К?жектер саба? жоспары даярлы? топ


Күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.
Сабақ тақырыбы:Көжектер.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:Әртүрлі көлемдегі цилиндр пішіндерден мүсін құрастыру,құрастыыру тәсілімен көжекті мүсіндеуді үйрету.Тұзды қамырмен жұмыс істеу тәсілімен таныстыру.Мүсіндеу дағдыларын арттыру.
Міндеті:Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Керек құралдар мен материалдар:
Педагог үшін:Ойыншық қоян дайын жұмыстын үлгісі,ермексаз,тақтайша,тұзды қамыр,таяқша,қолорамал.
Балалар үшін:Жұмыс дәптері,ермексаз,тақтайша,таяқша,қолорамал.
Кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Жағымды жағы Жағымсыз жағы
Мотивацияқ кезеңі.
Ұйымдастыру кезеңі.
Рефлексия.
I.Жылулық шеңбері
Балалар жылы лебіздерін білдіреді
II.Жұмбақ жасырады.
Жауабы;Көжек.
III.Жұмыс ретімен таныстыру.
-Тұзды қамырдан басын,сопақшалап денесін шұжық пішінінде аяқтарын,домалақтап құйрығын илеп аламыз.
-Денесін бас бөлігімен біріктіріп,сұйық қамырмен сылап тегістейміз.
-денесіне аяқтарын біріктіреміз.
-Осы тәсілмен құйрықтарын біріктіреміз.
-шағын бөліктерден көзін,мұрның жасап біріктіреміз.
IV.Сергіту сәті.
Біздің үйде ән тарап
Думандатар өмірді.
Біздің үйде салтанат
Біздің үйде көңілді..
Сұрақ-жауап арқылы.
Қорытынды.
Бүгін нені мүсіндедік?
Көжектің түсі неге өзгереді?
Көжек туралы қандай тақпақ білеміз? Жылылық шеңберін орындайды.
Жұмбақты шешеді.
Тұзды қамырдан басын,денесін,аяқтарын,құйрығын илейді.
Денесін бас бөлігімен біріктіреді.
Денесіне аяқтарын біріктіреді.
Құйрықтарын біріктіреді.
Көзін,мұрның жасап біріктіреді және бояйды.
Сергіту сәтін орындайды.
Өлең жолдарын айтып орындайды.
Бүгінгі мүсіндеген пішіндерін,сипаттайды. Күтілетін нәтиже:Әртүрлі көлемдегі цилиндр пішіндерден берілген мүсінді аша білу.
Білуі: Көжекті мүсіндеуді.
Игеру:Мүсіндердің әдіс-тәсілдерін
Меңгеру:Көжектердің дене-бітімдерін орналастыруды меңгеру.