Тема: О о дыбысы мен ?рпі


Пәні: Сауат ашуСабақтың тақырыбы: О дыбысы мен әрпіМақсаты: 1) О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап табу, сөйлем құрап айтуға үйрету.2) Балалардың сөздік қорларын молайту, ойлау қабілетін, дүниетанымын кеңейту, тілін дамыту.3) Ұқыптылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, ойын.Көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, сызбалар, әліппе дәптері.Пәнаралық байланысы: тіл дамыту, айналамен таныстыру.Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру.Жыл мезгілі, ай аты, апта күні.ІІ. Өткенді қайталау.1-слайд.а) Сұрақ-жауап:- Дыбыс деген не?- Дыбыстар нешеге бөлінеді?- Әріп деп нені айтамыз- Әріптерді не істейміз?
-Дауысты дыбыс түрлері ?2-слайд.ә) Ойын «Қай дыбыстан басталады?»Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып, тиісті әріпке сызық арқылы қос.Алмұрт – А, шар – Ш, піл – П, радио – Р, нан – Н, уық – У, лақ – Л, тарақ – Т, ғарышкер – Ғ Парта-п , қалам-қІІІ. Жаңа сабақ. 3-слайд.а) Тақтаға «Бауырсақ» ертегісінің суреті ілінеді. Кейіпкерлерін атайды. Бұлар нелер? - Жабайы аңдар.- Олар қайда өмір сүреді?- Орманда.- «Орман» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?- О дыбысынан.- Ендеше бүгін біз О дыбысымен танысамыз.Дыбысты айтып көріп дауысты дыбыс екенін анықтайды. Ешқандай кедергісіз еркін айтылады, созып айта аламыз.ә) - Енді ертегіге қайта оралайық. Бауырсақты түлкіге жебізбеу үшін жабайы аңдардың тапсырмасын орындайық. Сол арқылы о дыбысымен танысатын боламыз.4-слайд.1. Қоянның тапсырмасы.« Не артық?» ойыны. Суретте заттардың ішінде не артық, қалғанын бір сөзбен қалай атауға болады?- Алма артық, қалғаны ойыншықтар.- Ойыншық сөзі о дыбысынан басталады.5-слайд.Әріп таңбасымен таныстыру. Неге ұқсас?- Дөңгелекке, допқа, тоқашқа.6-слайд.2. Қасқырдың тапсырмасы.«Орнын тап» ойыны. О дыбысының орнын табу. Сөздің басында, ортасында, кейбір басқа тілден енген сөздерде сөздің соңында кездеседі.Орамал, ою, отырғыш – сөз басында;Доп, моншақ, домбыра – сөз ортасында;Пальто, кресло - сөз соңында.Сөздерді буынға бөлу.7-слайд.3. Аюдың тапсырмасы.Дәптермен жұмыс: о әрпін жазу.а) ауада жазып қол жаттықтыру;ә) екі жолға баспа әрпін толтырып жазу.Сергіту сәті:Ормандағы аюдың,Құлпынайы көп екенТеріп-теріп алайық,Қалтамызға салайық.8-слайд.4. Түлкінің тапсырмасы.ОТАН, ТОҒАЙ, ТОН сөздеріне дыбыстық талдау жасау.- Отанымыз қалай аталады?- Отан туралы қандай тақпақ білесіңдер?5. Бауырсақ пен бірге мына буындарды оқиық:9-слайд.О-й ой ой т-ой той тойО-р ор ор т-ор тор торО-л ол ол т-ол тол толОй-на ойна ойна Ай-на Ай-наБауырсақ атасы мен әжесіне қайтып келіп, олар өте қатты қуанып жатыр. Сендерге риза болып алғыстарын білдіруде.10-слайд«Кім зерек?» ойыны.Дауысты дыбыстарды қызыл түсті үйге, дауыссыз дыбыстарды көк түсті үйге сызық арқылы қос.
Жұмбақ жасыру Оюда бармын
Допта бармын
Түнде жоқпын
Мен сонда қандай дыбыспын?ІV. Қорытынды. Өлеңді талдау.
Отанды әркім анасындай
Қастерлейді қолдайды
Өйткені Отан баласындай
Бізді асырап қорғайды.
Мадақтау.