По предмету сауат ашу, тема урока Таби?ат?а саяхат. Б дыбысы мен ?рпі. (1 сынып)


Сауат ашу
Күні: 31.01.17.
Сынып: 1 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Табиғатқа саяхат. Б дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Балық-рыба
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут Ертеңгілік шеңбері
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Балалар біз көңіл-күйіміздің әрқашан көтеріңкі болғанын қалаймыз.Көңілімізді ешқашан кірбің, бұлт шалмаса екен деп ойлаймыз. Аспандағы күніміз де әрқашан жарқырап тұрсын. Бірақ күніміздің бетін бұлт шалыпты. Күн көзінен бұлтты сейілту үшін мына бұлттардың артында сұрақтар берілген.Сол сұрақтарға жауап бере отырып күнімізге көмектесейік.
1. Әріп дегеніміз не?
2. Дыбыс нешеге бөлінеді?
3. Әріптің жазба түрі қайда жазылады?
4. Дыбыс дегеніміз не?
Шаттық шебері
Сабақтың ортасы
8 минут
Таныстырылым
1.«Б»дыбысы мен әрпімен таныстыру. «Б» дыбысының дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру
2. сөз басында, ортасында, соңында келу үлгілерін көрсету.
3.Жазба, баспа түрлерімен таныстыру
4. «Айна» ойыны арқылы дыбыс артикуляциясын қою арқылы п дыбысы дауысты, дауыссыз екенін ажырату
«Бақа» сөзіне дыбыстық талдау жасату
Дескриптор:
- Жазба, баспа түрлерін ажырата біледі
-Сөздерге буындық дыбыстық талдау жасайды
Жұмбақтар шешу
1. Ол суда жүреді (балық) 2. Бір көзім: «Кідір!»-дейді Бір көзім: «Жүгір!»-дейді Бір көзім: «Абайла!»-дейді Қарап ал, маңайға!-дейді (бағдаршам)

– Осы: «Балық, Бағдаршам» сөздеріндегі алғашқы дыбыс қандай?– Б дыбысы– Ендеше, бүгін біз «Б» дыбысымен танысамыз.
«Неге айналады?» ойыны - Жұмыртқа неге айналады? (-балапанға)- Дән неге айналады? (-бидай,арпаға)- Көжек неге айналады? (-қоянға)-Уылдырық неге айналады? (-балыққа)
№ 1 Оқылым. Боран неден жасалады?
№2 Берілген сұрақтың жауабын сызбаға қарап болжа. Диалогті рөлге бөліп оқыту.
Дескриптор:
Сұрақтарға жауап береді
Диалогті рөлге бөліп оқиды.
«Ой сергек»
Бота,бұзау,балапан,Бақ ішінде ойнап жүр.Бұлақ жақта бақа көпБақ-бақ қуып мойнақ жүр.Осы өлеңнен Б әрпі бар сөздерді тауып, буынға бөлгізу Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті
1 минут Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)
Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)
Көктен төмен  әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды) Сергіту сәтіне арналған жинақ
Аяқталуы
16 минут
Қызықты тапсырма
8 минут
Сурет бойынша сұрақтар құрастыру.

Дескриптор:
Сұрақтарға құрастыру оған жауап береді
суретке сүйеніп, оқиғаның соңын болжайды;
өз ойын жүйелі жеткізеді.
Жазылым (МК; Ө; Қ) Дәптермен жұмыс
Б әрпін жазуға үйрету.1.Тақтаға әріптің басталуы, жазылу бағытын көрсету.2.Әріпті ауаға жазу арқылы қолдарын жаттықтыру.3.1,2,3 оқушыны тақтаға шығарып Б әрпін жазғызу.4.Жазу дәптердегі үзік сызықтарымен берілген Б.б әрпін жазу.5.Б әрпін өз бетімен жазуға үйрету.
Дескриптор:
Әріптермен мен сөздерді қатесіз көркем жазады
Бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданады
«Әріп және сөз» ойыны.а) жоғалған әріп:Там…қ, бақш…, Арм…н, бат…, б…р.ә) Шашылған әріп, сөз құрастыру:1) б,а,т,л,а (балта)

Оқулық, дәптерлер.
Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.
Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.