Та?ырыбы «?азіргі заман?ы ?лы т?л?аларды? азаматты? ж?не патриотты? сезімдерін ?лгі т?та отырып балаларды Отан с?йгіштікке т?рбиелеу»


Тақырыбы «Қазіргі заманғы ұлы тұлғалардың азаматтық және патриоттық сезімдерін үлгі тұта отырып балаларды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу»
Отансүйгіштік және рухани адамгершілік тәрбиенің бастауы – балабақшада. Ата-бабамыздан бізге жеткен, өйткені мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлғымыз, асыл қазынамыз – ұлт тәрбиесі.
Қазақ халқы үнемі баласына болашақта елімнің арқа сүйер азаматы, келешектің иесі, өмірімнің жалғасы деп қараған. Осы қағиданы берік ұстаған ата-бабамыз қашанда келешек ұрпақты Отаным, елін, туған жерін сүюге тәрбиелеген.
Отансүйгіштік ұғым өздігінен қалыптаспайды, ол өз отбасынан және балабақшадан басталады.
Отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы өте зор. Баланың өзінің тіліне, дініне, ұлтына деген сүйіспеншілігі әкесінің көзқарасымен анасының сүтімен беріледі.
Баланың бойына:
Ата-анаңды қадірлей және сүюге білуге.
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге.
Балабақшада ортаны сыйлауға және еңбекьерін бағалауға.
Отансүйгіштік рухта тәрбиеленуіне.
Өзінің туған жерін қорғай және бағалай білуге.
Өткен және қазіргі заманғы ұлы тұлғалардың ерліктерін бойына сіңіруге және ары қарай жалғастыра білуге тәрбиелеп бойларына сіңіру қажет.
Балаларға іс-тәжірибе жүзінде өткен және қазіргі заманғы ғарышкерлердің ерекше ерліктерімен, қызмет жолдарымен, өмірлерімен таныстырдым және көптеген қосымша жұмыстар жүргізілді.
1960 жылы «Спутник-5» корабілімен ұшқан «Белка және Стрелка» атты иттер бар әлемді таңқалдырды. Белка және Стрелка атты иттердің ғарышта ұшу ұзақтығы 25 сағатқа созылғанын, ғарышқа иттерді қалай дайындағандары жайлы қысқаметражды көріністерді және мультфильмдерді көріп тамашаладық. Осы екі ғарышқа ұшқан иттер жайлы түсініктерін, ойларын сұрақ жауаптар арқлы толықтырдым. Ал 1961 жылы 12 сәуірде алғаш рет ғарышқа, ғарыш кемесі «Восток» пен Ресей азаматы Юрий Гагарин ұшты.
Юрий Гагарин жайлы түсірілген слайдтар және әртүрлі суреттермен танысып, қосымша тақырыпты сабақтар өткізілді.
Сонымен бірге ата-аналардың көмегімен көрмелер ұйымдастырылды. Балалармен бірге топта суретті альбом жасадық.
Ортаға отыз жыл салып халқын бар әлемге танытып ғарышқа ұшқан Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев сынды ұлы тұлғаларымыздың ерек ерліктерімен таныстық. Қазақ халқының ортасын ойып шыққан ғарышкерлеріміз жайлы баяндайтын слайд, суреттермен топ қоржынын толықтырдық. Сонымен топта ата-аналардың қатысуымен «Ғажайып ғарыш» атты ашық шаралар жүргіздік.
Балалармен сабақта айлық, ғарыш, ғаламшар, күн жүйесі т.б. сөздік жұмыстарын жүргіздік.
Балалар ғарышкерлер жайлы көптеген тақпақтар айтып, «Ғарыш әткеншегі» атты ойын ойнады.
Ашық сабақтан кейін өзінің ұшқыш болатынын ол үшін білімді, дене шынықтырумен айналысу керектігі жайлы өзара пікірлерін ортаға салды. Құралай ұшақпен нгағашы атасына Астанаға ұшып барғанын, ұшақтың қалай ұшып қонғанын, Талдықорған, Астана аэрапортының айырмашылықтарын әңгімелеп берді.
Өткізілген шара өте қызықты өтті.
Ал 2015 жылы Талдықорған қаласының тумасы Айдын Айымбетов «Союз» корабілімен ғарышқа ұшып Талдықорған қаласының халқын бір серпілтіп тастады.
Айдын Айымбетовтың телеарнадан ұшқаны және қайтадан Қарағанды аймағына аман-есен қонғанын көріп тамашаладық.
Балабақшада күнделікті сабақ алдында, Айдын Айымбетов туралы не көргендерін сұрап пысықтап қосымша жұмыстар жүргіздім. Балалармен Айдын Айымбетовтың ғарышқа ұшар алдындағы және қонған кезіндегі әр-түрлі суреттерді жинастырып альбомдар жасадық. Қаламыздағы №14 мектепте оқыған Айдын Айымбетов жайлы сыныбымен таныстық. Топта ғарышкер жайлы видеоролик көрдік.
Айдын Айымбетовтың анасымен сұхбатында ұлының толмай еңбектеніп осындай дәрежеге жеткенін мақтанышпен айтты. «Ана бағы» деген осы. «Бала» - ананың көз қуанышы.
Ата-аналармен «Менің балам ғарышкер» атты суалнама жүргіздік. Отан, ғарышкерлер жайлы жүргізген жұмыстарым арқасындағы тобымдағы балаларға Отанын, жерін, көзінің қарашығындай сақтай білуге патриоттық, азаматтық сезімге тәрбиелеуге азда болса үлесімді қостымба деп ойлаймын.
Қорқыт ата:
Өткен күн кеше тарих,
Келер күн, ертең сыр.
Ал бүгінгі күн үлкен сый
демекші, біздің болашақ ұрпақтарымыз сыйларды ұсынып биіктерден көрінсе деген тілегім бар.