Сурет салу саба?ы К?жектер


Жасы бойынша топ: мектепалды даярлық тобы. Күні:
Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі:Мүсіндеу
Тақырыбы: Көжектер
Мақсаты: әртүрлі көлемдегі цилиндр пішіндерден мүсін құрастыру; құрастыру тәсілімен көжекті мүсіндеуді үйрету; тұзды қамырмен жұмыс істеу тәсілімен таныстыру; мүсіндеу дағдыларын арттыру.
Қостілді құрам:көжек-зайка, орман-лес, қар-снег.
Оқу іс-әрекеті Тәрбиешінің іс-әрекеті Дидактикалық көрнекіліктер Баланың
іс-әрекеті
Мотивация-лық кезеңі.
Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.
-Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір-біріміздің жүзімізді көреміз, бір-бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.
Кел, балалар күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді болып жүрейік! Өлеңді қайталап айтып, не сезінгендерін айтады.
Ұйымдастыру, іздену
Балалар қазір қандай жыл мезгілі?
Өте жақсы ендеше далада не бар?
Ал, орманда қарды елестетіңдерші.
Қар үстінде нелер жүреді?
Ендеше қоян балаларын не дейміз?
Олай болса көжек жасап, қарға қойсақ болама?
Ендеше ермексаздан көжек жасаймыз
Цилиндр тәрізді басын, сопақша етіп денесін, шұжық сияқты аяқтарын дайындап аламыз.Цилиндр пішіндегі басының жоғарғы жағын қысып, жалпитып құлақ шығарамыз құлақшаның арасын таяқшамен бөліп, тегістейміз.денесін бас бөлігімен біріктіреміз. Құйрығын, аяқтарын біріктіру. Көз, ауыздарын домалақтап жапсыру. Көжек дайын.
Қозғалмалы ойын «қоян,қоян»
Шарты: балалар шеңбер болып тұрады. Санамақ айтып, бір бала ортаға қоян болып отырады. Қалған балалар тақпақтап ойын сөздерін айтады. Қоян көзін жұмып бір баланы ұстау керек. Ойын осылай жалғасады.
Балалар қоян нені жақсы көреді?
Ендеше сәбізін де жасап берейік.
Қане балалар қарға қоймастан бұрын көрме жасаймыз. Жыл мезгілі суреттері.
Ойыншық көжек.
Әліппе дәптер
сәбіздер
Қыс мезгілі.
Қар бар.
Көздерін жұмады.
Құстар , қоянднр, түлкілер жүреді.
Көжектер дейміз.
Келіседі.
Тәрбиешіні тыңдайды.
Жұмысқа кіріседі.
Ойынды ойнайды.
Сәбізді жақсы көреді.
Сәбіз жасайды.
Мүсіндерді көрмеге қояды.
Рефлексивті түзету Балалар сендер ненің бейнесін мүсіндедік?
Көжек қайда мекендейді?
Балалардың еңбегін мадақтау
Көрме жасау Көжекті сәбізімен мүсіндедік.
Орманда
Күтілетін нәтиже:
Жүйелейді: қоянның баласы көжек екенін, оның сүйікті асы сәбіз туралы
Қолданады: ермексаздан жұмыс жасауды
Түсінеді: қоянға қамқор болуды