Разработка сценария к Новому году для подготовительной группы детсада


Кош келдің, Жана жыл.
(Мектеп даярлау тобы)
Балалар көңілді әуенмен залға кіреді.
Жүргізуші:
Жана жылың құтты болсын ағайын,
Қой жылы сүйіншілеп келіп тұр.
Құт әкелсін әрбір атқан жарқын күн,
Жолы болсын ару қыз бен мәрт ұлдың.
Қой жылы өрісіміз кеңейіп,
Берекесі арта берсін халқымның!
1 бала: Қызық думан күн келді.
Жасыл шырша түрленді
Аяз сүйіп терледі.
Үйге кірді, төрледі.
Сылдырлайды моншағы,
Шыршамыздын мол шамы.
2 бала: Боранмен буып белді.
Жаңа жылым тағы келді.
Берекесін ала келсін,
Нұрға бөлеп біздің елді.
3 бала: Келді тағы Жаңа жыл.
Қуантумен біздерді.
Құтты болсын қуаныш.
Құттықтаймыз сіздерді.
4 бала: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Таңырқанып тұрмаңыздар.
Сәнді шырша шақырады.
Шырша жырын жырлаңыздар.
Ән «Жана жыл»
1 бала: Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Жаңа жылда ертегі
Келеме біздің бақшаға.
2 бала: Даламызға, каламызға
Жаңа жыл кіріп келеді
Қартыңызға, балаңызға
Жалынды сәлем береді.
3 бала: Не ойласаң жаңа жылда
Орындалады бар арман.
Жаңа жылды сондықтан
Күтеді барлық балақан.
Әуенмен ортаға Пері кіреді.
Пері (Фея) (жүргізуші): Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен сендердің ертегіні күтіп отырғандарыңды естідім. Өзімнің сүйікті ертегімді ала келдім. Сонымен, мұқият тындаңдар:
Бір қалашықта Кай деген кіп-кішкентай ұл (ұл жүгіріп кіреді), Герда деген қыз (қыз бала қасына келеді) тұрыпты. Олар сүйікті әжесімен бірге өмір сүріпті. Бір күні оларды әжелері жаңа жылды тойлауға арналған шыршаға жібереді.
Герда: Кай, Қыс ханшайымы балалардың мерекесіне келе ме?
Кай: Келіп көрсін, мен оны пештін үстіне отырғызайын. Ол еріп кетеді! (Күледі)
Каймен Герданыц қасына екі бала келеді.
1.......................: Ал балалар тұрмайық,
Кай мен Герданы шақырайық.
Ән салайық, қол соғайық,
Жаңа жылды қарсы алайық!
2........................: Жасыл шырша жанында
Көңілімізді көтеріп
Ән салуға, би билеуге,
Біз дайынбыз қашанда!
Ән «Жаңа жыл»
Балалар орындарына отырады. Ортаға Қар ханшайымы шығады.
Қар ханшайымы: Сен ба мені пештің үстіне отырғызам деген. Кәне жүр менімен бірге! Көрсетейін мен саған! (Каидың қолынан ұстап алып кетеді) Герда: Кай, Кай! Қар ханшайымы Кайды алып кетті, енді не істеймін?
Жылап қалады
Герданын алдынан Пері шығады.
Пері: Жылама, Герда. Кайды іздеуге біз саған көмектесеміз. Менің цыған қыздарым би билеп Герданың көңілін көтерейік.
Би «Цыған биі»
Ортаға Қар ханшайымы келеді.
Қар ханшайымы: Балалардың көңілді болғандарын мен ұнатпаймын! Бул не ән, не күлкі?! Мен сендерге көрсетемін!
Жүргізуші: Біздің балалар сенен қорықпайды. Солай ғой балалар?
Бала: Біз сенен қорықпаймыз!
Суықтанда қорықпаймыз!
Өйткені біз көңілдіміз,
Қар атысып ойнаймыз.
Балалар орындықтарының астынан қарларды алып атысады.
Ойын «Қар атысу»
Қар ханшайымы: Солай ма! Жарайды! Күлесіңдер, ендеше қорғаныңдар Менің сенімді көмекшілерім кайдасыңдар, қарақшылар, шығып мына балаларды қатыруға көмектесіңдер.
Би «Қарақшылар»
Мұз ханшайымы: Ха-ха-ха! Жарайсыңдар көмекшілерім! Міне сендерге, балаларыңызды катырып тастадым.
Күліп кетеді
Балалар козғалмай катып калғандай болып калады.
Жүргізуші: Мынау Мұз ханшайымы не істеді? Балаларымыз мұз болып катып калды ғой. Енді не істедік? Ата-аналар сіздер ғана көмектесе аласыздар. Сиқырды шешіңіздер. Ең кымбатты, сүйкімді, балаларыңыздың аттарын каттырак айтыңыздар.
Ата-аналар балаларын шақырады, балалар бастарын көтеріп қозғала бастайды. Қар ханшайымы келіп балаларды қатырғысы келеді.
Пері: Кәне, кет мына жерден! Біз кәзір Аяз Атаны шақырамыз. Саған жаман болады.
Қар ханшайымы: Оны әлі көреміз кімге жаман болатынын! Аяз Ата келгенде де Герда Кайды таба алмайды!
Пері: Аяз Ата сені пештін үстіне отырғызады, сен еріп кетесін!
Қар ханшайымы: Пештін үстіне дейсіндер ме? Аяз Аталарың өзі еріп кеттпей ме? Ха-ха-ха! (Басқа жаққа қарап) Мүмкін шынымен пештің үстіне отырғызар. (Балаларға қарап) Жарайды. Менің сендермен отырып сөйлесуге уақытым жоқ. Мен кеттім. Ал Гердаға бәрібір көмектесе алмайсыңдар Ха-ха-ха! Кетеді
Ортаға Герда шығады.
Герда: Қандай ұзақ жол. Шаршадым. Шыршаның касына келіп жатып аладыАйқайлаған дауыстар шығады.
1 Пират: Мынаны қара.
2 Пират: Бұл қыз ғой.
3 Пират: Оны тұтқынға алайық.
1 Пират: Сен кімсің өзің? Қайда бара жатырсын?
Герда: Мен Кайды іздеп жүрмін. Оны Қар ханшайымы алып кетті. Мен оны қайдан табамын? Мүмкін сендер маған көмектесесіндер?
Пират: Жоқ. Біз Қар ханшайымы қайда екенін білмейміз. Бірақ пингвиндер білетін шығар олар оңтүстік полюста тұрады ғой. Солардан сұра. Кетеді
Ортаға пингвиндер шығады.
Герда: Құрметті пингвиндер. Мүмкін сендер білесіңдер. Қар ханшайымы қайда тұрады екен.
1 пингвин: Жоқ біз білмейміз.
2 пингвин: Саған тек Ақшақар көмектесе алады.
Герда:Балалар, пингвиндерге арнап «Қыс қызығы» әнімізді айтып берейік.
Ән «Қыс қызығы»
Пингвин: Рахмет,балалар! Біз онтүстік полюска баруіміз керек, сау болыңдар! Пингвиндер кетеді
Пері: Кәне, балалар, Гердаға көмектесейік. Ақшақарды шақырайық.
Балалар: Ақшақар! Ақшақар!
Ақшақар: Сүйсіндірер маңдайды,
Ақшақармын арайлы.
Жалт-жұлт еткен жүзімнен,
Күміс сәуле тарайды.
Сәлеметсің бе, Герда. Сен неге жылал тұрсың?
Герда: Қалай жыламайын. Мен інімді іздеп жүрмін. Оны Қар ханшайымы алып кетті. Сен маған көмектесші.
Ақшақар: Жылама, Герда. Менің бір сикырлы айнам бар. Соған қарап Кайдың кайда екенін көрейік. Кәне, сиқырлы айна, бізге көмектесші. Кай қайда екенін керсетші. Міне Қар ханшайымы шанамен келе жатыр. Тығылып калайық.
Шыршаның артына кетедіЗалға Қар ханшайымы Каймен кіреді. Қар ханшайымы таққа отырады. Кай қасында ойнап отырады.
Кай: Мына жер қалай тып-тыныш.
Қар ханшайымы: Шудан тыныштык жақсы емес пе.
Кай: Бүгін барлык жерде Жаңа жыл ғой.
Қар ханшайымы: Бізге ешкім керек емес!
Кай: Достарымсыз маған көңілсіз. Мен ән айтып би билеуді ұнатамын.
Қар ханшайымы: Ұнатсаң айтып беріңдер.
Ән «Шырша жыры»
Қар ханшанымы: Маған мындай көңілді әндер ұнамайды.
Осы кезде Герда кіреді.
Герда: Кай сен мені таныдың ба?
Кай: Ия таныдым. Бірақ айқайлама, менің мазамды алмашы.
Қар ханшайымы: Енді ол көңілді болуды ұнатпайды.
Герда: Өтірік! (Аяғымен тарсылдатады) Ол бізді ұмытқан жоқ! Біздің әндерімізді, билерімізді.
Пері: Мүмкін, балалар, сендер бәрің қосылып би билесеңдер Кайдың сиқыры кететін шығар.
Қар ханшанымы: Басым, басым ауырып кетті ғой. Оның бәрі сендердің кесірлеріңнен.
Кай: Герда, достар, сендер маған көмектестіңдер. Рахмет сендерге.
Қар ханшайымы: Бәрібір сендердің мерекелеріңе мен кедергі жасаймын! Пері: Достар, кәне тезірек Аяз Атаны шақырайық.
Балалар: Аяз Ата! - 3 рет.
Ортаға Аяз Ата кіреді.
Аяз Ата:
Амансың ба, ұлдарым?
Амансың ба, қыздарым?
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан,
Асау жер мен алысқан,
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Мында не болып жатыр?
Ақшақар: Кар ханшайымы біздің мерекемізді бұзбакшы. Сикырлы таяғыңды алып Қар ханшайымын ерітіп жіберші!
Аяз Ата: Кәзір мен оған катты жел үрлеп пештін үстіне отырғызып жіберейін. Қайда менің аққалаларым мен ұлпақарларым.Кәне маған көмектесіңдер.
Үрлейді. Боранның даусы шығады. Қар ханшайымы айналып ұшып кетеді
Қар ханшайымы: (Ширманың артынан дауысы шығады) Еріп бара жатырмын! А-а-а!
Аяз Ата: Қар ханшайымынан құтылдық. Ал енді мерекемізді жалғастырайық Кәне шенбер құрып тұрайық. Шыршаның шырағын жағайык. Ол үшін сикырлы сөздер айту керек.
Балалар: Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!
Шыршаның шамдары жанады.|
Пері: Кәне балалар Аяз Атаны ортаға алып оған әндерімізді айтып берейік.
Ән «Шырша жыры»
(Кәне, достар тұрмайық)
Әннен кейін балалар шеңбер құрып тұрады. Аяз Атаны жібермейді.
Балалар: Қалып койдың шеңберде,
Кетпейсің енді ешқайда.
Шығармаймыз біз сізді,
Ойнағымыз келеді.
Аяз Ата: Мен тышқан болып өтемін, (отырып шеңберден шыққысы келеді)
Ұшақ болып ұшамын. (тұрып шеңберден шыққысы келеді)
Су болып ағамын, (толқындап шеңберден шыққысы келеді)
Құс болып ұшамын. (қанат қағып шеңберден шыққысы келеді)
Балалар жібермейді
Балалар, мені босатындаршы! Не қалайсыңдар соны орындаймын.
Балалар: Биле!
Аяз атаның биі.
Аяз Ата: Шаршадым. Мен жас емеспін сендер сияқты. Тез шаршап қаламын. Жүргізуші: Олай болса, Аяз Ата біздің балалардың өнерлерін тамашала.
Отырып деміңді ал.
Балалардың тақпақтары.
Жүргізуші: Аяз Ата, сен балаларға сыйлық әкелуге ұмытып кеткен жоқсын ба?
Аяз Ата: Әрине ұмытқан жоқпын. Кәне, кызым, менің қабым қайда екен?
Ақшақар шыршаның артынан қапты әкеледі.
Ақшақар: Аяз Ата, мынау қапты айтасың ба?
Аяз Ата: Ия, дәл өзі. (Қаптың ішінен сыйлықтарды алып шығады)
Құтты болсын, балалар.
Келген Жаңа жылдарың.
Алаңдамай өсіңдер.
Еркелеп ұл-қыздарым!
Ал енді маған кететін кез келді. Келесі жылы кездескенше сау болыңдар!
Аяз Ата мен Ақшақар кетеді.
Жүргізуші: Не ойласаң Жаңа жылда,
Орындалар бар арман.
Жаңа жылды сондықтан да,
Күтеді екен бар адам-дей отырып, Жаңа жылда бар Армандарыңыз орындала берсін.
Осымен мерекеміз аяқталды, сау болыңыздар!