Баяндама Жастай берген т?рбие..


Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей.
«Жастай берген тәрбие,Жас шыбықты игендей» Ата анамен жұмыс. мақсаты: Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы алтын ұясы екенін түсіндіру,ата анамен бала арасындағы жағдайларды ақылмен шешуге жағдай туғызып,ата ананың баласына деген сенімін ояту,оқу тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру.
Ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы балаға үлкен сабақ.
М.Жұмабаев: «Жас бала – жас бір шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ», – деген екен. Демек, халық педагогикасына сүйене отырып, баланы патриоттыққа тәрбиелеу, отансүйгіштік пен ұлттық намысын ояту – ең басты мәселелердің бірі.
Құрметті ата аналар ,ұстаздар!Сіздер бүгінгі «Жастай берген тәрбие жас шыбықты игендей» атты тренингімізге қош келдіңіздер.Ата аналар мен ұстаздар қауымыүшін жас ұрпақты тәрбиелеп,білім беріп,қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе.осы мәселеге ата аналармен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ,онда асуымыздың биік болары сөзсіз.Ата анаға баладан басқа ешкім керегі жоқ,сондықтан да баласының әдепті,білімді болып өсуін армандаймыз.Қазіргі қоғамда ата ана баладан не күтеді? Баласын қалай тәрбиелейді? Міне осы тұрғыдан сөз қозғаймыз.
Барысы:1. Танысу жаттығуы: Ата –ана баласының есімімен таныстырады.
2. Бала біздің гүліміз. «Бала деген кім?»
3. Жат қылықтардан аулақ болайық «Қандай жағымсыз қылықтарды балаңызға тілемейміз»
4. «Қызықты сұрақтар» Сергіту жаттығуларыТанысу жаттығуы: Ата аналар бір бірінің қолдарынан ұстап,әрқайсысы баласының есімдерімен таныстырады.
Бала әр ата ананың болашағы,бақыты.ол оның өмірінің жалғасы.Бала біздің гүліміз. «Бала деген кім?» гүлдің бейнесін келтіру.
Біздің өз ұрпағымыздан күтеріміз мол.Оай болса,біз тәрбие үрдісінде баламыздың жат қылықтардан аулақ болуын қадағалауымыз керек.Жағымсыз мінез деген сөзге мән беріп көрейік.
Сіз балаңызды қандай жат қылықтардан сақтандырған болар едіңіз?Күнделікті өмірде ашуланшақ, әдепсіз балалар кездесіп жатады.Меніңше әр бір баланың іс әрекеті,тәрбие от басында ата ананың жағымды іс әрекетімен қалыптасады.Ата анан өз баласының тәрбиесі үшін ел,халық алдында жауапты екенін естен шығармау керек.Әр бір бала дара тұлға.бала тәрбиесінде ата ана балаға қысым көрсетуден аулақ болып,үлгі болуы керек.
Енді сіздермен «Қызықты сұрақтар» айдары бойынша сергіту сәтін жасап көрейік.Сіз балаңыз туралы қаншалықты білесіз? Ол үшін мына сұрақтарға жауап беріп көрейік:
1. Балаңыздың туылған күні? Жұлдызнамасы?2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні?3. Балаңыздың аяғының өлшемі? Хоббиі?4. Балаңыздың парталасы кім?5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер пайдаланасыз?9. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз түседі?10. Блаңыздың ең жақын досы кім?Құрметті ата ана! Еліміздің болашағы сіздің балаңыздың яғни балаларымыздың қолында,ол бақыт отбасындағы тәрбиеге байланысты. Сондықтан да сіздерді балаларыңыз бақытқа кенелеміз десеңіздер бала тәрбиелеудегі қателіктерге жол бермеңіздер.Әрбір отбасына көктем күнінің шуағындай шаттық,жылылық мейірімділік,қуаныш,береке бірлік,бақыт тілей отырып «Жастай береген тәрбие жас шыбықты игендей» атты тренингімізді аяқтаймыз.
ЖАСТА БЕРГЕН ТӘРБИЕ – ЖАС ҚАЙЫҢДЫ игені
Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы борышымыз.Мектепке дейінгі адамгершілік тәрбие – балалардың адами сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыруды қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, адамгершілік пен кішіпейілдік, қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалылық адамзат тәрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мәселелері.Ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер не айтса, соны айтатыны, не істесе, соны істегісі келетіні белгілі. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені ол үшін адамгершілік тәрбиенің ең үлкені. Демек, жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға берер тәлімі мол болмақ.Бүгінде көгілдір экранның, жалпы бұқаралық ақпарат құралдарының адамзат баласы үшін маңызы зор. Алайда аталмыш дүние адам психологиясына, тәрбиесіне кері әсерін тигізіп жататыны жасырын емес. Өйткені, батыстан әкелініп жатқан айқай-шуға, қатігездікке толы, мағынасын түсініп болмайтын мультфильмдер бүлдіршіндердің санасына айтарлықтай әсер етуде. Шетелдің мультфильмдерінде балаларды қызықтыру аясы өте жақсы ойластырылған. Аталмыш дүниелер балалардың орнынан тапжылмай отырып көрулеріне арналғандай.Мамандардың пікіріне сүйінсек, балалар мен жасөспірімдер теле-аудиторияның ең белсенді көрушілері екен. Әрбір бала шамамен өз уақытының 30 пайызын экранның алдында өткізеді. Ол орта есеппен мектепке барғанша 5 мың сағат, мектеп бітіргенше 19 мың сағат теледидар алдында отырады екен.«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демей ме? Мультфильм – жас ұрпақты тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Балаларымыз теледидардан не көрсе, соған еліктейді, жақсы мен жаманды да содан үйренеді. Ендеше жас буынның бойында туған тіл, мәдениет пен тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін, сондай-ақ, баланың ой-өрісін дамытуға, ұлттық рухтағы тәрбиесінің бекуіне жол салатын қазақ тіліндегі анимациялық фильмдер көп шығарылу керек. Қазіргі ақпараттық заманда көгілдір экранның күшті насихат құралына айналғанын ескерсек, отандық телеарналарға балаға ұлттық тәрбие беретін қазақ тіліндегі мультфильмдер шығару кезек күттірмес мәселе екенін атап айтқым келеді.Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі тұтады. Халық педагогикасына нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял-ғажайып ертегілері, ой-өрісті дамытатын ойындар, ұлттық тәрбие негіздері жатады. Міне, мұның барлығы адамгершілікке баулиды. Олай болса, тәрбие кілті – халық педагогикасында деуге толық негіз бар. Өйткені халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасы адамгершілікті, қайырымдылықты, мейірбандықты дәріптейді.Баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық сынды адамгершіліктің құнды қасиеттерін сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен мұғалімдер шешуші рөл атқарады. Яғни рухани-адамгершілік тәрбие – екіжақты процесс.Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Ешқандай жоғары білімсіз-ақ дана халқымыз тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін бесіктен бастаған.Әңгімелер, ертегілер баламен қатынасының ең нәтижелі құралы болып табылады. Атақты педагог Ы.Алтынсарин: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады», – деп атап айтқан. Ертегілерде жақсылық пен жамандық, батырлық, жауыздық, қорқы-ныш пен әділетсіздік бар екендігі белгілі. Сондай-ақ, олардың бір-біріне қарсылығы, ең бастысы, небір қиын-қыстау жағдайда қалай жеңіп шығу мүмкіндігі көрсетіледі.Сонымен қатар, балалардың танымдық қабілетін дамытуда ойындардың да атқаратын маңызы зор. Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал тигізетін басты құбылыс. Ойын – баланың бірінші әрекеті. Ол баланың қабылдау, ойлау, қиял, есте сақтау сияқты даму үрдістерінің жетілуіне көмектеседі. Баланың ақыл-ой белсенділігін қалыптастыратын, алған білімдерін тереңдететін де – ойын. Соның ішінде, ұлттық ойындардың орны ерекше. Қазақ халқының ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты, логикалық ойлау қабілетін, ізденімпаздықты дамытады. Сонымен бірге, ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Сондықтан болар, ойын үстінде бала өзін-өзі ұмытып, ортадағы іс-әрекетке ден қойып, өзгелермен еркін ынтымақтасып, бірге еңбек етуге құштар болатындығы байқалады.Ұлттық ойын түрлері мен ауыз әдебиеті үлгілерін сабақта пайдаланудың арқасында жасөспірімнің салт-дәстүрге деген саналы көзқарасы кеңейіп, ана тіліне қызығушылығы мен ықылас-ынтасы артады. «Көкпар», «Алтын сақа», «Бәйге», «Тапқыр болсаң, талас жоқ», «Кім жылдам?» сынды түрлі зияткерлік ойындар бала қиялын дамытып, мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұм-тылуға мүмкіндік береді.М.Жұмабаев: «Жас бала – жас бір шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ», – деген екен. Демек, халық педагогикасына сүйене отырып, баланы патриоттыққа тәрбиелеу, отансүйгіштік пен ұлттық намысын ояту – ең басты мәселелердің бірі. Бәсекеге қабілетті дамыған 50 елдің қатарына қосылу үшін де бұл мәселенің маңызы зор. Ендеше ұрпақ тәрбиесіне бүкіл халық болып жұмылғанымыз жөн. Сонда ғана көтерер жүгіміз жеңілдеп, көкжиегіміз кеңеймек.

«  Жастай берген тәрбие , жас шыбықты игендей»
Тренинг мақсаты: Бала тәрбиесінің  қазығы - алтын ұясы екенін түсіндіру, ата- ана мен бала арасындағы жағдайларды ақылмен шешуге жағдай туғызу, ата - ананың баласына деген сенімін ояту, оқу - тәрбиеге қатысты жауапкершілікті арттыру.
Барысы: 
1. Танысу сәті
          2. Бала –біздің гүліміз. «Бала деген кім?»                    
3. Пікірталас: «Бақытты жанұяның моделі қандай?»                     4. Сергіту : «Қызықты сұрақтар»                     5. Сауалнама: «Сіз қандай анасыз? »  6. Жағдаят шешу: «Егер мен баламнан бақытымды көргім келсе...          
Құрметті ата аналар,ұстаздар! Сіздер бүгінгі «Жастай берген тәрбие жас шыбықты игендей» атты тренингімізге қош келдіңіздер. Ата - аналар мен ұстаздар қауымы үшін , жас ұрпақты тәрбиелеп, білім беріп, қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе Осы мәселеге ата –аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге жұмылсақ, алар  асуымыздың биік болары сөзсіз. Әр ата-ана баласының әдепті,білімді болып өсуін армандайды. Бүгінгі тренингімізде: Қазіргі қоғамда ата - ана баладан не күтеді? Баласын қалай тәрбиелейді? Ата -ананың бақыты неде? Бақытты жанұя қандай болмақ? Міне осы тұрғыдан сөз қозғаймыз.
           1.Танысу сәті: Бала  ата -ананың болашағы, бақыты. Ол оның өмірінің жалғасы.Ата -аналар қолдарынан ұстасып тұрып, әрқайсысы өзінің есімдеріне  бойындағы елеулі  үш қасиетін қосып,  кезекпен айтып шығады.    
            2.Топтық жұмыс: « Бала біздің- гүліміз» Не себепті өз баланызды дұрыс тәрбиеледім немесе тәрбиелей алмай келемін - деп шештіңіз? деген пікірді талдату
             3.  Пікірталас: « Бақытты жанұяның моделі қандай?» Біздің өз ұрпағымыздан күтеріміз мол. Олай болса, біз тәрбиенің алғы шарттары мен оның қандай жетістіктерге жеткізерін нақтылауымыз керек.(Әрқайсысы өз тәжірибесінде кездескен ең үлкен қиындықтардан қалай шыққан немесе үлкен қуанышқа қалай келгенінен үзік сыр айтады.)
           4.Сергіту: «Қызықты сұрақтар» Ата-ананы састыратындай, ол күтпеген тосын сауалдарды қоюды көздейді.   ( ...Сынып жетекшісінің толық аты- жөні? Балаңыздың парталасы кім? . Балаңыздың ең жақын досы кім?  Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер қолданасыз? Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз түседі? Т.с.с.)
          5. Сауалнама: « Сіз қандай ата-анасыз?» (Әртүрлі жағдаяттардан шығудың ұтымды тұстарын көрсету керектігі түсіндіріледі.)  Әр бір бала дара тұлға. Бала тәрбиесінде ата- ана балаға қысым көрсетуден аулақ болып, үлгі болуы керек.
         6. Жағдаят шешу: «Егер мен баламнан бақытымды көргім келсе....»
              Тренинг соңында, барлық кезеңнен әр  қатысушының  қандай өнегемен , өрелі әрекетімен есте қалғаны бағаланып, марапатталады.
Құрметті ата-ана! Еліміздің болашағы сіздің балаңыздың, яғни ұрпағымымыздың қолында. Баланың бақыты отбасындағы тәрбиеге байланысты. Сондықтан да ,Сіздерді балаларыңыз бақытқа кенелтсін десеңіздер,  бала тәрбиелеудегі қателіктерге жол бермеңіздер. Әрбір отбасына көктемгі күннің шуағындай шаттық тілей отырып, «Жастай береген тәрбие жас шыбықты игендей» атты тренингімізді аяқтаймыз.
Ата – анаға сұрақ
1. Балаңыздың туылған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні?
3. Балаңыздың аяғының өлшемі?
4. Балаңыздың парталасы кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер пайдаланасыз?
9. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз түседі?
10. Блаңыздың ең жақын досы кім?