Воспитательский час на тему Білім берген,ой берген,а?ыл берген


Мақсаты:Оқушылар мен мұғалімдер арасында тығыз байланыс қалыптастыру,өзара сыйласымдылығын арттыру,мұғалімді қадірлей білуге,құрметтеуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: бейне материалдар,қанатты сөздер,шарлар т.б. заттар.
Мұғалім: Армысыздар,ардақты ардагер ұстаздар,аяулы әріптестер және қонақтар!
Бүгінгі «Білім берген,ой берген,ақыл берген...» атты ұстаздар мерекесіне арналған ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!
1-Жүргізуші: Биік сенің ұстаздық қасиетің,
Мінезің жоқ қиынға бас иетін.
Өмірге тәрбиелеп құлшындырған
Жадымызға сақталар өсиетің.
Әр жылдың қазан айының алғашқы жексенбісінде келетін төл мерекелеріңіз құтты болып,мерейлеріңіз арта берсін, құрметті ұстаздаp!
2-жүргізүші: Ұстаздарың ұлағатты сөзінен
Өмір бойы таусылмас нәр аламыз
Ұстаздардың мейірімді көзінен
Бізге деген жылылықты табамыз.
Қадірлі ұстаздар! Білікті,білімді,тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеудегі тынымсыз еңбектеріңіздің табысты
болуына тілектеспіз.
4-жүргізуші: Ұстаз. Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар.Ол-ұстаз. Алғаш әліппенің бетін ашып әріп танытқан,өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады.
Ұстаздар мерекесіне арналған алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Б.Қожақанқызына береміз.
Бақтияр: Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышпен жарқын тілек білдіріп,
Құттықтаймыз ұстаздарым баршаңды.
Айым: Жүресіз баршамызды сүйсіндіріп,
Даналықтан қазына жүрсіз жиып
Ұстаздарды жетелеп ұлылыққа,
Тұғырында өмірдің тұрсыз биік.
Қарақат: Ұстаз мейірі,ана мейірі пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар.
Көп жасаңдар өмірге шуақ болып,
Айналайын білім берген ұстаздар!
Нүркен:
Айбар: Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға
Айшолпан: Келесі ән шашуымыз ардагер ұстаздарға арналады.
Гулбек: Ұстаз,ұстаз дейміз,осы сөзді сендер қалай түсінесіңдер Ұстазды кім деуге болады
Нұржан: Көрдім де солардын қызықтым ісіне,
Сан сұрақ оралды , ұстаз да, ісі де.
Ұстаз кім? Ұстаз ба? Ол-ана,
Өмірде сеніде, мені де
Қаққызбай өсірген ешкімге.
Айшолпан: Ұстаз кім? Мұғалім ол дана.
Жасқа да, қартқа да
Қамқоршы сол ғана.
Ұстаз кім? Ұстаз-ол ер дихан,
Шыңдаған ерлікке,дарытқан мол білім, мол сана.
Арнур: Жүрегіміз түпкірінен ән қылып,
Шырқай оған айттық біздер тілекті.
Ұстаз аты биік әрі мәңгілік,
Тербетеді сезім менен жүректі.
Айдана: Ұстазым- екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Оқысын, білім алсын, үйренсін деп
Таңертең күнде құшақ жаяды арман.
Айдана:Қашан көрсең, күнге ұқсаған жанары,
Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі!
Мектеп көрген әдептілер айтпақшы:
Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары!
Рамазан: Орындалып,айталық, бір ойдағы іс,
Отырамыз қуанышта, тойда біз.
Сондай кезде есте болар бір нәрсе:
Мұғалімнен бұрын сөйлеп қоймаңыз!
Фарида:
Жарқын: Қашан көрсең, бұл халықтын шат бәрі,
Қашан көрсең,күліп бара жатқаны
Күлетіні: бақыттылық нышаны.
Байлықтары: шәкірттердің хаттары.
Жанель: Ал мұғалім барса алдыңа дұрысы:
Ұшып тұрып қалбалақтап қол беріп,
Тастай қылып бітіріп бер жұмысын!
Жәния: Кім боласың?
Ұмтылмаңыз жоғары,
Мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі!
Кім болмаңыз, прокурор ма, сотсыз ба,
Тұрыңыздар, келе жатыр мұғалім!
Гүлбек: Менің балғын қиялымды тербеткен,
Құшағымды алыстарға серметкен.
Айта аламын жұрт алдында қысылмай,
О,мұғалім,бір өзіңді ер деп мен.
Нуржігіт: Әр шәкіртке бола білген жанашыр,
Бүгін от боп әр жүректе жанасың.
Сен бергенсің алғашқыда айырып
Жақсылық пен жамандықтың арасын.
Кәусар: Аралатқан ғалымдардың мол бағын,
Әлі есімде сол бір бейнең, сондағы үн.
Көрген сайын жанарыңнан оқимын
Ізгілікпен пен парасаттың жолдарын.
Нуржан: Ал қазір осы мектепте өз ұстаздарымен бірге қызмет атқарған ұстаздарымызды ортаға шақырып, өзімізді толғандырып жүрген сұрақтарымызды қойсақ қайтеді?
(Сұрақ-жауап .Ардагер ұстаздарға сұрақтар қою)
Мына әсем би сіздерге арналады,құрметті ұстаздар!
Айшолпан: Сусындап сіздер берген мол біліммен
Балаға нұсқар әр кез жолды білген.
Рахымды жаудырып кеп ұстаздарға,
Бұл кешті тамамдайық соңғы жырмен.
Хормен: Болса да соңғы жыр, соңғы өлең,
Ұстаз аты мәңгіге шырқар әуен.
Біз қалайша имейік басымызды,
Басын иіп тұрғанда барша әлем!?