Бастауыш сынып о?ушылары бойында азаматты?-патриотты? ж?не ?леуметтік белсенділік ?асиеттерін т?рбиелеу.


Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушылары бойында азаматтық-патриоттық және әлеуметтік белсенділік қасиеттерін тәрбиелеу.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы жазушымыз М.Әуезов. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері көп.
Өмір ағымы талап етіп отырған жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді, үйлесімді жетілген жеке тұлғаны дайындау бүгінгі мектеп алдында негізгі міндет. Осыған байланысты, мектептің бастауыш оқыту сатысындағы оқу-тәрбие жұмыстарын жан-жақты толықтырып, халықтың тәлім-тәрбиенің озық үлгілерімен сабақтастырып, бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімі дамыған азамат тәрбиелеу бүгінгі күн талабының өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Патриоттық сезімнің нысаны мен азаматтық парыздың өтелер өлшемі – Отан. Оны таратып айтсақ, бұл туған жер, оның табиғат байлықтары, ұлттық тілі, дәстүрі, мәдени ерекшеліктері, тарихы жасалған өлкедегі киелі орындары. Олардың адам санасына жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің бастауына айналуы – азаматтық-патриоттыққа тәрбиелеудің арқауы.
Адам бойына азаматтық-патриоттық сезімнің қалыптасуы отбасы тәрбиесі мен балабақшадан бастау алатыны айқын. Сәбиді отбасында патриоттыққа тәрбиелеу, ана тілін үйрету, ұлттық мінез-құлық қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді сақтауға баулу, шыққан ата-тегін білуді таныту – ата-ана парызы. Халқына құрмет, тарихи дәстүрлерге адалдық, сондай-ақ, туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сияқты перзенттік борыш тұлға бойына сәби шағында дарыса, бұл қасиеттер өсе келе ары қарай дамып, қалыптасуына қолайлы жағдай туады.
Еліміз тәуелсіздік алғалы жас ұрпақ бойында патриоттық сананы қалыптастыру, ол үшін патриоттық іс - әрекет ұйымдастыру, отбасы, балабақша мен мектептердегі оқу-тәрбие процесінде патриоттық тәрбие беруді жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Сондықтан, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде өткен тарих пен бүгінгі тарихты байланыстыру қажет. Сонда ғана балалардың бойына ұлттық патриотизм сезімін қалыптастыруға қол жетеді . Рухани ерекшеліктерді білу, оны қалыптастыру – патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты.
Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы – жас ұрпақты отансүйгіштікке, патриоттыққа баулу – тәрбиенің ең басты міндеттерінің бірі. Аталған мақсаттағы күш-жігер бірінші кезекте бүлдіршіндердің санасына отаншылдық сезім қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Отан деген ұғым балаға жарық дүние есігін ашқан үйі, ата – анасы, ағайын-туыстары, құрбы-құрдастары, туған жері, кең-байтақ гүл жазира даласы,тау-тасы, өзен-көлі, сылдырап аққан мөлдір бұлағы бейнесінде қабылданып, ең қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде танылуы керек. Азаматтық – Отанға, халыққа деген жоғары адамгершілік парыз. Отаныңмен, халқыңмен мүдделес екеніңе мақтаныш сезімің, достығың, жолдастығың, бірлігің көкірегіңді кернеп тұрса – патриотсың
Патриотизмге, отаншылдыққа тәрбиелеудің міндеттері төмендегідей негізгі мәселелерді көздейді: педагогикалық тәжірибедегі мүмкіндерді барынша толық қамтып, әр түрлі пәндерді оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек жасауға лайық сипатқа ие болу; бұл бағытта жас буынды патриотизмге тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесіне қатысты идеяларды үнемі айқындап, жұмыс процесінде қолдану, т.б.
Бастауыш сыныптардағы оқушылардың патриоттық сезімін дамытуды мұғалім іске асырады . Мұғалім оқушылар бойына патриоттық сезімдерді, өз Отаны туралы түсініктерді қалыптастыруға баса назар аударғаны жөн. Бұл кезде оқушы өзі тұратын жерінің ауа райын, қаласының аты- жөнін, оның жерлерін, тарихи орындарын біршама толық білуі керек.
Әдістемелік талаптарға сай ұйымдастырылған екі-үш серуеннен кейін оқушылардың өз туған жері туралы түсініктері бекіп, оған деген сүйіспеншілік сезімі артады. Оқушылардың тұратын жерлерінен атақты өнер иелері шықса, немесе ол мекен батырлар туып-өскен орта болып есептелсе, мұғалім олар жайында әр дайым әңгімелегені дұрыс. Ол тұлғалардың өздері үшін ғана емес, елі үшін еңбек еткені, яки қаһарманның туған жерінде бақытты болашақ орнату жолында құрбан болғаны айтылған соң: «Міне, балалар, осындай адамдарды Отанның адал ұлдары мен қыздары дейміз.
Жас ұрпақ тәрбиесі Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіздік жағдайына ие болғанда өз мемлекеттілігін қалыптастыруға байланысты бала тәрбиесін қайта қарау маңызды міндеттердің бірі болып отыр. «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің елімізді, өзіміздің өмірімізді сынауды білер болсақ, осы жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әр бір тал шыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік», - деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мемлекетіміздің келешегінің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты осы бастан Отанына, атамекеніне шын берілгендік рухында тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін атап көрсетті .
Жас ұрпақтың оның ішінде төменгі сынып оқушыларын азаматтыққа тәрбиелеудегі өлең-жырлар, мақал-мәтелдердің әсері мол.
Мақал – мәтелдің түпкі мағынасы адамдарды отаншылдыққа тәрбиелеуге көп әсер етеді. Әсіресе мектепте бастауыш сынып оқушыларына көптеп қолдану, әрбір сабақта Отанына деген сүйіспеншілігін, патриоттылығын арттыру үшін мақал-мәтелдерді жаттатқызып, айтқызып жарыстыру керек. Мысалы:
Туған жерге туың тік.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Өз елім - өлең төсегім.
Туған жердің күні де ыстық, Түні де ыстық.
Отан – оттан да ыстық
Отан сүйгіштікке тәрбиелейтін мақал-мәтелдердың алатын орны өз алдына бір төбе. Оның жас балалар үшін пайдасы мен атқаратын рөлі зор. Мысалы, «Ит туған жеріне», «Өз елім өрен төсегім» т.б. мән – мағынасына зер салатын болсақ, ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін, жас ұрпақтың отансүйгіштік, патриоттық сезімін жетілдіру үшін қажетті қағидалар, бұлардың тәрбиелік мәнісін түсіндіре отырып, бала тәрбиесінде кең пайдалануымыз керек
Негізінен ертегілер оқушылардың ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, халқын қорғауға және өнерді игеруге, ел қорғаны болуға уағыздайды. Мысалы, «Ер-Төстік» ертегісі
Ертегілерде батырлардың түр тұлғасын «жауырыны қақпақтай, бұлшық еті бүлкілдеп, алысқанды алып ұрар» т.б. сипаттамалар арқылы суреттеу көптеп кездеседі.
«Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-азаматтың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», - депті Әл-Фараби бабамыз.
Мектепке келген баланың отбасында бойына сіңірген мейірімділік, сүйіспеншілік, бауырмалдық секілді қасиеттерін одан әрі шыңдап, соның негізінде патриоттық сезімді оята білу үшін әрбір мұғалім жүйе бойынша белгіленген нақты іс-шараларды аса шеберлікпен үйлестіріп жүргізуі тиіс.
«Елдің елдігін оның тарихы, әдебиеті, салт-дәстүрі сақтайды» деген ұғымды бастау етіп алатын болсақ, патриоттыққа тәрбиелеу үрдісін шартты түрде мынандай іс-шараларға бөлуге болады:
тілді құрметтеу;
ұлттық салт-дәстүрді зерделеу;
елдің тарихы мен мәдениетін оқып зерттеу;
ата-бабалар өсиетін орындау;
жер байлығы мен табиғатын қастерлеу.
Демек, патриоттық тәрбие беруде ең алдымен ана тілі, дүниетану, бейнелеу өнері, еңбекке баулу сияқты пәндер едәуір үлес қосады.
Оқушыларды өз елін, туған жерін қорғауға және оны сүюге баулып, оларға сонау Абылай бабамыздан бастап кешегі желтоқсанға дейінгі азаттық үшін алысқан ұлы тұлғалардың ел тәуелсіздігі жолындағы ерлік істерін ұғындыру мақсатында елтану материалдарын, белгілі қоғам қайраткерлерінің өмір деректерін көптеп қолдану елжандылық сезімдерін тереңдететіні сөзсіз.
Азаматтық-патриоттық тәрбие
Жеке адамның аман-саулығы
Отанға (мемлекетке)
өткен тарих
Қоғамдық – мемлекеттік қауіпсіздік
Халықтың болашағы
Мемлекеттік тіл
Бүгінгі тарих
Азаматтық-патриоттық тәрбие
Жеке адамның аман-саулығы
Отанға (мемлекетке)
өткен тарих
Қоғамдық – мемлекеттік қауіпсіздік
Халықтың болашағы
Мемлекеттік тіл
Бүгінгі тарих
Оқушыларды өз елін, туған жерін қорғауға және оны сүюге баулып, оларға сонау Абылай бабамыздан бастап кешегі желтоқсанға дейінгі азаттық үшін алысқан ұлы тұлғалардың ел тәуелсіздігі жолындағы ерлік істерін ұғындыру мақсатында елтану материалдарын, белгілі қоғам қайраткерлерінің өмір деректерін көптеп қолдану елжандылық сезімдерін тереңдететіні сөзсіз.
№1 мектеп-гимназия
Баяндама
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушылары бойында азаматтық-патриоттық және әлеуметтік белсенділік қасиеттерін тәрбиелеу.

Орындаған:Баткалова Ж.
Сарқан қаласы
2014 жыл