Саба? Салт — д?ст?рді ?адірлейік


Тақырыбы: «Мен» (плакаттар конкурсы) Мақсаты: а) бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын арттыра отырып,шығармашылық шабыт ахуалын дамыту; б) қоршаған ортаға мейірімді болуға,достық,ұжымдық қарым- қатынасқа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу,бояумен ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу; в) сурет бойынша әңгіме құрату,ойлау есте сақтау қабілеттерін арттыру,саусақ бұлшық еттерін және қимыл-қозғалыстарын жетілдіру.
Қажетті құрал-жабдықтар: плакат,қылқаламдар,әр түрлі түсті бояулар,су,қол сүрткіштер. Тәрбиешінің іс-әрекеті: балаларға плакатка алақан мен саусақтар көмегімен сурет салуға көмектесу,балалар алақандарын бояуға малып алып,алақандарының танбасын плакаттың үстіне салады,және де қылқаламмен арасында сурет салу.
Күтілетін нәтиже: Біледі: алақан мен саусақ арқылы түрлі бейнелер салуға болатынын; Игереді: суретті әр-түрлі әдістермен салуға болатынын, ол әдістерді өз ойларынан шығаруға да болатынын; Меңгереді: алақан мен саусақ арқылы плакат жасауды.


«Болашақ» бөбекжай-бақшасы
Тақырыбы: «Мен»
(плакаттар конкурсы)

Өткізген: Иманова Б.Н.
Какимова Ж.О
2016-2017 оқу жылы



«Болашақ» бөбекжай-бақшасы
Тақырыбы:
«Көңілді жарыс»
(ойын-сауық)



Өткізген: Иманова Б.Н.
Какимова Ж.О.
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Көңілді жарыс»
Мақсаты: а) дене мүсінінің сұлулығын қалыптастырып,қимыл-қозғалыс әдемілігін,үйлесімділігін,дене қуатын жетілдіру; б) жағымды көңіл-күй туғыза отырып,ептілікке,шапшандыққа үйрету; в) балаларды адамгершілікке,достыққа тәрбиелеу. Қажетті құралдар: пирамидалар,арқан,ағаш аттар,кедергілер,шарлар. Балалар залга кіреді.
Тәрбиеші: - Балалар көңіл күйлерін қандай?Біз бүгін бірге көңілді жарыс өткіземіз,қазыр біз екі топқа бөлінеміз.Бір топтың аты «Көңілді қояндар» болады, ал екінші топтың аты «Көңілді қоңжықтар».Ойнаймыз ба?
Балалар: - Ойнаймыз
Тәрбиеші: - Балалар,ең алдымен біз денемізді қыздырып алайық,жаттығу жасаймыз.
Балалар жаттығу жасайды
Тәрбиеші: Қалма жүрттың соңында, Қажет болса мың атта. Аздық етер оныңда Жету үшін мұратқа.
«Кенгуру» жарысы. Шарты: үрленген шарлармен кедергілер арасымен секіріп,белгіленген межеден айналып келеміз,бірінші жеткен топ осы бөлімнің жеңімпазы атанады.
Тәрбиеші:
Топ болып біз жүрейік, Ойнайықта күлейік. Достық деген тамаша, Міне тұрмыз жараса!
«Жүйрік паравоз» жарысы. Шарты: бірінше бала паравоз, қалған балалар вагондары болады,бірінші паравоз бала белгіленген жерден өзі айналып келіп, екінші баланы ерітіп айналып келіп, үшінші баланы ерітеді, жарыс осылай жалғаса береді,жарыс соңында қай топтың паравозы вагондарын жинап мәреге бірінші жетсе сол топ жеңеді.
«Пирамида құра» жарысы. Шарты: сендердің жандарыңда пирамида шеңберлер жатыр,сол шеңберлерді алдарыңда тұрған таяқшаға рет-ретімен орнатамыз,қай топ бірінші жинап болса сол топ жеңіске жетеді.
Тәрбиеші: Ат өнері білінбес, Бәйгеге түсіп жарыспай. Ер өнері білінбес, Қоян-қолтық алыспай.
«Байге» жарысы. Шарты: балаларға ағаш ат беріледі,осы ағаш атқа бір топтың екі баласынан мініп, белгіден айналып келеді,қай топ бірінші болып аяқтаса,сол топ жеңіске жетеді. 
Тәрбиеші: Қазағымның ойыны арқан тартыс, Ежелден келе жатқан, бұл-бір жарыс Белді буып аянба, ұмтыл, қатыс. Көтеріп, ең биікке туын намыс.
«Арқан тартыс» жарысы Шарты: ортаға арқан беріледі,арқанның қақ ортасынан бегісі бар,екі топ  арқанның екі жағынан ұстап белгі бойынша тартысады,қай топ арқанды өзіне қарай тартып алса сол топ арқан тартыс жарысы бойынша жеңіске жетеді.
Тәрбиеші: Жарқын,шаттық заман болсын, Отбасымыз аман болсын. Сыйластық пен бірлік болып, Әрқашан орта толсын.
Тәрбиеші: Жарайсындар балалар.Женімпаздарымызды құттықтаймыз. Рахмет балалар,осымен біздің ойын-сауығымызды аяқтаймыз, сендер барлық ойындарда жақсы нәтиже көрсете білдіңіздер.Енді сәл демалып алайық.
Тәрбиеші: - Балалар біздің бүгінгі жарыс ойындарымыз сендерге ұнады ма?
Балалар: - Иә, ұнады.
Тәрбиеші: - Енді балалар тобымызға қайтамыз.
«Болашақ» бөбекжай-бақшасы
Тақырыбы:
«Салт-дәстүрді қадірлейік»
(өнер,киіз үй)



Өткізген: Иманова Б.Н.
Какимова Ж.О.
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Салт-дәстүрді қадірлейік»
Мақсаты: а) балаларға білім бере отырып,ұлттық тәрбие дәстүрінде тәрбиелеу,қазақ халқының қонақжай,жаны жайсан,адамдық рухының биіктігін көрсету; б) ата-бабаларымыздың аяулы салт-дәстүрлерін,тәрбиелік дәрісін жас бүлдіршіндер бойында қалыптастыру,инабаттылыққа,еңбекке,ана тілін ардақтауға үйрету; в) киіз үй құрылысымен,оның жабдықтарымен неден қалай жасалғаны туралы мағлумат беру. Көрнекі құралдар: ұлттық бұрышындағы бұйымдар,киіз үй және жабдықтары,суреттер,қуыршақтар ата мен әже ұлттық киімде,тұрмыстық түтынатын заттар,домбыра.
Шаттық шеңбер: Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз. Балалар шеңбер болып тұрады,қолдарын кеуделеріне қойып бастарын иеді.
Тәрбиеші: - Бүгін мен балалар сендерге қонақ күтү дәстүрі туралы айтып беремын.Өзімізде көп қонақтарды құрметтеп қарсы алуға жақсы көреміз.Қазақ халқының қонақжайлығы,оның берекелі дастарқаны туралы аныздар,пікірлер әлемге әйгілі десекте артық емес.
Тәрбиеші: - Біздің қазақ халқымыздың салт-дәстүрін білдіретін,ерекше қандай заттар бар,кім біледі?
Балалар: - Киіз үй,бесік,сандық,ұлттық киімдер,қамшы,қазан,дөңгелек стөл.
Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар,балалар.Киіз үй жазда салқын дем алуға қолайлы,қыста жылы.Ертеде ата-бабаларымыз мал бағып,көшіп қонып жүрген.Көшіп қонуға ыңғайлы болған.Ата-бабаларымыздан қалған мұра.Оған әрқашан құрметтеп қарайық.Әжелеріміз бесікке кішкентай сәбилерді бөлеген,тыныштықпен ұйықтасын деп,асты таза болсын деп. (балаларға кийз үйді,бесікті,қамшыны,ұлттық киімдерді,қазанды,стөлді көрсетіп сиппаттап беру).
Сергітү сәті: Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй болып көрінер. Балалар қимыл-қозғалысымен көрсетеді.
Тәрбиеші: - Балалар,орнымыздан тұрып ұлттық бұрышымыздағы қолөнер бұйымдарымен танысайық (тәрбиеші ұлттық бұрышындағы заттарды сиппаттап,әңгімелеп айтып береді).
Тәрбиеші: - Ал,балалар,мына затқа көңіл бөлейік,бұл не?
Балалар: - Домбыра.
Тәрбиеші: - Дұрыс,бұл домбыра,бұл біздің ұлттық аспабымыз.
Тәрбиеші: - Жарайсындар,балалар,біз бүгін қазақ халқымыздын салт-дәстүрімен таныстық,болашақта әліде біз бірге бұл тақырыпты жалғастырамыз.
Қорытындылай отырып балалармен не әңгімелегенімізді қайтала айтып шығу,танысқан заттарды көрсетіп сұрап жауап алу.
Күтілетін нәтиже: білуі: қазақ халқының салт-дәстүрін, меңгеруі: ұлттық заттарды қалай пайдаланатының.

«Болашақ» бөбекжай-бақшасы


Тақырыбы:
«Елордамыз - Астана»




Өткізген: Иманова Б.Н.
Какимова Ж.О.
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Елордамыз - Астана» Мақсаты: а) балалардың еліміздің бас қаласы Астана туралы,туған ел,Отан туралы түсініктерін кеңейту; б) туған елге деген сүйіспеншілігін,ұлтжандылық сезіміне тәрбиелеу; в) ойлау,сөйлеу қабілеттерін,сөздік қорын дамыту. Көрнекіліктер: Астана суреттері,Қазақстан туралы суреттер.
Шаттық шеңбер: Біздің топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз.
Әлемдегі бар адамға,
Тек жақсылық ойлаймыз.
Тәрбиеші: - Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
Балалар: - Қазақстан Республикасы.
Тәрбиеші: - Еліміздің астанасы қалай аталады?
Балалар: - Астана.
Тәрбиеші: - Ендеше,балалар мен сендерге Астана туралы әңгімелеп беремін. (суреттер көрсету арқылы әңгіме).
Тәрбиеші: - Біздің елордамыз - Астана қаласы.Ол бұрын Ақмола деп аталған.Ол тыңмен бірге туылып,тыңмен бірге көркейіп өсті.Оның даңқы да тыңмен бірге артты.1998 жылдың 10-маусымында Астана қаласы ҚР-ның астанасы болды.Президент Н.Ә.Назарбаев Астана қаласында тұрады. Үкімет үй,Парламент үй,океонариум,пирамида,Бәйтерек манументті бар. Пирамиданы «Бейбітшілік және келісім сарайы» дейді.Астанада Абай,Кенесары,Бөгенбай,Ауғанстанда ерлік көрсеткен жауынгерлерге,қазақтың билері - Қазбек,Төле,Әйтеке билерге орнатылған ескерткіштер бар.
Сергіту сәті: Жоғары қарап күн көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға,солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
Тәрбиеші: - Балалар,сендер Астанаға бардыңдар ма?
Балалар: - Иә, бардық.
Тәрбиеші: - Астана қаласына «Әсем қала» деген атақ берілген.Бұл әсем қалада жақында ғана бой көтерген сұлү ғимараттар,кең көшелер бар.Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті,министр ағалар жұмыс істейді.
Дидактикалық ойын: «Күнің шуағы»
1.Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
2.ҚР Президенті кім?
3.Қазақстанның астанасы қай қала?
4.Біз қай қалада тұрамыз?
5.Балабақшамыз қалай аталады? Балалар сұраққа жауап беріп, күннің шуақтарын жинайды. Қортындылау.
Тәрбиеші: Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде.
Ту ұстаған Астанам,
Әсем қаламм – бас қалам!
Күтілетін нәтиже: білуі: Қазақстан,Отан,Астана сөздері не білдіреді; игеруі: суретті әңгімелеп беру,есте сақтау;
меңгеруі: Отан,туған жер,Астана туралы мағлұматтарды меңгереді.


«Болашақ» бөбекжай-бақшасы


Тақырыбы:
«Тәуелсіздік төрінде»



Өткізген: Иманова Б.Н.
Какимова Ж.О.



2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Тәуелсіздік - төрінде» Мақсаты: а) балаларға Тәуелсіздік мерекесі туралы жалпы түсінік беру; б) туған елге деген сүйіспеншілігін,тұған жері мен елін сүюге,оларды қорғай білуге тәрбиелеу; в) ойлау,сөйлеу қабілеттерін,сөздік қорларын молайтып,тілдерінің дамуына ықпал ету. Көрнекіліктер: ту,елтаңба,жалау суреттері,Қазақстан туралы суреттер.
Шаттық шеңбер: Біз қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
Тәрбиеші: - Біздің туған еліміздің,туған жеріміздің егеменді ел болып,тәуелсіздік алғанына 25 жыл толыпты.Балалар Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын. Қазақстан гимн ән-әуені орындалады.
Тәрбиеші: - Қазақстанның рәміздері қандай?
Балалар: - Ту,елтаңба,гимн.
Тәрбиеші: - Қазақстан жалауы көк түсті.Көк түс бейбітшілік,ашық аспан,аманшылықты білдіреді. (суреттер көрсету арқылы әңгіме).
Тәрбиеші: - Өрнек – қазақтың ою-өрнегі,зұлымдықтан қорғаған.Күн – береке, тыныштықтын нышаны.Бүркіт – қазақтың ой-ниетінің биіктігін білдіреді.
Сергіту сәті: Жоғары қарап күн көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға,солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
Тәрбиеші: - Балалар,сендер тұған жерлерің қай жер?
Балалар: - Тұған жеріміз,Отанымыз - Қазақстан.
Тәрбиеші: - Қазақстан Республикасының Президенті кім?
Балалар: - Нұрсултан Назарбаев.
Тәрбиеші: - Қазақстанда қандай қалаларды білесіндер?
Балалар: - Астана,Қарағанды,Кызылорда,Алматы,Павлодар...
Тәрбиеші: - Жарайсындар,балалар,көп нәрсе білесіндер.
Қорытынды: - «Тәуелсіздік – төрінде» тақырыбында өзіміздің еліміз Қазақстан туралы көп нәрсе білдік.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен таныстық.Еліміздің тәуелсіздігіне 25 жыл болғаның білдік.
Тәрбиеші: - Еліміз тыныш болсын!
- Әрқашан күн сөнбесін!
- Табиғатымыз сұлу болсын!
- Бәріміз бақытты болайық!
- Астанамыз көркейе берсін!
- Бәріміз дос болайық!
- Жаса Қазақстан!
Күтілетін нәтиже: білуі: 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні,Қазақстан Республикасының рәміздерін; игеруі: суреттерге қарап 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрай білу дағдыларын; меңгеруі: Отан,туған жер мен тәуелсіздік туралы мағлұматтарды меңгереді.