Урок тема: Сс дыбысы мен ?рпі


Сабақтың тақырыбы: Сс дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Сс дыбысы мен әрібінің емлесімен, сөз ішінде
орналасқан орнымен, дыбысталуымен таныстыра отырып
буын, сөз,сөйлем туралы толық білім беру
Дамытушылық : Әріптен сөз,сөзден сөйлем құрата отырып
сөздік қорын, тіл байлығын, жазу дағдысын, ой-өрісін дамыту
Тәрбиелік: Көркем де сауатты жазуға,ұқыптылыққа,
ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Көрнекіліктер: Сс дыбысының баспа,жазба түрі, тақырыпқа байланысты сюжетті
суреттер, күнбағыс макеті, ойын тапсырмалары
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету, ізденушілік
Сабақтың түрі:ұжымдық
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі. Дм: Оқушыларды сабаққа даярлау
Дс1: Оқушылармен амандасу, түгендеу
Дс2: Сабаққа дайындығын тексеру
Дс3: Тәлім сәті
Қайырлы күн, біз көңілді баламыз
Қайырлы күн, сәлемдесіп аламыз
Мақсатымыз білім алу
Міндетіміз еңбектену
Еңбектену арқылы
«5»ке қолды жеткізу
Дс4: Жұмбақ жасыру
Сыртылдайды күнімен, сыртылдайды түнімен
Білгің келсе уақытты, көрсетеді тілімен
Бұл не? (Сағат)
-Сағаттың ішінде нелер бар? (сандар)
-Ендеше біз бүгін сандар еліне саяхатқа шығамыз. Алдымен біз 0 санының жұмбақтарын шешіп көрейік
1.Жұрттың сөзі жөн екен, тоғыз қабат тон екен.
Тонын түгел сыпырсаң, ішінде түк жоқ екен (сарымсақ)
2.Атан түйе тұралап, жатып ұйықтап қалған ба?
Бір-ақ уыс құмалақ, шықты қарнын жарғанда (асқабақ)
3.Ін астында тығылып, жатқан қызыл т үлкінің
Құйрығынан суырып, алды әжем бір күні (сәбіз)
4.Қояды екен әр шаруа, қазығына құт байлап
Қанша құйып алсаң да,сарқылмайды сүт қаймақ (сиыр)
5.Күнге қарап сәнденіп, бақшада тұр сары бөрік
Шекілдегін қуырсаң, сорғалайды май болып (күнбағыс)
-Балалар қараңдаршы қандай өсімдік пайда болды? (күнбағыс)
-Күнбағыста не жасырынып қалыпты? (Әріп)

ІҮ.Мақсат қою кезеңі. Дм: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау
Дс1:Мұғалімнің сөзі
Бүгінгі сабақта «Сс» дыбысы мен әріпімен танысамыз.
Ү.Жаңа сабақ . Дм:Жаңа тақырып бойынша білім беру. «Сс» дыбысын меңгерту
Дс1: Мұғалімнің түсіндірмесі
«Сс» дыбысын дыбыстап көрейік.
Қандай дыбыс екен? Неліктен дауыссыз дыбыс деп ойлаймыз?
-Дұрыс айтылғанда созылуға келмейтін дыбысты дауыссыз дыбыс дейміз.
Суретпен жұмыс
Тақтада ілінген «суыр, сәбіз,сарымсақ,сазан т.б.»суреттер бойынша буындық талдау жасату
1 санының тапсырмасы: Ойын «Сөз ойла,тез ойла»
-Балалар, 1 саны сендермен ойын ойнағысы келеді.Тез әрі жылдам түрде Сс дыбысына байланысты сөз айтып, буындық талдау жасап, сөйлем құрайық.
-Жарайсыңдар.Білімдеріңді көрсете білдіңдер
2санының тапсырмасы: Жұмбақ шешу
Қабат –қабат қаптама, ақылың болса аттама. Бұл не? (кітап)
Оқулықпен жұмыс
-Ендеше, оқулығымыздың 64бетін ашып, бағандағы сөздерді менен кейін хормен,сосын тізбектеп оқиық
Сөздерді хормен және тізбектетіп оқыту.Мағынасын түсіндіріп өту.
Сергіту сәті. «Сұр қоян» өлеңі бойынша сергіту жаттығуын жасату
Дс2: Оқушының өзбетінше іс-әрекеті
Дәптермен жұмыс
Парта саған төсек емес жатуға,
Түзу ұста,тік отыр сен партада.
Бойды түзе,көтер басты жоғары
Сымбаттылық болсын сенің бойында
-Қанеки, дәптерімізді ашып Сс дыбысын көркем етіп жазайық.Ауада жазғызып жаттықтыру
ҮІ. Жаңа білімді бекіту кезеңі. Дм: Алған білімдерін тексеру
Дс: Буыннан сөз құрау
3 санының тапсырмасы: Буыннан сөз құрау
-Балалар, нені көріп тұрмыз? (сандық)
-Сандықтың сыртында қай сан тұр? (3 саны)
-Бұл жәй ғана сандық емес.Бұл 3 санының «Адасқан буындар» сандығы. 3саны бізге келе жатып буындарын шатастырып алыпты.Қанеки көмектесіп жіберейік
Са-нат, са-бақ, ма-сақ, ма-са-лар, са-ға-тар, сау-сақ, Са-ра, ас-пан, А-сан
Буындарды оқыта отырып буын, дыбыс санын анықтату, дыбыстық талдау жасату
-Балалар, сөздеріңнің ішінде кейбір сөздер бас әріппен жазылыпты.Себебін кім түсіндіреді?
ҮІІ.Бекіту кезеңі. Дм: Жалпы білімін бекіту
Дс: сұраққа жауап алу
4 санының тапсырмасы
-4 саны сендермен бірге сәбіз, саңырауқұлақ тергісі келеді.Теріп себетке салу керекпіз.Ол үшін сұрақтарға жауап беруіміз керек
1.Әріп пен дыбыс деген не?
2.Дыбыстың түрлерін ата
3.Дауысты, дауыссыз дыбыс деген не?
4. А,О қандай дыбыс?
6. Т,П,Н қандай дыбыс
7.У қандай дыбыс
8.Қандай сөздер бас әріппен жазылады?
9. Бүгін қандай дыбыспен таныстың. Ол қандай дыбыс?
10. «Сс» дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
-Жарайсыңдар. Себетті толтырдық.Ешқандай көкөніс қалмады
ҮІІІ. Қорыту кезеңі .Дм: Сабақты қорыту
Дс1:Білімін саралау
-Мінеки 5 санына да келіп жеттік. Біздің мақсатымыз не еді? (5-ке қолды жеткізу)
Дс2: Мадақтау
-Ендеше 5-ке қолы жеткен оқушылардың жинаған көкөніс пен жемістері арқылы жұлдызшамен бағалайын.
Дс3: Рефлекция
-Бүгінгі сабақ ұнады ма?
-Несімен ұнады?
-Сабақ ұнаса қолдарыңдағы күлегешті (смайлик) көрсетіңдер
«Сс дыбысы мен әрпі» ашық сабақ
1ә сынып