрт5)    Соғыс6)    Жер сілкіну7)    Сел, тасқын8)    Қызыл 7  асықтың сұрағы: Жеті қазынаны ата?1)    Ер жігіт2)    Сұлу әйел3)    Ілім-білім4)    Жүйрік ат5)    Құмай тазы6)    Қыран бүркіт7)    Берен мылтықКөк 7  асықтың сұрағы: Жеті жетімге нелер жатады?тыңдаусыз қалған сөз-жетімКиюсіз қалған бөз жетімИесіз қалған жер жетімБасшысы жоқ ел-жнтімАққу қазсыз ел-жетімЕлінен айырылған ер-жетімЗамандасы қалмаса ,бәрінен де сол жетім.